Салық тексеруін жүргізу негіздемесі
1.Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушінің толық атауын;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
5) тексеру түрін;
6) тексеретін адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
7) тексеру жүргізілетін мерзімін;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.
- Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскесі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер көрсетіледі.
- Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі, сондай- ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері көсетіледі.
- Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.
- Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген жағдайда қосымша нұсқама рәсімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
- Бір ұйғарым негізінде бір ғана салық тексеруі жүргізілуі мүмкін.