Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады..
Аудти тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі – ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.
Қазіргі кезде біздің елімізде қабылданған “Бухгалтерлік есеп стандарты” заңына сәйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржылық –шаруашылық нәтижесінің есебі;
- ақша қаражатының есебі.
Қандай құрылымдық түрде болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің заңды талабына сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық нәтижесінің есебі.
Бухгалтерлік есебі, баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдіс. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.
Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашылық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.
Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.
Біздің елмізде қазіргі баланс, халықралық үлгідегі сәйкес формада іске асырылуда. Ондағы мақсат баланс мәліметі өте тұжырымды, көлемі жағынан өте тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетто немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның төзу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал таза табысы шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қалдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады.
Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухглтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.
Республикамыздағы “Бухгалтерлік есеп” департментінің белгіленген бухгалтерлік балансының үлгісі (үлгі №1)
Актив Баланс 01.01.1997 ж.
Шаруашылық субъектісі мүлкінің баптары Е | Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзінің баптары |
Негізгі құралЖиналған тозу табыс сомасыНегізгі құралдың қалдық табыс сомасы Бітпеген құрылыс табысы (сомасы) Ұзақ мерзімділік инвестиция Өндірістегі бітпеген өнім табыс сомасы Дайын өнім Дебиторлардың берешек табыс сомасы Қысқа мерзімділік инвестиция Ақша қаржысы |
Жарғылық қор (капитал)
Қосымша төленген капиталҚосымша төленбеген капитал Резервтік капитал Осы жылғы бөлінбеген табыс Ұзақ мерзімділік, кредиторлық алажақ табыс Қысқа мерзімді несие Кредитордың алажақ табыс сомасы Келешекте болатын табыс сомасы |
Баланс |
Баланс |
Қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебін жасаудың алдында кәсіпорын табысына түсініктеме беру қажет. Бесінші бухгалтерлік есеп стандарты шаруашылық субъектісінің табыс сомасын анықтауға арналған. Бұл заңның ерекшелігі сол, ол шаруашылық субъектісінің өнім, тауар сатудан, қызмет көрсетуден алған төлемі кәсіпорын табысы деп анықталған. Сонымен қатар табысқа басқа шаруашылық субъектілерінің несие түрінде пайдалануы әсерінен алынған “процент”, акцияға жұмсалған қаржыдан девиденд, құнды қағаз операциясынан түскен табыстар жатады.
Стандарт талабына сәйкес “қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебін” жасаған кезде шаруашылық субъектісі өзінің түсініктеме хатында анықтама беруге тиісті:
- Кәсіпорын табысын анықтауға арналған есеп саясатында көрсетілген ереже нұсқауға түсініктеме беруге;
- нақты табыстар түріне түсініктеме беруге міндетті; тауар сату табысына; қызмет көрсету табысына; “процент” несие беру операциясынан; рояти – компьютер программасын, патенит, сауда маркасын пайдаланғаны үшін төлем, девиденд табысына “акцияға” жұмсалған ақша қаржысынан түскен табысқа;
- бухгалтерлік есеп стандарты бойынша қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебі
Қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебі
1. Дайын өнімді сатудан түскен табыс (+)
- Дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны (- )
- Дайын өнімнің жиынтық табысы (%) (1-2)
- Кәсіпорын шығыны: жалпы және әкімшілік шығыны (- )
4(а) Тауарды сату шығыны (- )
- “Процент” төлеу шығыны (- )
- Негізгі кәсіпкершілік табысы (зияны) (3-4,4а-5)
- Қосалқы кәсіпкершілік табысы (зияны) (+,- )
- Салық төленге дейінгі табыс (6+7-8)
- Табыс салығы (%) (%)
- Салық төленгенге кейінгі табыс (8-9)
- кездейсоқ апаттан түскен табыс(зиян) (+,- )
- Таза табыс (зиян) ?