Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір сүрген дәуірі

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық пікірлері Қазан төнкерісі алдындағы дала өңіріндегі дүрбелеңмен сабақтасып отыратындығы белгілі. Сондықтан да оның пәлсапасының басты мәселеі ретінде жаңа заманның лебі жақсы байқалады. Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, бұлардың бірі өшіп, тозып жатса, екіншілері жаңадан пайда болып жатады, ал адамның жан дүниесі атомдардан тұрады, тәннің өзіндік заңдылықтарына орай жүріп отырады деуі – ғылымилығымен ерекшеленеді.

«Ойласам дүниеде қанша жан бар,

Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар,

Жанды, жансыз нәрсенің бәрі-дағы

әр себептің жемісі байқасаңдар.

Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып қонбақ-

Сол болғандар болмаған өздігінен,

Болғызған еріксізбір себеп қолдап »

С.Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті туысынан пайда болмаған. Ақын бізід қоршаған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады дей келіп, мұнда ғылымның алатын орны ерекше екендігін былайша түеді:

«Зерттесе де адамға білмейтін ғып,

Дүние ешбір сырын жасырмаған…

Әлемдегі терең сыр

Ғылыммен ғана ашлымақ…»

Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде осындай ғылыми-жаратылыстық пікір айтқан ойшыл. Ақын айналада болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен оқиғалардың шығу себебін, олардың түпкі негізінің неде жатқандығын, қозғаушы кімдер екенін ажырата алмай, бұлардың басты себебін адамның ақылы мен ой-санасынан іздеді.

Сұлтанмахмұт қазақтың ұлы ағартушалары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы сан тарапты озық та өнегелі идеяларды одан әрі қарай дамыта түсіп, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, қазақ ағартушыларының педагогика және психология мәселелері жайлы атқан салиқалы пікірлерін ғылыми жағынан ширата түсті. Мәселен, ол кезінде абай қолданған психологиялық ұғымдарды (арман, көңіл, ой, ерік,жігер, қайрат т.б)онан сайын саралай түсіп, мәнін айқындап, түсіндіріп береді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ тарихындда бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың арақатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Ол жан мен тәннің ылғи да бірлікте, тұтастықта, байланыста болатынын айта келіп:

«Дене азыққа тоюдан жан ер жатер…

Жан ер жетіп, дүниенің сырын табар…»-

деп адамның тәні өсумен қатар жаны, ақыл-ой, сана-сезімі де бірге өсіп, жетіліп, дамып отырады,-дейді.тән мен жанның қоса өзгеруінің негізін Сұлтанмахмұт тәнде, яғни мида деп түсінеді. Адам өлгеннен кейін онда «қимыл жоқ, сезім жоқ … жек көру жоқ, махаббат жоқ…өмір жоқ яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды»,- деп, осы мәселені материалисттерше баяндайды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ ағартушылары сияқты Сұлтанмахмұт та адам тағдыры жайлы, оның қоғамдағы орны мен арман, мүдде мақсаты туралы көп ойлап, терең толғанды. Ол еңбекші халыққа жан ашып, дала өміріндегі тұрмыстың бүкіл тауқыметі кедей атаулының басында екендігін, өмірдегі адамға қажетті нәрсенің бәрі де осылардың қолымен жасалып жатқандығын, ал патша отаршылары мен олардың жергілікті жердегі жандайшаптары бұларды сүлікше сорып отырғандығын жақсы аңғарды. Ақынның ойынша, адам өскен ортасының, өмір сүрген жағдайының туындысы, «Дүниедегі нәрсенің бәрі»- деп жазды С.Торайғыров «Кедей» поэмасына жазған эпиграфында, — белгілі бір жағдай мен орта әсерінің нәтижесі. Бұл жағдай ортаны жасау – жарату адамның қолынан келеді, адамның хайуанаттан өзгешелігі де осында, адамның ақыл ойымен табылған нәрсенің бәрі де осылай жасалған. Ақын адам психологиясының қалыптасу іс-әрекет үстінде болып отыратынын, мұнсыз сана-сезімнің дұрыс қалыптасып, дамымайтынын, адам тіршілігінің мазмұнын да қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайлар билейтіндігін, сондай-ақ үй-іші, отбасы, әке-шешенің де дегендей жас ұрпақ санасының қалыптасуында шешуші рөл атқарғандығын жақсы түсінген:

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен»,-

деп ол адамның психологиясы тағдырға, жазмышқа байланысты емес, керісінше оның өскен ортасына, бәрінен бұрын оның өзіне, нақтылы іс-әрекетіне тәуелді екенін айтты. Ақын қоғамдық жағдай адам психологиясына ерекше әсер етіп, терең із қалдырғандығын, әр үрлі қоғамда адамдардың сана-сезімі де түрліше болып қалыптасатынын нақты деректермен «Кедей» поэмасында өте нанымды көрсеткен.

