Ақын шығармаларында жастық шақтың ерекшеліктері «сөзімді ыстық жүрек», дүние мен үшін жаралған», «қайғы алған жоқ жүректің бір бұрышын» т.б. осындай сөз тіркестерімен сипатталып отырады. Сұлтанмахмұттың жігіттік кезеңге байланысты айтатын ойының түйіні, жастық шақ қиыны мен қызығы мәңгі таусылмайтын, адам бақытын іздеуге таптырмайтын өте қолайлы кезең, сондықтан да шамаң келгенше осы кезде құлашыңды сермеп бақ. Өмірдегі орның қандай, нені таңдауың керек – гәптің үлкені осында. Байлық, әкімдік, атаң, махаббат адам бақытына қандай қатысы бар? Ақын осылардың барлығына шолу жасай келіп, шын бақыт білімде, әділдікте, адал еңбек деп өз ойын адам бағындырудың асылы еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек деп дұрыс қорытынды жасайды. Ақын жастық шақта адамның ақыл-ойы интеллектісі өте алғыр, дүниені танып – білуге құмарлығы күшті, сондықтан да осы кезде оқуға, білім алуға ерекше ұмтылу қажет дейді. Бұған ата-ана, ағайын-туыстың жақсы ақыл кеңесі ауадай қажет. Білім алу, бәрінен бұрын адамның һөзіне байланысты. Ол үшін үлкен ерік-жігер, ұғарлық зейін, зор үміт, тауай талап, шын ықылас, ұғымталдық, зеректік т.б. аса қажетті шарттар «оқу инемен құдық қазғандай», ол еріккеннің ермегі емес дейтін тұжырымды мына төмендегі шумақтардан жақсы аңғаруға болады.
«Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,
Өмір бойы оқысаң бір таусылмас
Қиындығы қинайды жанға батқан,
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар
Бас иер талай мырза кеуде қаққан
Оқу малды таңдамас, зейін таңдар…
Молда атанған жақсы ғой, оқу болса
Баста зейін, кеудеде тоқу болса…»
Адамның көңіл-күй ерекшеліктері, сезім-эмоция секілді жан қуаттары да Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында біршама сөз болған. Ақын басқа жан құбылыстары сияқты адамның сан алуан сезімдерін (қуаныш, қайғы-қасірет, реніш) сыртқы ортаның, яғни белгілі себептердің нәтижесінде туып отырады дейді. Адам сезіміне әсер етпейтін нәрсе жоқ. Оған табиғат құбылыстары да, адамның суық, не жылы сөздері де, денсаулық жағдайы да, тұрмыс-күйі де үнемі әсер етеді. Сезім адам организмінде — бет пішінінде , көз жанарында , қас- қабағында тағы басқа әр түрлі қимыл — қозғалыстар тұрады , ол жүрек жұмысын да байланысты дейді .
Сезім сыртқа шықпас түсі бар ма Оны жасырар адамның күші бар ма Біреу күй , біреу пішін , біреу сөзбен.
Көрсетпейтін жүректің іші бар ма? Сұлтанмахмұт адамның ең жоғарғы сезімдерінің , яғни эстетикалық, адамгершілік сезімдерінің табиғатына ерекше көңіл бөледі, бұлардың қалай пайда болдып, қалыптасып отырғандығын сөз етеді. Мәселен, оның айтуынша « жақсы ән мен тәтті күй»,Яғни жақсы музыкалық әуен адам құлағының құрышын қандырып қана қоймай, оның сұлулық, әсемдік сезімдерінің қалыптасуына да ерекшк әсер етеді. «Халықтың арғы – бергісін қозғап, естеріне түсіріп мұң- мұқтаждарын зарлап , кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болас да жібімеген еркіне қоймайды .Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. әркімнің көңіл көздерінен, жастары моншақтап, бойлары балқығандай шартпа-шұрт қол шапалақтасып тарқайды»- деп жазды ақын. «Өлең хәм айтушылар» деген мақаласында:
Ол ләхи ант етемін, ала атымен
Орыс тілін білемін хәм хатымен
История, география пәнді білмей
Оллахи, тірі болып жүрмеспін мен
Келгенше осыларды отыз жасқа
Іншәлла бәрін түгел ұғамын басқа
Отыз жасқа келгенше ұғалмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа!
