Негізгі құралдар аудитінде колданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады.Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:
НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау — жіберу актіісі;
НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;
НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;
НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;
НҚ-6 формасы — негізгі құралдар есебінің
НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;
НҚ-15 формасы — қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;
НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.
Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуның синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі.
Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз ету керек:
- Негізгі құралдардың тұтастығы мен бар болуын бақылау;
- Жабдықтардың негізгі құралдарға жатқызылу дұрыстығы;
- Негізгі құралдардың есепте бағалану дұрыстығы;
- Негізгі құралдардың түсуі мен шығуы бойынша операциялардың есепте көрінуі мен толтырылуы дұрыстығы;
- Негізгі құралдардың тозуы мен жөнделуінің есепте көрінуі мен есептелу дұрыстығы;
- Бухгалтерлік есеп пен есеп беруде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтердің көріну дұрыстығы.