Республикалық бюджет, негізінен, жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциясымен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Республикалық бюджеттен қаражаттың жұмсалуы.
Республикалық бюджеттен мыналарды қамтитын мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі:
1)Халықты әлеуметтік қорғауға арналған жалпы мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік, мемлекетаралық және өкілді органдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет және бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шығыстар:
білім беру және денсаулық сақтау саласындағы; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы; қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, сот және қылмыстық-түзеу жүйесі саласындағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы;
туризмді,спортты ұйымдастыру жөніндегі орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын шаралар бойынша және мәдениет саласындағы;
мемлекеттік радио мен теледидар және басқа да мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі жөніндегі;
ауыл шаруашылық тауар өндірулерін қолдау, ауыл шаруашылық өндірісін кеңейту, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері мен мол ауруларына қарсы күресу жөніндегі және басқа да басым мақсаттар жөніндегі;
орман шаруашылығын молықтыру және қорғау, экология, жануарлар дүниесін молайту, қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және дамыту жөніндегі;
жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру және тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыстың, геологиялық- барлау, геодезиялық және сейсмологиялық жұмыстардың, жер қойнауын қорғаудың, жерге орналастырудың, нормативтік негізін орнықтыру, сумен жабдықтау мен канализацияның ірі объектілерін салу шаралары жөніндегі;
мемлекеттік борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды орналастыруға байланысты мемлекеттік міндеттемелерді орындау жөніндегі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларына сәйкес басқа да жалпы мемлекеттік басым шаралар, соның ішінде мемлекеттік борышқа қызмет көрсету шығындары жөніндегі шығыстар;
2)қысқа мерзімді, орташа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларды орындау үшін әдетте мемлекеттік банктер арқылы қайтарымды негізде бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты;
3)мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу.
Бюджетті әзірлеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, бюджеттің ағымдағы атқарылуын бағалаудың макроэкономикалық көрсеткіштердің серпімдігінің, ақша-несие саясатының негізінде алдағы қаржы жылына арнап жасалған бюджет саясатының негізгі бағыттарын және мемлекеттік біріктірілген қаржы балансының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.
Алдағы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттарды және мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасы мақұлдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы қабылдап, онда бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бюджет жобасын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс ету тәртібін, мерзімін белгілейді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарау және бекіту тәртібі қолданылып жүрген заңдар негізінде белгіленеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жасалу және атқарылу ережелерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бағдарламалар бойынша жұмыстар атқарумен қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру, әдетте, конкурстың негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер жариялайды.
Республикалық бюджетті жасау.
Мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу және алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан жергілікті бюджеттердегі қаржы аудару нормативтерінің және республикалық бюджетпен жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезінде негізге алынатын ірілендірілген параметрлерін айқындау үшін негіз болып табылады.
Республикалық бюджеттің жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бюжеттік жіктеуге сәйкес әзірленеді.
Республикалық Бюджет туралы заңның жобасында түсімдердің барлық түрінің жиынтығы, ретке келтіруші жалпы мемлекеттік салықтарды бөлу нормативтері, сондай-ақ бюджеттік жіктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының мөлшері, оны жабу көздері атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер кіші қызметтер мен мекемелер бойынша шығыстардың шекті мөлшері сондай-ақ ресми трансферттердің жобаланып отырған мөлшері көрсетіледі.
Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі.
Республикалық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылай түсу Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да заңдық бастамаларнегізінде осы Заңның тәртібі мен ережері бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттердің жасалу, қаралу, бекітілу және атқарылу тәртібі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттерінің болжап отырған жобасы мен оның құрамындағы келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобаланып отырған ірілендірілген шотын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдағаннан кейін бір апта мерзімде бірақ 15 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне олардың бюджеттрінің кірісіне жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан бөлінетін қаржының жобаланып отырған мөлшерін жалпы мемлекеттік бағдарламаларда қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінбекші болып отырған қаражаттың сомасы және қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үшін алатын несиенің шамамен алынған сомасын, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың басқару аппаратын ұстауға арналған шығыстардың шеткі лимиттерін хабарлайды.