Сұлтанмахмұттың ақындық, азаматтық жаңа бағдарламасы ретінде ұсынған осы сөзінен лапылдап тұрған ақындық мінездің қайсарлық пен табандылыққа ұласуын көреміз.
Ешбір кедергіге мойын ұсынбай «Ілім, білім жинап» халыққа қызмет ету, жұлдыз болып емес «толған айдай балқып, туып» елікке жарық болу, сөйтіп, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болу» «мұздаған елдің жүрегін жылытуға кіру» — Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар. Сол ғана айта алған, сол ғана армандаған тың жол, тың мақсат! Осы арқылы ол лирикалық кейіпкері бойына дәуірдің рухын дарытты.
Сұлтанмахмұт шығармасында ескіні сыңау айрықша бір өткір түрге көшеді. Ол қазақ ішіндегі ұнамсыздық, келеңсіз мінездерімен кеттесе, оларды ызалана шенеп,мінейді. Заманына, заман адамына, қазақ қауымының сол тұтастығы өкілдеріне деген ащы сөз «Сымбатты, сұлу», «Жарлау», «Бұлар кім? » сияқты өлеңдерде анық бой көрсетеді. «Жалауда» ақын қазақтың сол кездегі бас көтерер азамттарына, ұлы-қызына, ақсақалдарына жар сала отырып, олардың өнер, білімге ең жарарлығын, дау-жанжалға құмарлығын бетіне басады. Қазақ қызының тағдырына аяушылық білдіріп, мал құмар, қыз құмар шалдарды
тіршілігінің, ұғым-нанымын трең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреттекен, тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың кер тартпа жақтарын әшкерлейді. Сол негізінде феодалдық-париархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Ақынның суретінде Қамар — өз заманының озық қызы, сұлу, ақылды, ақын, аздап болса да оқығаны бар. Соны сүймеген адамына байлап, беріп, оның жан ауруын түсінбей басқа балгерге емдетіп, төбесін тестіріп, қолдан өлтірген – сол дәуірдің қоғамдық тәртібі. Ақын оларғы лағынет айтады, кектенеді, ызаланады. Тәртәпте, оны жақтаушы адамдарда өзгеруі керек. «Жалғыз-ақ жаны ашитын жастар» (Қамардағы өлердігі сөзінен) қалуға тиіс. Болашақ қоғам иесі солар, Сұлтанмахмұт ызасын тудыратын ескі тәртіптің жасауылдары – ел басшылары, үстем тап өкілдері, дін адамдары соларға қоса надан халықты билеген ескі салт-сана, ұғым (Қамарды Нұрымның алуын «қызықтап» жүрген «бишараның бақыты бар екен, Ахметке барса несін беріп қаратар еді» деп Нұрымның байлығына қошемет айтушы топтар). Ақынның олардың бәрімен кетісіп, іргесін ашысып, тұрғаны танылады.
Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толағынысын тереңдете ашуға арналады. Мұна ол қазақ қоғамы ойларын ел тағдырын, ұстап тұрған беделді, белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық болыстық қызметі де, халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық зомбылықты, қара күшті жатап, өзі тектес әдремен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті шығыға (Әнуар бейнесі) күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып отырған ауыртпалықты жиынтық бейнесіне (Әжібайшылдық) көтереді. Әжібайшылдықты тудырып отырған да – қазақтың ескі тәрбиесі, ортасы, тәртібі. Ол есейіп алып, сол тәртіпті қорғаушыға айналады. Оның айналасы – рулық дау жанжал, таптық тартыс, жылаған әйелдер жаңалықты қабылдамайтын меңіреу, мылқау топ. Жазушы Әжібайшылдықтың әлеуметтік тегін іздейді, осыларға «Кім жазықты?» деген сұрау қояды.
Сұлтанмахмұттың Алашордаға тілексеттігін, олардың жолын құаттап еңбектер жазуын кездейсоқ дүние деп қарауға болмайды. Оны ақынның сол кездің маңызды саяси қоғамдық мәселелеріне, ел өміріндегі жаңалықтарға сергектікпен үн қосуы ретінде қарау орынды. Ақынға ең алдымен, қазақ оқығандарының патшаның қалауын пайдаланып, қазақтың автономиясын құру жөніндегі идеясы ұнайды. Отаршылдықтан езілген дербес отау тігуі ол заманда бүкіл қазақтың арман-тілегі болатын. Ойы бар, намысы бар ұлт өкілінің оны қолдамауының өі мүмкін емес-ті.
