«Аграрлық» сөзі ( латын тілінде agrarius) – «жер, жерді игеру, жерді пайдалану» деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды, олардың даму деңгейі мен дара байланыс формалары саяси және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болады. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылу кезеңі 1985-1990 жылдарға сәйкес келеді. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенге – ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сақтау, тұтынушыға жеткізу жатады. Аграрлық өнеркәсіптік кешеннің дамуын қамтамасыз ететін (ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар өндіру кәсіпорындары) басқа да салалары бар.
Аграрлық өнеркәсіптік кешен – республика шаруашылығының жетекші саласының бірі.
Агроөнеркәсіптік интеграция процесінің дамуы Қазақстанда бірнеше кезеңде жүргізіледі. Ол тарихи сатылардың қарапайым түрінен барынша күрделі түріне дейін қамтыды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу, азық –түлік салғыртын, азық – түлік салығымен алмастыру мемлекет пен шаруалар арасындағы экономикалық байланыстар сипатын түбірінен өзгертті. Басқарудың экономикалық тәсілдерін қолдану ауыл шаруашылығын қайта құру мен кооперативтік жоспарды ойдағыдай жүзеге асыруда шешуші маңызға ие болды. Ауыл шаруашылығы өндірген шикізатты қайта өңдеу тек ауыл шаруашылығы кооперациялары мен тұтыну жүйесінде ғана жүзеге асырылды. Ал бұл салалардың күш –қуаты әлсіз болатын.Агроөнеркәсіптің кешенінің дамуындағы көптеген өзгерістер коллективтендіруді аяқтау, маши-на – трактор станцияларын құру, ірі – ірі егін және мал шаруашылығын ұйымдастыру кезеңімен байланысты.Ауыл шаруашылығының кейбір салаларын дамытуды жеделдету үшін арнайы мамандандырылған мал өсіретін, сүт өндіретін, егін шаруашылығымен айналысатын, сөйтіп осының негізінде мал өсіруші, қой өсіруші деген сияқты және басқа да көптеген мамандандырылған мемлекеттік бірлестіктер ұйымдастыруға бағыт алынды. Агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуының осы кезеңіне ауылшаруашылығының басқа да салаларға тәуелділігінің аздығы, берік байланысты дамытуға ұмтылудың жетімсіздігі тән еді. Агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастырудыңформасы мен мазмұны жағынан бүтіндей ерекше түрі басқару трестік жүйесінен территориялық — өндірістік құрылымына көшу болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен ілгерілеушілік болды.Аграрлық өндіріс жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға көшіріле бастады, шаруашылық аралық кооперация мен агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикалар мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеттері мен өлкелік, облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері құрылды. Енді еліміздің әртүрлі аудандарында ғылыми өндірістік бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады.Олардың бір – бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске барар жолын қысқартса,екінші жағынан серіктестер арасындағы кооперативтік келісім – шарт негізіндегі байланыстар өзара шаруашылық есепке қызығушылық пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік
және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып отыр.Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті басқарудың жаңа түрлерінің артықшылық-тары былай сипатталады: біріншіден бұл жаңалықтарды дұрыс пайдалану
нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық–түліктерді сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі.Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу мен тағамдық азық – түліктердің сапасына деген көзқарас пен қамқорлық артады.Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті ұйымдастыруды шын мәніндегі шаруашылық есеп пен өзін — өзі қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді және мәжбүр етеді.
2002-2003 жылдары Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылға арналған мемелекеттік аграрлық азық – түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін салалық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оларда агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің өсуімен ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдауымен байланысты қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция) қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жету мүмкін еді.
Ауыл шаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Ауыл шаруашылығында экономикалық белсенді халықтың жартысы еңбек етеді. Экономикалық белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз — қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін (қызмет көрсету саласы мен жеке шаруашылық иелерін қоса есептегенде) халықтың бір бөлігі. Қазақстандағы жер реформасына байланыс ты ауыл шаруашылығы үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, шаруа шаруашылығы және халықтың жеке шаруашылығы.
1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы салаларының негізгі қызметін атқаратын заңды түрде жұмыс жасайтын ұйым.
2) Ал шаруа шаруашылығына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер пайдаланып, отбасылық еңбек бірлестіктерін құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егіп, одан өнім алу жатады.