Жергілікті бюджеттердің жасалуы, бекітілуі және атқарылуы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен бюджеттік жіктеуге сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттерде жоспарланып отырған қаржы жылының басчындағы жергілікті бюджеттер қаражатының қалдығы есебінен қолма-қол ақшаның айналым резерві құрылады, оны жергілікті атқарушы органдар қаржы жылы ішінде өтімділікті басқару үшін пайдаланады. Қолма-қол ақшаның айналым резервінің мөлшері тиісті жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде айқындалады.
Тиісті маслихаттар алдағы қаржылық жылға арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін І тоқсанның бюджетін атқару алдағы қаржылық жылға арналған жылдық бюджет жобасының ¼ бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің атқару тәртібі.
Республикалық бюджеттіңі атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.
Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде бюджеттік мақсаттарға сәйкес шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиісті қаржы жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлінген қаржыларды мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланған жағдайда бюджет қаржыларын бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға құқылы.
Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге қажетті ақпаратты оларға белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен қызметтерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінген қаржыға мекемелер бойынша өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Республикалық бюджет есебімен ұсталатын ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келісімімен бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан айрықша саладан екіншілеріне қаржы аударуы мүмкін.
Жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс мақсаты қорлардың есебінен ұсталатын ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үйлесімсіз шаруашылық жүргізуші субъектілерге республикалы бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмейді.
Егер бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары нормативтікқұқықтық актілер қабылдаса, соларға сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің шығыстары ұлғайса не кірістері азайса, олардың шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардан шығыстары азайған немесе кірістері ұлғайған жағдайда субвенциялары азайтылады, ол субвенциялық емес салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға жатқызылады.
Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетін атқару барысында өткен кезең ішіндегі кірістерді артығымен орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық бюджет бойынша қаражат қалдығының есебінен қолма-қол ақшаның айналым резерві құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде өтімділікті басқару үшін пайдаланады.
Төтенше мемлекеттік бюджет.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын республикасының төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуі мүмкін. Төтенше мемлекеттік бюджет қолданылған кезде республикалық Бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің қолдануы тоқтатылады.
Төтенше бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабарланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу немесе таралуы ауқымды сипат алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан экономикаға экономикалық және қаржылық жағынан келтірілген едәуір залал төтенше бюджетті енгізуге негіз болып табылады.
Бюджеттің атқарылу туралы есеп беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның тапсыруымен Қазақстан Республикасының министрлігі Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы түсіндірме жазбасымен және қосымшаларымен жылдық есеп, сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы туралы айлық және тоқсандық хабарлама табыс етіп отырады. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын алдағы жылға арналған жергілікті бюджет туралы маслихат шешімінің жобасы ұсыну үшін белгіленген мерзімде бекітуге жоғары тұрған атқару органға және тиісті маслихатқа бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ай сайын есеп беріліп отырған кезең үшін қорытындысы еселене түскен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық есеп жасап, оны Қазақстан Республикасы Үкіметіне табыс етеді.
Барлық министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар осы Заңға сәйкес бюджеттің жасалуы және атқарылуы жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі әзірлеген нормативтік актілерді басшылыққа алуға міндетті.
Бюджет тапшылығының ұлғайып, одан әрі өсуінің басты себебі орасан зор бюджет шығындары. Бұл шығындар ұлттық экономиканы тұрақты түрде құлдыратады. Мемлекеттік шығындарды көмітуге «бұдан әрі болмайды» деп қарсыласу мүдделі топтардың оны қайта бөлу механизмдерін сақтап қалуға тырысуынан пайда болады да, экономикалық өсуді қамтамасыз ету емес, оның өсуі жолдарын қарастырудың өзі шешуі қиын мәселеге айналады.