«Байтікіндей менде де жүрек, жан бар,

Жүрегімде орын бар, ыстық қан бар,

Үміт бар, махаббат бар, жек көру бар

Бәрі де байдікіндей, байқасаңдар.

Туысымда онан жоқ еш кімдігім

Жалғыз-ақ менде мал жоқ, онда мал бар»,-

деп, ақын екі түрлі психологияны көрсете келе, ақын адам теңсіздігі жоқ қоғамда кісі жан-жақты дами алмайды, ондайда адам мен қоғамның арасында үйлесушілік болмайды дей келіп, бабасы Асан қайғы құсап, «қой үстіне бозтоғай жұмыртқалайтын бақытты заманды» аңсап, армандайда.

«Достарым, оған шейін асықпаңдар

Алдында әлі ататын жарық таң бар,»-

деп ақын адамның жан-жақты дамуы қоғамдық прогреске байланысты екендігін, адамдары бірімен-бірі тең, әділдік жағдайда өмір сүретін қоғамда ғана адам психологиясы гүл-гүл жайнап отыратындығын айтады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында ерекше бір көңіл аударатын мәселе – адамның әр түрлі жас кезеңдеріне байланысты жасаған психологиялық талдаулар. Ол қазақтың ой-пікірі дамуының тарихында осы мәселені ғылыми тұрғыдан күн тәртібіне алғаш рет қоя білген ғұлама. «Адасқан өмір» поэмасы жалпы қоғамдық әділетсіздіктің туу себептері мен теңдік жолын іздеу туралы лирикалық толғаныс түрінде жазылған. Ақын қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамдық құрылысқа тән қайшылықтарды суреттейді. Жеке адамның өмір кезеңдерін суреттеу арқылы ол қанауға негізделген қоғам жағдайындағы адам тағдыры туралы ой түйеді. Өмірге таза, адал ұғыммен келген сәбидің еркін алып, талқыға түсірген өмірдің әділетсіздігін ақын адамды адамның қанауының жағдайларынан көреді. Ақын адам психологиясының дамуын басты-басты төрт кезеңге бөледі: балалық шақ, жігіттік шақ, ересектік шақ, кәрілік шақ. Ол бұлардың бір-біріне ерекшеліктерін жәй қарапайым түрде шектемей, ғылыми сарапқа салуды ойлаған. Мәселен, «Адасқан өмір» поэмасының «Мен жігіт» деп аталатын бөлімінде ол жігіттік шақтың психологиялық ерекшеліктерін былайша сипаттаған:

«Мен жігіт, он бес-отыз арасында,

Бұл жаста көп, бересі-аласым да …

Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп,

Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім»,-

дей түйеді ақын жігіттік, бозбаланың кезеңінің басты ерекшелігін. Адам баласының осынау бір кезеңі психологиялық жағынан аса бір қызық шақ.осы кезңнің қызығын халқымыздың ақын-жыраулары бұрын да аз жырламаған. Бірақ, олардың ғлыми сипаттамасы жалаңдау болатын. Сұлтанмахмұт жас жігітке тән қасиеттерді жәй тізе бермей, олардың әрқайсысының сыр-сипатын, мәнін ашуға талаптанады. Жастық шақ адамның дене күші мен рухани тіршілігінің кемеліне келетін кезеңі. Жас адам ылғи да албырт, қажырлы, іс-әрекет пен қимылға құштар. Оны ойландырмайтын нәрсе жоқ, нағыз романтик, тауды қопарып тастағысы келеді, оған «Срдың суы сирағынын келмейтін» төзімді. Жас адам өз мүмкіндігін, қабілет, дарынын байқап көруге де ынтызар.

«Алдында толған мақсат, толған таңдау

Алайын мынасын ба, анасын ба?..»

Осылайша дүниеге зор сенімменқарайтын жас адамның таудай талабы мен қиялының шарықтамайтын жері жоғын, көксеген арманның есепсіздігін, оның асыл мұрат іздейтіндігін, оның асыл мұрат іздейтіндігін сөз етеді. Жас кезенде адам өмір қыспағынан қоқа бермейді. Онда күйреп, босқа мұқалу деген жоқ, ол ержүрек батыл адам. Оған тән ерекше қасиеттң бірі алдағы жерде жұртқа беретіні де, одан алатыны да көп, алда тұрған сансыз мақсат, қайсысын таңдап аламын десе де, ерік өзінде. Ол үшін бәрі де мүмкін, қол жетпес ештеңе жоқ. Осы айтылғандардың бәрін ақын былайша түйіндеді.

«Ұқпаймын қол жетпейтін бақыт бар деп…

Үміттімін, алдар деп және ұқпаймын…

Қарын тоққа қанағат қылатұғын

Мен емес, тәнім тірі, жаным өлік.

Ірі мақсат болмаса, ұзақ іске…

Неге мен алданамын уақыт бөліп…»