Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты — клиенттің әрбір бөлімшесі бойынша қаржылық ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:
- тұтынушыға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің еңбегінің оперативті жұмысы мен өнімділігі;
- жеткізілетін мәліметтердің сенімділігі;
- тұтынушы сұраныстарымен сәйкестікте бөлімшелер жөнінде мәліметтерді алудың оперативтілігі;
- берілетін ақпараттың қорғалуы мен сенімділігі бойынша талаптардың барлық кешенін орындау.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың АЖ-нің міндеті болып қаржылық ақпаратты беру не бақылау, қалыптастыру бойынша қызметкерлердің жұмысын автоматтандыру болып табылады, нақты алсақ: иеленушілердің сұранысы бойынша қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттарды беру.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың
АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды. Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе орта аралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)
Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі
Элементтері | Мінездеме |
Ақпараттық технология | Барлық ақпараттар МБ түрінде сақталады |
МБ түрі | Реляционды |
Жіктеу жүйесі | Иерархиялық, фасеттік кодтау жүйелері |
Кодтау жүйелері | Нөмірленген, реттелген және жүйелі |
Қорғау | Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс істегенде, өшіп қалған сәтте, бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін береді. |
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Түрі | Мінездеме |
Жалпы | Операциялық жүйе: Microsoft Windows ХР, Office XP |
Арнайы | Borland Delphi 7.0 |
Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Техникалық құрал атауы
|
Физикалық модуль | Мінездеме |
ДЭЕМ – Intel Pentium 4 | Материнская плата
Процессор ОЗУ Video card Монитор Клавиатура Мышь |
ATX Pentium 4
Intel, 1800 MHz 256 Mb 64 Mb SVGA, 1280×1024 102 клавишті 2 кнопкалық |
Принтер | Принтер | HP LaserJet 1100 |
Сканер | Сканер | HP Sсan Jet 3200 C |
1) ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың құрылымына қойылатын талаптар
АЖ құрылымы — жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.
Есептер тізімі, олардың міндеті, кіріс және шығыс ақпарат, сондай-ақ, қолданушы төмендегі кестеде келтірілген:
2) ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың
АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.
Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:
- ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі операцияларды автоматты режимде орындау;
- Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру және кіру/шығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге мүмкіндік беруі;
- Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты қамтамасыз ету керек;
- ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
- Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;
Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе қызметкерлердің еңбек өнімділігн арттыруғабөлшек сауда бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.
Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
- ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
- ақпараттың құрамы қандай;
- ақпаратты іздеу уақытының азаюы;
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, құрамы «корпоративті клиенттерге қызмет көрсету» АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
- мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;
- басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;
- ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.
Машинадан тыс ақпараттық база
Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.
Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.
Машина ішіндегі ақпараттық база
Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.
Машина ішіндегі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті және қызметтік болады. Тұрақты ақпараттық массивтерді (нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтері) нормативті құжаттардан және анықтамалардан алады, мәліметтерді өңдеуді бастағанға дейін қалыптасады және ақпараттық жүйелердің есептерін шешуде пайдаланылады. Нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтеріне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпарат жатады.
Мәліметтер базасы (МБ) тікелей қол жеткізудің (магниттік дискілер) есте сақтаушы құрылғыларында сақталатын өзара байланысқан ақпараттық массивтердің аталған құрылымданған жиынтығын білдіреді және АЖ-нің басқару функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
МБ құрудың мақсаты мәліметтерді өңдеудің уақытын қысқарту, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкессіздігін жою, МБ-да мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және тағы басқалар болып табылады.
Машина ішіндегі ақпараттық база, берілген есептің мәліметтер базасы қатты және жұмсақ магниттік дискілерде орналасқан, ақпараттың (файлдардың) массивтерінен тұрады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызматін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика-математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру-құқықтық негізін қалыптастыру.
Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
- өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін қамтамасыз етуі тиіс;
- жүйе конфигурациясын жүйенің әрекет етуін бұзусыз, оған ақпараттандырудың (автоматтандырудың) АРМ-дің, ДЭЕМ-дың және тағы басқаларын жаңа объектілерін қосудың есебінен өзгертуді жіберу;
- жүйенің дамуының деңгейі бойынша оның конфигурациясын кеңейтуге (өзгертуге) мүмкіндік беретін, құрудың агрегатты принципіне ие болу;
- есептеуіш техникасының құралдарына техниканың қызмет көрсетуі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, құрастыруды қарапайымдандыратын, мүмкіндігінше бір типті және сериялап шығарылатын, құрылғылар мен кешендер кіруі қажет.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
— түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері;
- қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың мүмкіндіктері;
- МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің мүмкіндігі;
- Ақпаратты кодтаудың бір мәнділігі.
Ақпараттық жүйеде айналатын, барлық бөлімшелер жөніндегі ақпараттың үлкен көлемдерінің салдарынан пайдаланылатын бағдарламалық құралдар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- Операционды жүйе – Microsoft Windows, Server, Workstation.
- Өңдеудің ортасы – Delphi.
Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы.
«Қаржылық жағдайды талдаудың» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандырылуы мыналарды қосуы тиіс:
- ақпаратты өңдеу мен жинаудың алгоритмдері, типтік және құрастырылатын әдістемелер (сонымен қатар, ЭЕМ-да мәліметтерді енгізуді, сенімділікті бақылауды);
мәліметтерді іздеу мен сұрыптаудың алгоритмдері, шығыстық құжаттарды қалыптастыру және көрсету (экранға және баспа).
АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:
- аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;
- қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;
- пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;
- алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.
Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:
- ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
- қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
- программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;
Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді қалыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;
2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;
Концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
ЖШС «Сарыағаштың» қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол 2 бөлімнен тұрады: жабдықтау бөлімі және функционалды бөлім.
Қамтамасыз етуші бөлікті құрайды: техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ), математикалық қамтамасыздандыру (МҚ), бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ), ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ), лингвистикалық қамтамасыздандыру (ЛҚ) және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру (ҰҚ).