сиыса алмай, одан бөлініп шығып тұрған кейіпкерді танимыз, бірақ ол барар жолын білмейді, тек «мақсатым – оқу, оқу көңіліме алған» дейді. Ал, оқу қайда апарады, ол да түсініксіз. Дегенмен заман, дәуір өзгерістері кейіпкер көңіліне демеу, ол соған қосылуға ұмтылады.
«Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып, шақырып тұр, мінеки кеттім сонда» дейді. Бұл поэмада да Сұлтанмахмұт өз заманымен сияса алмай, алдан жаңа өмір күткенінің белгісі.
Жаңа өмірді, өзі әділдік деп аңсаған социализм дәуірі туғанын Сұлтанмахмұт шығармаларына азық ете алмады. Бірақ ол елінің Колчак тәртібінен босап, кеңес өкіметін жақтап шыққанын көрді. Ауруына қарамай, Павлодарға барып Қызыл Армияны құттықтады. Уездік революциялық комитеттің төоағасы Г.Жигаревқа жолығып, Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы болып барды. Онда екі үш айдай жұмыс істеп, ауылдағы қоғамдық әділетсіздікті реттеуге, қазақ кедейінің құқын қорғауға қатысты. Алайда ұзаққа созылған ауруы меңдеп жатып қалады да, 1920 жылдың 21 мамырында қайтыс болады. «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай барамын»,- деп ақынның өкініш білдіруі де осыдан.
ХХI ғасырдың екінші жартысындаөмір сүрген қазақ ағартушылары сияқты Сұлтанмахмұт та адам тағдыры жайлы, оның қоғамдағы орны мен арман, мүдде-мақсаты туралы көп ойлап, терең толғанады. Ол – адамның ерік-жігер қасиеттері туралы да сындарлы пікір айтқан ақын. Оның шығармаларының кейіпкерлері қажыр-қайратқа толы, әрқашанда күреске әзір, ылғи да іс әрекет үстінде, көздеген мақсатына жету жолында тынбастан қимылдап тіршіліктің тиімді жолдарын іздейді, бұларда түбінде жеңіске жетеміз деген сенім баршылық:
Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма жүрер менің қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем…
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Тарығып болымсызға жасу деген.
Бұл жерде ол белсенділік, қажыр-қайрат, төзімділік, шыдамдылық, өзін-өзі билеу, батылдық, қауіп-қатерден жасқанбай қиыншылыққа мойымау тағы басқа да адамның тамаша ерік-жігер қасиеттері жайлы толғайды.
Қайрат-жігер ерекше күшті, мінезі темірдей берік адам ғана көздеген мақсатына жете алады. Ақын жастарға: жігерлі бол, ешбір жасыма, жасқанба, қылышпен шапса да, найза сұқса да бейнеттің сан алуан түріне төзе біл, ылғи да таудай талабың болсын («талпыну бар, талап бар, бүйткен адам оңады»), келешектен күдеріңді үзбе, ылғи да талпынып күресе бер, өмір деген толған күрес, тәуекелге бел байла да күреске түс, оны жеңбей қойма («тәуікел күреске түс, бардағы жең»), босқа ынжық болма, жалғыз ғана оқумен теңелмейсің, алты ауыз
айыптайды. «Бұл кім?» өлеңдерінде қазақтың бұрынғы ер түректің азып-тозып күлкі болған жұрағаты деп қарайды да «Үсті басы мұнар жапқан», қарнынан басқаны ойламайтын, малға арын сатқан «өзі жатып құдайды жұмсайтын» жалқау, бір-бірін жау көретін кертартпа мінездерді әшкерелейді. Ал, «сымбатты сұлуға» — қазақ әйелі туралы сыпайы ұғымға кір келтірмейтін әдепсіз, көргенсіз қыздардың мінез-құлқы ұлы сатира.