3) Халықтың жеке шаруашылығына олардың жеке бау – бақшалары, саяжайға бөлінген жері және олардан алын-ған өнімдері жатады.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі – ол табиғатқа, топырақ пен ауа райы жағдайына тәуелді. Ауыл шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына негізделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жер деп атала-ды. Оның құрамына жайылым, егістікке жарамды жер мен пішендемелік жер кіреді.
Жайылым жер дегеніміз – мал жайылымы үшін пайдаланылатын ірі қара мал жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына жарамды жердің бір бөлігі.
Егістік жер – дегеніміз көп жылғы шөптесін және ауыспалы мәдени дақылдарды егуге жарамды жер.
Пішендемелік жер – пішендеме шабу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары — өсімдік және мал шаруашылығы бір–бірімен тығыз байланысты және іс жүзінде бірін –бірі толықтырып отырады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой, ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – археологиялық қазбалардан табылған қыш құмыралардағы арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады. 1990 жылдан бастап республиканың өнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік – экономикалық өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн га жер бар. Оның 25,7 млн га егістік, 3,6 млн га шабындық, 103,5 млн га-ы жайылымдық (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымдар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. 1997ж. Қазақстанда жалпы саны 42335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 701-і акционерлік қоғамдар, 3714- і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-і мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріс-ке ұшыратып қоюға ғана жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға,өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны 705,4 млрд теңгеге жетті (1997ж.). Оның 41,5% -ы мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21,5 млн га оның ішінде дәнді дақылдар 15,7 млн га болды. Бидай 11,5 млн га, күріш 65,2 мың , жүгері 69 мың га қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал азық дақылдары 5,4 млн га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі – 12,4 млн т құрайды. Оның ішінде бидай 8,9 млн т, күріш 255,0 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, мақта 198мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1,5 млн т, көкеніс 880 мың теңге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкеністен 100.6 ц болады. 1997 аяғында ірі қара малдың саны 4,4 млн, оның ішінде сиыр 2,2 млн, қой мен ешкі 10,9 млн, жылқы 7,7 млн, құс 15,9 млн болды. Ет 1,3 млн т, сиыр сүті 3,2 млн т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндіріледі. (Қазақстан энциклопедиясы бойынша).
Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи – климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін байқауға болады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік – шаруашылық ара қатынасының тұрақсыздығы, ауылға мемлекеттік қолдаудың – тоқтатылуы, инфляцияның шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы, сондықтан оларға өнім иелерінің қол жетпеуі, төлемеушіліктің өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдері оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұраныстың шектелуі – ауыл шарушылығының негізгі проблемасына айналды. Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық – түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтырының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады. Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылық аграрлық сектордың тиімді құрылымына айналады да оның дамуы бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін.
— Тұтынушы шаруашылығы түрінде , егер ол, тек қана жеке қажетті қанағаттандыруға жұмыс істейтін болса;
— Егер ол өнімді өзі үшін өндіріп, ал артығын рыноктық құрылымдар арқылы сатса, онда аралас түрде.
