Елiмiзде рыноктық қатынастардың тиiмдiлiгiн арттырудың маңызы мен болашағы

Бүгiнде Қазақстан экономикасы әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы дамушы елдер қатарында. Әлемдiк тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал Елбасымыз халыққа жолдауында “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Ал осындай дамудың тиiмдi жолы болып рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң негiзi болып табылатын рыноктық экономиканың тиiмдi ортасы болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтiң орны ерекше екенi бәрiмiзге белгiлi.

Ал шикiзаттық экономика бiзге белгiлi тұрақсыз, тиiмсiз болып келедi. Осы жағдай бүгiнде елiмiздiң дамуында өзектi мәселелердiң бiрi, яғни экономиканың өңдеушi саласында импорттың алатын үлесi өте көп және елiмiзге импортталған тауарлардың 20% ғана өнеркәсiптiк маңызы бар құралдар мен жабдықтар болып отыр. Ал елiмiздiң бәсекеге қабiлеттi болып дамуы үшiн кем дегенде 80% өнеркәсiптiк маңызды құралдар мен жабдықтар болуы керек. Ендi келесi суреттен елiмiздiң өнеркәсiптiк саласының 2003-2006 жылдар аралығындағы экспорты мен импортының үлес салмағын көре аламыз:

Суреттен көрiп оырғанымыздай ұлттық экономикадағы бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыратын негiзгi сала болып табылатын өнеркәсiп саласында импорттың үлесi өте көп және осы салаға құйылатын инвестициялардың 85% шикiзаттық өндiрiске құйылуды. Осы мәселенi шешу үшiн мемлекетiмiз шетелдiк және отандық инвесторлардың инвестицияларының өңдеушi салаға құйылуын ынталандыру шараларын жүзеге асыруы керек.

Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.

Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала — өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.

Қазақстан бүгiн әлемдiк рынокта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Елiмiз болашақта осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.

Стратегияның басты  мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Осы индустриялы-инновациялы стратегиядан күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру. Елiмiзде стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ),

Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.

Қазақстан бүгiн әлемдiк рынокта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық жағынан тозған құралдар екенi белгiлi.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер баршылық.

  • Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi мемлекеттiк маңызы бар өнеркәсiптерде, өндiрiстiң басым салаларында, елде телекоммуникация саласында “Қаазқтелеком ААҚ” ретiнде көрiнiс тауып отыр. Сондықтан, бұл рыноктардың өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi мемлекет немесе антимонополиялық агенттiлiк қарастырады. Сондықтан бұл кәсiпорындар рыноктағы жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
  • Елiмiзде рыноктың дамуымен байланысты бағалар, техологиялық жаңалықтар, ықтимал болатын пайда жөнiндегi ақпараттар ағымы дамуда;
  • Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн рыноктық бәсеке қалыптасқан.

Рныоктық экономикадағы еркiн бәсекенiң алатын орны және оның ұлттық экономика дамуына қосар үлесi еркеше екенi белгiлi. Бұл бәсекелес экономиканың өзiндiк артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады:

Артықшылықтары:

  • Қоғамға қажет тауарларды өндiруде ресурстарды тиiмдi пайдалануға мүмкiндiктiң болуы;
  • Тез өзгерiп отыратын өндiрiс жағдайларына икемдi болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
  • Тауарлардың жаңа түрлерiн жасау саласына жаңа техника мен технология енгiзуге, өндiрiстi ұйымдастырып басқарудың жетiлген әдiстерiн қолдануға, ғылыми-техникалық жетiстiктердi ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
  • өндiрушiлердi көптүрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердiң сапасын жоғарлату мақсаттандыруы.

Кемшiлiктерi:

  • ұдайы өндiрiлмейтiн ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңiз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейдi;
  • қоршаған ортаны қорғауда негативтiк бағытта болады;
  • ұжымдық пайдалануға бағытталған таулар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлiк) өндiрiсiнiң дамуын қамтамасыз етпейдi;
  • фундаменталдық ғылымның, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң, қалалық шаруашылықтың көп элементтерiнiң дамуына жағдай жасамайды;
  • еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепiлдiк бермейдi;