Аталық (еркектің) жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүше болып екіге бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: ен, ен қосымшасы немесе сағағы, ұрық шығаратын және ұрық шашатын жолдары, шәует қуықшасы, куықалды безі және бадана (үрпі) безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне: ұма және еркектің жыныс мүшесі жатады.
Ен — ұма ішінде орналасатын жыныс безі. Оның пішіні — сопақша, ұзындығы — 4,5 см, ені — 3 см, қалыңдығы — 2 см, салмағы 15-30 грамм. Ен аралас бездерге жатады, өйткені онда негізінен ұрық (сперматозоид) жетіледі және ішкі бездер тәрізді гормон бөледі. Еннің шеткі және ортаңды беттері, алдыңғы, артқы екі жиегі, жоғарғы ұшы және төменгі ұшы болады.
Еннің сырты ақ түсті талшықты қабатпен қапталады. Оны ақ қабат дейді. Ен паренхимасы сол қабаттың астында жатады. Паренхиманың арасына ен аралықтары орналасады. Одан желпуіш тәрізденіп көрінетін еннің парен-химасын бірнеше бөлшектерге бөлетін перделер түзіледі. Ондай бөлшектердің саны 250-300-ге дейін жетеді.
Ен сағағында 12-15 бөлшектер болады. Олардың ішіндегі иректелген жолдардың ұзындығы — 6-8 м. Ол ирек жолдар бір-біріне қосылып, ен сағағының құйрық жағынан ұрықты әкететін жолға айналады.
Ұрықты әкететін жол — ен сағасынан шәует қуығына дейін созылатын жұп түтік. Ол еннің артерия, вена және жүйкелермен қабат ұмадан жоғары қарай ұрық бауының ішімен шат түгігі арқылы құрсақ қуысына енеді де ен тамырларынан ажырап, ішпердемен жабылған күйі төмендеп, қуыктың түбіне қарай иіледі де оның алдындағы безге келеді. Оның ұзындығы — 40-45 см, ені — 2,5 мм, қабырғасы кілегейлі, бұлшықетті және бірікпе қабаттардан түзіледі.
Шәует қуығы— ұрық әкелетін жолдың шетіндегі қуық артына иілген қапшық түтік. Шәует қуығы — иілген күйінде 4-5 см жазған кезде 12 сантиметрге жететін мүше. Оның жоғарғы кеңейген бөлігін — денесі дейді, теменгі жағы сүйірленіп, түтікке айналады. Ол шәует шашатын жолға жалғасады.
Қуыкалды бездің жоғарғы жалпақ жағы — негізі қуыктың түбіне және шәует қуығына беттеседі. Оның ұшы (арех) төмен қарай бағытталып, несеп-жыныс көкетіне жетеді, ал алдыңғы беті — қасағаға жанасып жатады.
Қуықалды бездің көлденең қимасы
— 4 см, ұзына бойы — 3 см, қалындығы
— 2 см, салмағы — 20-25 г. Бездің оң және сол бөліктері ортасындағы жылғасымен бөлініп тұрады. Оның ортаңғы артқы бөлігін бездің мойнағы дейді. Кейде без мойнағы әр түрлі себептерден шамадан тыс ұлғайыл, зәр шығатын жолды қысады да кіші дәретті қиындатады.
Еркектің сыртқы жыныс мүшелері. Ұма (енқалтасы)—өзара қатынаспайтын, ортасы пердемен бөлінген бұлшықетті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркек жыныс мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады. Ұманың қабырғасы жеті қабаттан түзіледі, олар: тері, бұлшықет қабаты, ұрықтың сыртқы шандыр қабаты, енді көтеретін бұлшықет, енді көтеретін бұлшық-еттің шандыр қабығы, ұрықтыц ішкі шандыр қабығы және еннің қынап қабаты болып саналады. Бұлшықет қабатынан пайда болған ұма пердесі ұмадағы екі енді екіге бөліп тұрады.
Еркектің жыныс мүшесі. Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады. Бұл мүше жұмырланып, үш үңгір және қуысты денелерден тұрады. Оның екеуі—үңгірі дене және сыңары — кеуекті дене. Екі үңгірлі дене де жұмыр денелі, ал ұштары сүйір болып келеді. Қасаға сүйегіне тірелетін ұштары екі жаққа ажырап, аша түзеді. Бұл екі денені ақ қабық орайды. Екі дененің аралығындағы үстіңгі сайда мүшенің арқа венасы, ал астыңғы сайда кеуекті дене орналасады. Ерекше жуанданып, еркек жыныс мүшесінің басын түзеді. Бұл дене де сырт жағынан ақ қабықпен оралады.
