Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырып, экономиканы демократиялау болып табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.
Ал елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi 1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп, ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.
Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Елiмiздегi жағдайға келетiн болсақ 1991 жылдан бастап экономикалық жүйенiң бұзылуына байланысты экономикада мемлекеттiк күшпен ұсталып отырылған тепе-теңдiк жүйе бұзылып, өдiрiс дағдарысқа үшырады. Тұтынушылар табысы төмендедi, әлеуметтiк жағдай нашарлады, жұмыссыздық деңгейi өстi. Қазақстан Республикасы он төрт жылдан астам уақытта тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.
Ал елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi 1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп, ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.
Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Бүгiнгi таңда ұлттық экономикамыздың дамуында рыноктық қатынастардың артықшылықтары айқын көрiнуде. Ал оның кемшiлiктерiн мемлекет және ұлттық экономика салалары болып бiрлiкте өз мойындарына алып, оларды шешу үстiнде.
Елiмiздегi рыноктың артықшылқтары елде жаппай жекешелендiрудiң жүргiзiлуi, соның нәтижесiнде халықты жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықты азайтудың, тұрақты экономикалық өсудiң кепiлi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтiң формалары даму үстiнде.
Кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.
Кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
- Рыноктық қатынастарды дамыту;
- Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
- Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
- Жаңа жұмыс орындарын ашу;
- Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;
- Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
- Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
- Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
- Кластерлiк жүйенiң дамуы;
- Лизингтiк қатынастардың дамуы;
- Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
- Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң негiзгi бөлiгiн құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр.
Сонымен қатар, елiмiзде рыноктық қатынастардың қызмет етуi толық қанды жүргiзiлу үстiнде. Бұл шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлуде. Ол қолдаудың негiзгi бөлiгiн елдегi заңдар мен құқықтық актiлерден көруге болады.
Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:
- Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
- Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
- Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
- Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
- Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:
- Экономиканы жекешелендiру;
- Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
- Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;