— Егер өнім сату үшін өндірілетін болса, онда тауарлы шаруашылық түрінде;
— Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе бірлестіктер түрінде. Бұлардың әр тобы үшін әрқайсысының өзіне тән міндеттері шешілуге тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі де елдің ауыл шаруашылығының әлуметтік және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шағын түрлерін дамытуды өңірлік бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:
— халыққа малдың төлі мен құстың балапанын сату;
— Ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан бордақылап; кейін кәсіпорын арқылы сату үшін, малдың төлі мен құстың балапанын бөліп беру;
— Халықтан көкөністі; жеміс пен жидекті; сүт пен етті сатып алуды ұйымдастыру өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдайтын пунктерін ашу;
— Картоптың және басқа дақылдардың тұқымын сату;
— Құрама жемге; минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарына, мал дәрігерлік препараттарға жеңілдігі бар баға тағайындау;
— Мал мен құс ұстайтын халыққа мал азығын аванспен беру;
— ЖҚШ мал тұқымын асылдандырудың, малдәрігерлік, фитосанитарлық және агротехникалық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесіне қосу; 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік азық – түлік бағдарламасының негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
елдің азық – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемін ұлғайту;
ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету;
Аграрлық азық – түлік бағдарламасының тиімділігін бағалау үшін агроөнеркәсіптік кешеннің сапалық жай – күйін анықтауға мүмкіндігін беретін өлшемдер жүйесі қайталанылатын болады. Ағымдағы жай – күй мен күтілетін нәтижелер мынадай өлшемдер топтары бойынша бағаланатын болады:
1) Халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуді және қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық деңгейін сипаттаушылар,
а) азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;
ә) ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;
б) мемлекеттің материалдық резервтер жүйесінде азық – түлік запастарының болуы;
в) ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерін өндірудің қажетті көлемін сипаттайтын шекті мәндер;
г) тамақ өнімдерінің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі;
2)Ауыл шаруашылығыөндірісін және қайта өңдеудің дамытудың тиімділігінсипаттаушылар: а)аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсіпорындары кірістерінің деңгейі; ә) ғылыми негізделген аграрлық технологиялар мен қайта өңдеу тех нологияларын қолдану деңгейі:
б) ішкі азық – түлік саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігі;
в) сырқы сауда айналымы;
г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары сыйымдылығының теңдестірілуі;
ғ) халықты жұмыспен қамтудың өсуі.
3) Аграрлық азық-түлік кешенін мемлекеттік реттеу деңгейін сипаттау-
шылар;
а) заңнамалық базаның агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-
теріне сәйкестігі;
ә) ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге
кедендік –тарифтік және салық режимі;
б) тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;
в) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
бақылау және қадағалау жүйесі.
г) ауыл шаруашылығы өнімі мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік
қолдау мөлшерлері және тиімділігі.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік
қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер беруді (салықтар жеңілдіктері, борышты өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 1996 -1998 жылдармен салыстырғанда, абсалютті көрсеткіштерді 14,5 пайызға жоғары, алайда теңгеге есептегенде, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1996 – 1998 жылдардағы 0,18 теңгеден 2001 жылы 0,16 теңгеге төмендеген. Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен жасалатын шығыстар Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда – 1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен салыстырғанда (107,5$) 15 есе, Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам. ЕҚ-мен салыстырғанда (855$) 115 есе, Швейцариямен (4214$) салыстырғанда 570 есе төмен екенін көрсетіп отыр.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің АҚШ-та 70%-ына, Германияда 50%-ына, Жапонияда 75%-ына дотация беріледі. Егер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік қолдаудың қандайда бір жүйесі болса, өнімдерді ұқсатуға қатысты ол осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Мәселен, бүкіл 1996-2001 жылдар кезеңінде салаға едәуір дәрежеде Азия Даму Банкі заемдарының есебінен жеңілдікті кредит беру арқылы ғана қолдау жасалып келді. Импорт алмастыру бағдарламасында тамақ өнімдерін өндіруге тиісінше назар аударылмаған.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз ету жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына (бұдан әрі – ҰААЗО) жүктелген.Республиканың аграрлық ғылыми саласында 29 ғылыми-зерттеу иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы, орман және ветеринарлық станциялар және 31 тәжірибелік шаруашылық бар, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар нысанында жұмыс істейді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҰААЗО қарамағына енеді. Білім және ғылым министрлігі ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аграрлық — өнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлардың және микроорганизмдердің 2001-2005 жылдарға арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану республикалық нысаналы бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 2001 жылы – 230 млн т, 2002 жылы – 406 млн теңге, ал 2001 – 2005 жылдарға арналған Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруді, «ұқсату мен сақтауды ғылыми қамтамасыз ету» салалық ғылыми – техникалық бағдарламасы бойынша 2001 жылы — 404,3 млн теңге, 2002 жылы — 404,43 млн теңге болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру көлемі 2001ж. — 28,6 млн теңге, 2002ж. — 36,8 млн теңге болған «Ауыл шаруашылығындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың элиталық тұқымдарының гендік қорын сақтау тұқымдарды және асыл тұқымды жануарларды өсіру мен сату үшін элиталық тұқым өсіру мен мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына субсидия беруді «гендік қор» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырып келеді және гендік қорды шаруашылықты пайдалануды қамтамасыз ету және өндірілген тұқым шарушылығы мен асыл тұқымды өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін жауап болып отыр.