Рынок туралы жалпы түсiнiк

Рынок әлемдiк өркениеттердiң жетiстiктерiнiң бiрi. Рыноктық қатынастар мәнiн анықтауда рынок түсiнiгiнiң екi жақты маңызы бар екенiнен шығу керек. Бiрiншiден, рынок өз мағынасында айырбас, айналыс сферасында iске асырылатын өткiзудi бiлдiредi. Екiншiден, рынок – бұл өндiру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерiн қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi.

Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.

Рыноктық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге жеткiудi көздейтiн болады.

Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады. Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады. Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп рынок қатынастарының субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi – барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерi рыноктық қатынастар формасында болады.

Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: рынок адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын рынокқа анықтаманы француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олар рынокты: “рынок заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты рынок алаңы емес, ол сатып алушылар менсатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi рыноктың басты критериi деп көрсетiлген.

Ағылшын экономисi У.Джевонс рыноктың критериi деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол рынок болып табылады.

Рыноктың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен бастау керек. Бiрiншiден, рынок (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада өткiзу деген түсiнiктi қалыптастырады, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екiнщiден, рынок — өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.

Сондай-ақ, айналыстан бөлек рынок қатынастарына келесiлер жатады:

  • Екi субъектiнiң өзара байланыстары рынок негiзiнде болғанда, кәсiпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
  • Еңбек рыногы арқылы жұмыс күшiн жалдап пайдалану процесi;
  • Белгiлi бiр пайызға несие берудегi несиелiк қатынастар жиынтығы;
  • Шетел фирмалары мен бiрлескен кәсiпорындардың айырбас процестерi;
  • Тауар, валюта, қор биржалары мен басқа да рыноктардан тұратын рыноктық инфрақұрылымдардың iс-әрекет процестерi.

Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық құрылымдар мен қызметтерге қолайлы орта қалыптастыруымыз керек. Экономикада рыноктық дамуына келесiдей шарттардың болуымен iске асады:

  • Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк, акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай етiп жайлап өту керек;
  • Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
  • Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту;

Рыноктық факторлардың екiншi тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты шаралар жүйесi және шаруашылық жүргiзудiң рыноктық әдiсiне көшу туралы экономикалық заңдар мен тәртiптердi қабылдау жатады. Бiрiншiден, меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң көптүрлi формалары қалыптасу үшiн және орынсыз пайдалануға жол бермейтiн, нақты шаралардың болуы қажет. Екiншiден, экономиканың жетекшi салаларында құрылымдық өзгерiстер жүргiзiп тапшылықты жою керек. Үшiншiден, шетел капиталының қатысуымен және аралас кәсiпорындарды құру арқасында экономикалық ашық жүйеге айналдыру болы птабылады.

Сондай-ақ рыноктық қатынастардың дамуы ең алғашында жекелеген тауарлар айырбасы негiзiнде жүзеге асып отырды. Мысалы, бiр қап ұнға бiр балта және тағы сол сияқты айырбас формалары сипатында болды. Ал бүгiнгi таңда экономиканың күрделенiп, оның салаларының және салаiшiлiк құрылымының әр түрлi формаларының дамуына байланысты және жаһандану процестерiнiң одан сайын күрделене түсуi негiзiнде рыноктық қатынастарда күннен-күнге күрделене түсуде.

Рынок экономикасы қызмет етуi, оның белгiлi элементтерiнiң болуын талап етедi. Осы элементтердiң жиынтығы рынок жүйесiн құрайды.

Рынок қатынастардың бiрiншi элементi және өте маңызды элементi — өндiрушiлер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлiнiсi процесiнде қалыптасады – бiреулерi тауарды өндiредi, екiншiлерi оны тұтынады. Бұл жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiмен байланысы, әрқайсысының әрекеттерiнiң нәтижелерiн айырбастау арқылы жүрiп отырады. Рынок шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негiзделедi және рыноктар қатынастар негiзiнде iске асып отырады. Рынокта өндiрушiлердiң басты мақсаты өздерiнiң өндiрiс көлемiнде пайдасын максималдап, өндiрiс шығындарын минималдауға ұмтылады. Ал тұтынушылар өздерiнiң бюджеттiк сызығы мүмкiншiлiгiне байланысты қажеттiлiктерiн толық өтеуге ынталы болады.