Ақын қазақ қауымының осы күйі болшағы жайлы көп ойланады. Патшаның отаршылдық саясатаны да, ел әкімдерінің екі жүзді қылығына да сене алмайды. Келешектік не боларын түсінбей дағдарады. Мұны ол бірде тұспалдап, («Түсімде», «Кеше түңгі түс, бүгінгі іс») айтса, бірде дала табиғатының енжар күйімен ауыстыра суреттейді. («Жазғы қайғы»), тағы бір өлеңдерінде, көңіл жүрек сезімі күйінде, («Көңілді көндіретін тағдыр») бейнелейді. Жалпы Сұлтанмазмұт – табиғатты әсем жырлаған ақынның бірі «Жапырақтарда» ол көп көк жапырақ ішіндегі жалғыз сарғайған жапырақ арқылы өзінің көңіл күйін бейнелесе, «Кеш» арқылы түңгі табиғатты суреттеп, оны қараңғылықтан таба алмай қорқақтаған лирикалық кейіпкердің жеке сезімен ұштастырады. «Көшуде» ел өміріндегі көктемгі өзгерістерді ауылдағы таптық жіктеушілікпен байланыстырады. Мұның бәрі де Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолында дәуірдің әлеуметтік жағдайларын суреттеуде бірінші орынға қойғандығын көрсетеді. Ол нені қалай жырласа да әңгімені заман мен оның адамына, оған әсер етіп, жатқан жағдайларға бұрады. Осыны ақынның махаббат тақырыбына жазған жырлары жайлы да айтуға болар еді. Асылы Сұлтанмахмұт махабаты — өмірден қағажуды көп көрген, алдағы өмірден үміті аз, торыңқырап, ауру жеңген адамның махабаты. Ол сүйеді, бірақ оның баянсыздығын түсінеді. Сүйгеніне аяушылықпен қарайды, өзіне-өзі тоқтап береді. Сөзімді ақылға жеңдіреді.
Бәрі де қолдың қысқасы-
Бір күнді мойынға алмауым.
Тағдырдың шебер ұстасы,
Көрдім мен жоқ қып қарғауын,-
деген жолдарда ақын еркін байлап тұрған тағдыр тұсауы елестейді. Сәл кейінірек жазылған «…ға», «М….ға», «Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын», «Ақ сәуле» сияқты лирикалық өлеңдерде де ақын жас адамның ынтықтық сезімін қыз көркі, қыз намысы жайлы байсалды ойға жеңдіреді.
Заман туралы үлкен толғаныс – Сұлтанмахмұттың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл туралы оны әлеуметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құмармен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының , өмірінің,ұғым-нанымын трең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреттекен, тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың кер тартпа жақтарын әшкерлейді. Сол негізінде феодалдық-париархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Ақынның суретінде Қамар — өз заманының озық қызы, сұлу, ақылды, ақын, аздап болса да оқығаны бар. Соны сүймеген адамына байлап, беріп, оның жан ауруын түсінбей басқа балгерге емдетіп, төбесін тестіріп, қолдан өлтірген – сол дәуірдің қоғамдық тәртібі. Ақын оларғы лағынет айтады, кектенеді, ызаланады. Тәртәпте, оны жақтаушы адамдарда өзгеруі керек. «Жалғыз-ақ жаны ашитын жастар» (Қамардағы өлердігі сөзінен) қалуға тиіс. Болашақ қоғам иесі солар, Сұлтанмахмұт ызасын тудыратын ескі тәртіптің жасауылдары – ел басшылары, үстем тап өкілдері, дін адамдары соларға қоса надан халықты билеген ескі салт-сана, ұғым (Қамарды Нұрымның алуын «қызықтап» жүрген «бишараның бақыты бар екен, Ахметке барса несін беріп қаратар еді» деп Нұрымның байлығына қошемет айтушы топтар). Ақынның олардың бәрімен кетісіп, іргесін ашысып, тұрғаны танылады.
Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толағынысын тереңдете ашуға арналады. Мұна ол қазақ қоғамы ойларын ел тағдырын, ұстап тұрған беделді, белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық болыстық қызметі де, халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық зомбылықты, қара күшті жатап, өзі тектес әдремен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті шығыға (Әнуар бейнесі) күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып отырған ауыртпалықты жиынтық бейнесіне (Әжібайшылдық) көтереді. Әжібайшылдықты тудырып отырған да – қазақтың ескі тәрбиесі, ортасы, тәртібі. Ол есейіп алып, сол тәртіпті қорғаушыға айналады. Оның айналасы – рулық дау жанжал, таптық тартыс, жылаған әйелдер жаңалықты қабылдамайтын меңіреу, мылқау топ. Жазушы Әжібайшылдықтың әлеуметтік тегін іздейді, осыларға «Кім жазықты?» деген сұрау қояды.
