Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжар-ларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.
Қазақ билеушілері «ішкі жаққа» көшу құқығына қол жеткізу қажеттігі туралы мәселеде бірауызды болды. Осы ниеттерді білдіре отырып, Нұралы сол жерлерді қазақтардың пайдалануына рұқсат ету туралы патша әкімшілігіне ұзақ уақыт хат жазып, көптеген етініштер жолдады. Хат жазысумен және келіссөздермен қатар, қазақтар бұған жасырын кешу жолымен қол жеткізді. Мәселен, 1759 жылдың қысында саны едәуір қазақтар Жайықтан өтті. Алайда олар мұнда қалмақтарға тап болып, қалмақтар олардың саны 40 мындай әр түрлі малын қолға түсірді, мұның өзі екі жақты соғыс жағдайына әкеп соқты.
Патша әкімшілігін жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге басқа да әрекеттер жасалды. Мысалы, Ералы сұлтан Бұхара мен Хиуадан Орынборға бара жатқан керуендерді ұстап алды. Алайда бұл сауда байланыстарын тоқтатып қана қоймай, Орталық Азияның Ресеймен қарым-қатынасын да тоқтатып тастады. Сайып келгенде патша әкімшілігінің Кіші жүз билеушілерімен қатынастары шиеленісті. Патша өкіметінің өкілдері қазақтардың «ішкі жаққа» көшуіне түрліше қарады. Мәселен, бір кезде П. Рычков пен А. Тевкелев арқылы Орынбор әкімшілігі қазақтарды Ресей өкімет орындары жағына шығару оларды жеңілдіктер жасай отырып, тарту арқылы мүмкін болады деп санады.
Бұл әкімшілер Жайықтың оң жағасына көшіп баруға байсалдылықпен қарады. Бірақ Орынбор губернаторы А. Р. Давыдов ешқандай ымыраға жол бермеді. Бірыңғай пікірге келу керек болды. Императрица қазақтар жағдайының қиындығын байыптап жатпай, қаншіерге қатаң түрде былай деп ұсынды: «Маған қырғыз-қайсақ ханына оның өз малымен Жайықтан өтуге рұқсат беру туралы қоймай қойған өтінішіне оңай жауап қайтаруға болатын тәрізді. Ол Ресей бодандығын мойындайды, демек ол тындайтын болады және өз малымен өзі сұраған жерге бармайды, кез келген Ресей боданы сияқты өзіне рұқсат етілмеген жерге өте алмайды.
Ал егер оларда мал азығы аз болса, (мейлі) ақшаға сатып немесе тауарға айырбастап алсын немесе қысқа қор жасасын, оларға осыны істеуге де кеңес беріңіз». Ресей мен қазақ жүздерінің ортақ шекарасы құрылуына және олардың неғұрлымт ығыз жанасуына байланысты құлдардың Ресей шегіне қашу реттері көбейді. Қазақтарда патриархаттық құлдық ерте заманнан бері бар еді. Тұтқындар соғыстан кейін құлдыққа түсті, олар сатып алынды, сыйға тартылды және ауқатты қожалыктарға демеу болды.
Патша өкімшілігі оларды христиан дініне кіру шартын қойып қабылдады. Қашқан құлдардың бәрі іс жүзінде қайтып берілмеді. Олар бос жатқан жерлерге жіберілді, жер жұмыстарына пайданылды, рекруттарға алынды, көпшілігі дәулетті адамдарға қызмет етуге ілікті. Байлар мен сұлтандар таусылмайтын хат жазып, құлдардың қайтарылуын сұрады, алайда патша үкіметі бұған көнбеді.
Жайылымның тапшылығы Кіші жүз қазақ руларының бір бөлігін Жайық Сағыз өңірінен Жем жағасына, Сырдарияның төменгі ағысына көшіп баруға мәжбүр етті. Онда қазақ қауымдары бұрын да шашырап жүрген еді. Нұралы адамдардың кең кеңістікке көп тарап кететіндігі, қарақалпақтарды түрікмендермен қақтығыстар болу мүмкіндігі себепті бұл аудандарға келіп кетуден қауіптенді. Оның үстіне, қазақтардың оңтүстікке жаппай көшуінен кауіптенген патшалық өкімет орындары ханды шеп маңында ұстады, өйткені бұлар оларға өз ықпалын жоғалтып алатын және қазақтардың Орта Азия хандықтарымен байланысы күшейетін еді. Қазақтар үдере көшпегенімен, олардың бір бөлігі дегенмен де оңтүстік шектерге өтіп кетті.
Нұралының ойлағаны Кіші жүздің көшіп жүруі үшін жер іздеу болды. Жоңғар хаңдығы біржола ыдыраған жылы Жоңғарияның кең-байтақ бос жайылымдарын пайдалану туралы мәселе туды. Енді бұл жерлер Кытайдың билігінде еді.
Нұралы хан сол жерлерді иелену жоспарларын ойластырды. Осыған байланысты алдын ала уағдаластық бойынша императрица Елизавета Петровна арнайы грамота арқылы Кіші жүздің ханы мен сұлтандарына 30 мың әскер Жоңғария шегіне кіруге әзір тұруды ұсынды. Ералы сұлтанның арада жүруі арқылы Қытаймен белгілі бір дипломатиялық қатынастар орнатылды. Алайда бұл ниеттер мен келіссөздер іс жүзінде нәтиже бермеді.