Еркек жыныс мүшесінің қасаға сүйегіне тірелген жағы — түбірі, алдыңғы жуан бөлігі — басы, ортаңғы бөлігі — денесі, үстіңгі жағы — арқасы, басынан кейінгі жіңішкелеу жері — мойын, ал басының айналасындағы кенересі — кенере деп аталады. Жыныс мүшенің басында зәр және шәует шығатын түтіктің тік саңылаулы тесігі болады.
Еркек жыныс мүшесінің терісі өте жұқа болады және мүшенің басындағы кенерені жауып тұрады. Мұны күпек деп айтады, күпектің денесін астыңғы жағынан теріге жалғайтын бөлігі күпек жүгеншесі болып табылады. Күпектің ішкі бетінде оның өнімі мен мүшенің басын және мойнын жұмсартып тұратын майда бездер болады.
Қазақ баланы сүндетке отырғызғанда жыныс мүшесшің мойын тұсынан айналдыра кесіп алады.
Еркектің жыныс мүшесінің терісі мен қабаттарын ұманың алдыңғы тамырлары, жыныстың үстіңгі артериясы жабдықтайды. Үңгірлі және кеуекті денелер батыңқы жыныс артерияларымен жабдықталады. Веналық қан жыныс мүшесінің жонындағы батыңқы Венамен және артерияға аттас веналармен сондай-ақ, жыныс венасының ішкі тармағымен қайтады. Сарысу жолдары да жыныс мүшесінің қан тамырлары бойымен кайтып, мықын және шат сарысу жүйесіне қосылады. Бұл мүшені негізінен жыныс жүйкелері жүйкелендіреді.
Үрпі немесе зәр (несеп) шығаратын жол — қуықалды безін, несеп-жыныс көкетін, кеуекті денені қамтитын, ұзындығы 18 см түтік. Үрпі қуықтағы тесіктен басталып, жыныс мүшесінің басындағы тік саңылаулы тесікпен аяқталады
Үрпінің үш бөлігі: қықалды бөлігі, қабыршақты бөлік және кеуекті бөлігі болады.
Қуықалды бөлігі қуықалды безінің бойымен тік төмен құлдырайды, оның ұзындығы 3 см. Бұл бөліктің ортасы аздап кеңейеді де астыңғы қабырғасында ұзыншалау келген үстірт төмпешігі, төмпешіктің тебесінде қуық-алды безінің жатыршасы болады. Ұрық шашатын жолдың тесігі осы жатыршаның екі жығынан ашылады, қуықалды безінің түтігі де осы жерден ашылады.
Қабыршақты бөлігі қуықалды бөлігінен басталып, кеуек дененің буылтығьша дейін созылады. Бұл—өте қысқа (1,5 см) бөлік, тесігі де тар, несеп-жыныс кекетін тесіп ететін жері, онда үрпінің ерікті бұлшықет қыспағы болады.
Кеуекті бөлік — кеуекті дененің ішінде орналасатын ең ұзын (15 см) бөлік. Оның түбі мен бас жағында — екі жерде кеңейген шұңкыр бөліктері бар, ал басында қайың тәрізді шұңқыры болады.
Үрпінің жалпы пішіні 8 тәрізді, үш жерінен: үрпінің ішкі тесігі аймағынан, несеп-жыныс көкеті тұсынан және үрпінің сыртқы тесігінің аймағынан жіңішкереді.
Ұрық бауы ең алғашқы эмбриондық кезенде құрсақ қуысында болады да кейін жетілуіне байланысты шат түтігінен сыртқа шығып, ұманың ішіне келеді, оның ұзындығы — 15-20 м. Ұрық бауы ұрықты әкететін жолдан, ен артериясынан, ұрықты әкететін жолдың артериясынан веналық өрімнен, ен және сағақ сарысу тармағынан, жүйкелерінен, нәзік талшықты байламдарынан құралады. Осы құрамдарды ең ішкі жағынан ұрықтың ішкі шандыр қабығы орайды. Мұның сыртына қарай енді көтеріп тұратын бұлшықет, бұлшықеттің қабығы, олардың сыртында ұрықтың сыртқы шандыр қабығы, одан кейін бұлшықетті қабат және ұманың терісі орналасады.