Сұлтанмахмұттың Алашордаға тілексеттігін, олардың жолын құаттап еңбектер жазуын кездейсоқ дүние деп қарауға болмайды. Оны ақынның сол кездің маңызды саяси қоғамдық мәселелеріне, ел өміріндегі жаңалықтарға сергектікпен үн қосуы ретінде қарау орынды. Ақынға ең алдымен, қазақ оқығандарының патшаның қалауын пайдаланып, қазақтың автономиясын құру жөніндегі идеясы ұнайды. Отаршылдықтан езілген дербес отау тігуі ол заманда бүкіл қазақтың арман-тілегі болатын. Ойы бар, намысы бар ұлт өкілінің оны қолдамауының өі мүмкін емес-ті.
Ақынның соңғы әрі аяқтай алмаған шығармасы және әр қилы пікірге ұщырап жүрген поэманың бірі – «Айтыс». Мұнда ол дала ақына мен қала ақынын айтыстырып, сол арқылы дала мен қаланың әрқайсысының өзіне тән артықшылығын және қайшылықтарын талдайды. Дала ақының сөзін басымырақ ұстап, Сұлтанмахмұт соның аузымен қазақтың жерін, табиғатын, ел басшылары мен батырларын, елін, ақын-жырларын, салт-дәстүрін мақтан тұта жырлайды. Қазақтың тілі мен дүние танымының биіктігін («байқасаң қазақтың өзінде бар, дүниенің генилігі, пайғамбары») суреттейді. Далын ол қалаға қарсы қойып, оның у-шуын, адамдарының дала адамдарындай кеңпейіл еместігін, жіктеушіліктің молдығын, әділетсіздікті ашып көрсетеді. Сірә, қаладағы өмірін оқу іздеп, үнемі жолы сәтті болмай, көп қиыншылықпен өткізген Сұлтанмахмұттың қала туралы әсері жақсы болмаған болуы керек, ол көбіне даланы баса айтып, тіпті оның көрер көзге оғаш кертартпа әдет-салттарын, елші бақсы-балгерлеріне, «қайырымды байларына» шейін асыра мақтап жіберетіні көзге шалынбай қалмайды. Сонымен бірге қала ақынының аузымен ауылдағы алауыздық, барымтаның, партияның күштілігі, ғылым-өнер жоқтығы саналады. Қала өнерін, білімін, келешегін мақтан тұтады. «Айтысты» мансұқтаушылар кезінде оның «феодалдық ескілікті мадақтауын» тілге тиек етті. Алайда бүгін көне дәстүрлерімізді жаңғыртып, еліміз бен жеріміздің байлығына өзіміз ие бола бастаған тұста, елдік пен оны қорғау дәстүрлерін қайта қарап жатқан кезімізде, «Айтысты» қайта оқу, оны бүгінгі керегімізге жарату әбден орынды болмақ.
Сүйемін тұған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа» деген сүйгендік сөз әніменен,-
деген жолдар бүгін қалай актуальді естіледі. «Айтыс» — қазақтың ұлттық психологиясынан туған, соны жырлайтын шығарма. Нағыз поэзия қашанда әуелі халқына , ұлтына, сол арқылы адамзатқа қызмет етпек. өйткені ол адамды сүюге, болашаққа сенуге үйретеді. «Айтыстан» алатын тағылым да осындай. Мұнда да адал, шыншыл, іздемінпақ, драмалық шиеленіске толы, қуаныш-қайғысы аралас ақын тағдыры суреттелген.
«Кедей» поэмасы – осы үлгідегі қазақ кедейінің сыры мен мұңы. Онда да лирикалық кейіпкер өзі басынан кешкен өмір өткелдерін әңгімелеп, өз заманынан бақыт таба ламай қиналады. Ауыл кедейінің тағдырын шешетін қоғамдық әділетсіздіктің көріністерін ақын жан-жақты ашып суреттейді. Шығарма соңында өз ортасымен сиыса алмай, одан бөлініп шығып тұрған кейіпкерді танимыз, бірақ ол барар жолын білмейді, тек «мақсатым – оқу, оқу көңіліме алған» дейді. Ал, оқу қайда апарады, ол да түсініксіз. Дегенмен заман, дәуір өзгерістері кейіпкер көңіліне демеу, ол соған қосылуға ұмтылады.
«Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып, шақырып тұр, мінеки кеттім сонда» дейді. Бұл поэмада да Сұлтанмахмұт өз заманымен сияса алмай, алдан жаңа өмір күткенінің белгісі.
Жаңа өмірді, өзі әділдік деп аңсаған социализм дәуірі туғанын Сұлтанмахмұт шығармаларына азық ете алмады. Бірақ ол елінің Колчак тәртібінен босап, кеңес өкіметін жақтап шыққанын көрді. Ауруына қарамай, Павлодарға барып Қызыл Армияны құттықтады. Уездік революциялық комитеттің төоағасы Г.Жигаревқа жолығып, Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы болып барды. Онда екі үш айдай жұмыс істеп, ауылдағы қоғамдық әділетсіздікті реттеуге, қазақ кедейінің құқын қорғауға қатысты. Алайда ұзаққа созылған ауруы меңдеп жатып қалады да, 1920 жылдың 21 мамырында қайтыс болады. «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай барамын»,- деп ақынның өкініш білдіруі де осыдан.
ХХI ғасырдың екінші жартысындаөмір сүрген қазақ ағартушылары сияқты Сұлтанмахмұт та адам тағдыры жайлы, оның қоғамдағы орны мен арман, мүдде-мақсаты туралы көп ойлап, терең толғанады. Ол – адамның ерік-жігер қасиеттері туралы да сындарлы пікір айтқан ақын. Оның шығармаларының кейіпкерлері қажыр-қайратқа толы, әрқашанда күреске әзір, ылғи да іс әрекет үстінде, көздеген мақсатына жету жолында тынбастан қимылдап тіршіліктің тиімді жолдарын іздейді, бұларда түбінде жеңіске жетеміз деген сенім баршылық:
Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма жүрер менің қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем…
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Тарығып болымсызға жасу деген.
Бұл жерде ол белсенділік, қажыр-қайрат, төзімділік, шыдамдылық, өзін-өзі билеу, батылдық, қауіп-қатерден жасқанбай қиыншылыққа мойымау тағы басқа да адамның тамаша ерік-жігер қасиеттері жайлы толғайды.
Қайрат-жігер ерекше күшті, мінезі темірдей берік адам ғана көздеген мақсатына жете алады. Ақын жастарға: жігерлі бол, ешбір жасыма, жасқанба, қылышпен шапса да, найза сұқса да бейнеттің сан алуан түріне төзе біл, ылғи да таудай талабың болсын («талпыну бар, талап бар, бүйткен адам оңады»), келешектен күдеріңді үзбе, ылғи да талпынып күресе бер, өмір деген толған күрес, тәуекелге бел байла да күреске түс, оны жеңбей қойма («тәуікел күреске түс, бардағы жең»), босқа ынжық болма, жалғыз ғана оқумен теңелмейсің, алты ауыз азғын, қоян жүрек қорқақ болма, құлай берме, біреуге босқа алданып қаолма, деп талай рет тебіренген ғой, қайрат ақын. Абайдың да, Сұлтанмахмұттың да жастарға айтпақ оы ортақ: мына дүниеден өз орныңды таба біл, адам бол, қатарыңнан қалма, үнемі ілгері қара, жігерлі де талапты бол, жалқаулыққа, еріншектікке салынба, ерінбей еңбек ет! Сонда ғана мұратыңа жетесің, өмірден орныңды табасың дейтін теңдесі жоқ ақыл-кеңестер берді.
Ақын шығармаларында бұдан басқа да әр түрлі психологиялық құбылыстардың табиғаты сөз болады. Мәселен, Сұлтанмахмұт адамның әр түрлі қабілеті мен таланты, мінезі іштен тумайтынын, олар іс-әрекет үстінде қалыптасатынын, барлық адамның қабілеті де бірдей болмайтындығы жайлы айтады. «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» деген мақаласыда ол былай дейді:
«Балаларының жайын түсіндіріп реттейін деуге көне қоятын қазақ па? Біреуінің баласы жүйрік, бірінікі жорға, бірінікі шабан» Осындай пікірді ол басқа шығармаларында талай рет қайталаған еді. Мәселен «Секілді өмір қысқа, жарты жұтам» деген өлеңінде:
«Денеден-ақ көрініп, тұрған жоқ па?