Рынок экономикасының екiншi элементi – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екi мәселенi ескертемiз. Бiрiшi, баға рынокта сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады, яғни бұл жетiлген немесе еркiн бәсекелестiк жағдайда орын алады. Екiншi жеке бiр фирманың немесе бiрнеше фирманың, мемлекеттiң және сыртқы факторлар әсерiнен баға рыноктан бағадан өзгеше болып қалыптасады. Бұл жағдай көбiнесе рыноктың жетiлмеген бәсекелестiк жағдайына сәйкес келедi. Мысалы, рыноктық баға ол осы рынокқа қатысушы көптеген фирмалардың орта тиiмдi бағалары негiзiнде, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасында қалыптасады. Осы рыноктық бағаның қалыптасуын және рыноктың тепе-теңдiгiн келесi 1-шi суреттен көре аламыз:

1-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, рынокта ұсыныс пен сұраныс орын алады. Олар өздерiнiң заңдылықтарына байланысты рынокта белгiлi бiр орынға ие болады. Ал осы сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесiнде рыноктық баға (Р0) және тиiмдi өндiрiс көлемi (Q) қалыптасады. Осылардың барығының қиылысу нүктесi рыноктық тепе-теңдiк (Е) деп аталады. Бiр шын өмiрде мұндай тепе-теңдiк қолайлы жағдай орын алуы бола бермейд. Ол белгiлi бiр қысқа мерзiмде ғана көрiнуi мүмкiн.

Көбiнесе рыноктық жағдай осы тепе-теңдiк жан-жағында орын алып отырады. Мысалы, мемлекет кейбiр тауарларға рынокта жоғары баға белгiледi деп айталық, онда келесiдей жағдай орын алады:

рынокта баға өсуiне байланысты ұсыынс заңына орай өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiс көлемiн көбейтедi, ал тұтынушылар сұраныс заңына байланысты бағаның өсуiне негiзделiп сол заттарды сатып алуын азайтады. Нәтижесiнде рынокта өндiрiстiң өсуi және сұраныстың азаюынан өндiрiс оырндарының шығарған өнiмдерiне сұраныс болмай, олар дағдарыстық жағдайға душар болады. Осыған байланысты өндiорiс орындары бағаны қайтадан төмендетуге немесе мемлекет тұтынушылардың жалақысының өсуiн қамтамасыз етуге ынталы болады. Яғни, қаншалықты тепе-теңдiк бзылғанымен, ол белгiлi бiр мерзiмнен кейiн өзiнiң тиiмдi орнына қайтадан оралады. Бiр сөзбен айтқанда рыноктың тиiмдiлiгi де сол, ол өз өзiн реттеп отырады.

Рынок экономикасының төртiншi, негiзгi элементтерiнiң бiрi – екi құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға қажеттiлiк болып көрiнедi. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы болып табылады. Рыноктық қатынастарда сұраныс өндiрудiң ең тиiмдi әдiсiн қолданудың және ресурстарды тиiмдi пайдаланудың стимулы болып табылады.

Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау жасайды.

Сұраныс заңы — тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол (D) сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 2-шi суреттен көре аламыз.

Суреттегi сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн бiлдiредi.

Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын қысқарта бастайды.

Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға деңгейiн белгiлейдi.

Ұсыныс болса өз кезегiнде өндiрушiлермен тығыз байланыста және олар рыноктық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етедi. Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игiлiктердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететiн, рынок механизмiнiң өте маңызды элементтерi. Ұсыныс ұсыныс заңы бойынша рынокта бағалардың өсуiмен ұсыныс көлемi де өсiп отырады, яғни баға өсiмi мен ұсыныстың өсуi тiкелей байланыста болып табылады.

Рынок механизмiнiң қызмет етуiнде бесiншi элементi – бәсеке. Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “… рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес…”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.

Бұл пайданың жоғары болуын және осының негiзiнде өндiрiс масштабын кеңейтудi қамтамасыз етедi. Бәсеке рынок субъектiлерiнiң өзара әрекетiнiң және пропорцияларды реттеу механизмiнiң формасы болып табылады. Экономиканың белгiлi өкiлi А.Смит бәсекенi рыноктың “көрiнбейтiн қолы” деген. Оның мәнi адамдар өз мүдделерiне сәйкес, өздерiнiң қара басының қамын ойластырып әрекет етедi. Осы әрекеттердiң жалпы жиынтығы қоғамның пайдасына шешiледi, олар осы бәсекелестiкке бара отыра қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенiң басты қызметi экономиканың реттеушiлерiнiң – бағаның, пайданың нормасының, пайыздың және т.б. құралдардың мөлшерiн анықтау болып табылады.