Саусақтың алалығы біткен қолға»-
деп ақын адам психологиясының кейбір тұстан берілетіндігін астарлы сөзбен білдіріп отыр. Адамның қабілет, талантының түрліше болуы оның тума ерекшеліктеріне де (нышандарына) тәуелді болып отыратындығын айтады. Бірақ, сайып келгенде, адамның қабілет, таланты, нәтижелі іс-әрекет бәрінен бұрын өзіне, адамның белсенді қимыл-қозғалысына байланысты. Сұлтанмахмұт бұл жәйтті де ескерген. Оның «Оқу малды таңдамас, зейін таңдар… оқу бай кедей, жақсы-жаман деп таңдамайды, кім ыждихаттанып ықыласын салса, оқу соған табылады» дейтін пікірлері біздің соңғы айтқанымызға жақсы дәлел бола алады.
Ақын ерекше мән беріп, көтерген тәлімдік мәселенің бірі- жастарды ана тілді ардақтап, оны қадір тұтып, сүйе білуге тәрбиелеу мәселесі. әр халықтың ұлттық психологиясының негізгі бір жағы сол ұлттың тілі. Ұлттық тіл сол халықтың нақты тарихы, оның өмірінің, сана-сезімінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпының, үміт-арманының шежіресі. Кімде болса өз халқының тарихын, оның тілін дұрыс білмейінше әрі жан-тәнімен сүймейінше өз халқының адал перзенті, сүйікті ұлы бола алмайды. өз ұлтын, ұлттық тілін, ұлттық тілін жөнді қадірлемейтін адамнан шын мәніндегі интернационалист шығу да қиын. Ана тілінің адам психологиясының қалыптастыруда алатын орнын жақсы көре білген, оны жастарды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеудің басты құралдарының бірі деп түсінген. Ақын ұғымында да ана тілі туған халқының, өзіңді ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ананың тілі. Дүниеде анадан жақын не бар! Сондықтан да осы тілді қадірлеп, ерекше құрмет тұтқан абзал. Ана тілі – бұл өмірге жаңа ғана келген нәрестенің ә дегенде әститін бірінші дыбысы, ол жас өспірім жеткеншектің айнала әлемді тамашалағанда білдіретін көңіл-күйі, ол бозбала мен бойжеткеннің бір-бірімен табысуындағы жүрек тілі. Олай болса, осы тілді, осы тілді ардақтап ерекше қадір тұту қажет, қандай жағдайда да адамның бойында оның рухы сақталуы тиіс. Өз ана тілінде шүлдірлеп, шолшаңдап, жығылып-сүрініп жүруге болмайды. Тіл – қайнаған қанның, тебіренген жанның, толғанған көңіл мен жүректің сығындысы, тілде әр кез маңыз және дәм болуы қажет. Қазақ тілінде бастаған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ, дені бытпырақ, қазақтығы «Сіріге жамаған былғырыдай», деп ақын өз ана тілін ардақтап, қадір тұтпайтын адамдарды аяусыз мінеп шенейді, жастардың ана тіліндегі сауаттылы үшін мұғалімдер мен ата-аналар қатты ойлануы қажет дейді. Өршіл де ойшыл ақынның осынау пікірлері қазіргі тіл туралы заңның іске асуы барысында қаншама маңызды екендігі өзінен-өзі түсінікті.
Сұлтанмахмұттан қалған мұра әр салалы. Онда лапылдаған от сезімді лирика да, автордың сыншылдық тенденциясын айқын танытатын қуатты эпикалық туындылар да, өз заманының сыншылдық ой-пікіріне үн қосқан мақалалар мен очерктер де мол. Мұның бәрі қазақ әдебиеті ұлт тағдырын тілге тиек ете бастаған заманда әдебиет жанрының туып жетіле бастағанының куәсі. Сұлтанмахмұт — әдебиетіміздің бұл саладағы ізденістеріне, сондай ақ реализм жетілуіне үлкен үлес қосқан ақын.
Сұлтанмахмұт Торайғыров шын мағынасында Жүсіпбек Аймауытовтың мына бір сөздеріне татитын ақын:
«ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбек, ақынын қандай ел қастерлесін». Ол көп жабының бірі емес от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын қарайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.