Р. Сыздықова қазақ тілінде 1990 жылдардағы неологизм қолданыстың пайда болуына себапкер үш жағдайды атап көрсеткен.
Бірінші, өмірдің өзі әкелген жабңалықтарды атау қажеттігі. Осыған оратй көптеген ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі, оған бейімділігі күшті екені айқын болды. Соның нәтижесінде 1970-80 жылдарға дейін орысша қолданып келген устав-жарғы, программа-бағарлама, компенция-төлемақы, дакумент-құжат, информьация-ақпараот, пенсия-зейнетақы, спонсор-демеуші, процьент-пайыз, репатриант-оралым, репрессия- қуғын-сүргін, орган-мүше, ағза т.б. қазақша аталатын болды. 1920-30 жылдары біраз қолданып, кейін ығыстырылған төраға, хатшы, құқық құжат т.б. сөздер қайтадан қлданысқа енді, сусамыр (диабет) т.б. терминдер жасауға пайдаланады.
Екінші, бұрын орысша аталып немесе суреттеме (түсіндірме) жолымен беріліп келген ұғымдарды ң қазақша жатық, мүмкіндігінше дәл баламасын табуға әрекет, іздемі артты. Мысалы: жолсерік, (проводник) жолсапар (командировка), телекөпір (телемост), отбасы (семья), нарық (рынок), мердігерлік (подряд), ұшақ (самалет), тікұшақ (верталет) зерхана (ювелирная м астерская), зертхана (лаборотория), көлікдол (проезжая часть дороги) жаяужол (тротуар), бағдаршам (светафор), өткізілім (реализация), жаһандану (глобализация) т.б. орыс тілінен калькалау арқылы. Қызыл кітап (Красная книга) дөңгелек үстел (круглый стол), қайталама шикізат ( вторичное сырье ), қайтарма (отдена) т.б. сөздер жасалады.
Үшінші, бағалауыштың мәні бар сөздерді жасау қажеттілігі туды. Мыс алы: ғарыш (космос), ғарышкер (косманавт), ғарышнама (космология), атомгер (атомщик), мадақнама (грамота)ғ өмірнама (биография), ғаламшар (планета), ән ұран (гимн), елтаңба (герб), зейнет ақы (пенсия), қала басы (мэр город) т.б. терминдік ресим атаулар алғашында экспрессия , көтеріңкілік сияқты бағалаушылық мәні бар, қосалқы атаулардан пайда болған.
Неологизмдер қазақ тілінде ежелден белгілі сөзжасам тәсілдер арқылы жасалады. Мысалы: жұрнақ жалғану арқылы (-гер, баспагер, тыңгер, — нама; жаднама, дерекнама, — хана, ойынхана, дәмхана, — ғы; құрылғы, бастапқы, — ым; қойылым, басылым; сұраным, — ма; бағдарлама, дәйектеме, т.б.) түбірлерді біріктіру тілашар , қоршаңыз, жолкіре, сөзтізбе т.б. сөз тіркесі арқылы ()алтын кбітап, жұлдызы соғыс аралатпа с ауда т.б.
Бұрынғы сөзге жаңа мағына қосу арқылы (сапар, сөзі тек жол жүру дегенді емес, лауазымды адамдарға немесе біреуге барып жолығу мәнінде, жерік «желігу» мағынасынан басқа әскери желік тіркесінде «военный психоз» мәнінде терминдік мәнге ие болған).
Неологизмдер жасауда олардың жұртшылыққа қолайлы болу жағы , сөз болудың тіл тәжірибесінде қалыптасқан дағдарысы сияқты факторлар ескерілуге тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда жаңа қолданыстағы сһөздердің бәрі бірдей сәтті шықты деуге болмайды. Мәселен, қазақ тіліне ертеректе еніп, сіңісіп кеткен кірме сөздер аз емес, осылардың баршасына қазақша балама іздеу дұрыс емес. Мысалы, газетт- үйқағаз, телефонды – үнсандық, самолет — өзі ұшар т.б. деп атауды жұртшылық қабылдамайды, тілге кірікпейді. Сол сияқты ғылым, өнер, техниканың әр саласындағы интернационалдық сөздердің терминдік мағынасын білдіретін қазақ сөздерін табу немесе қолдан жасау сәтті бола бермейді.
Жаңа қолданыстағы атауларға байланыста әлі де реттейтін, нақтылайтын жайттар аз емес. Кейбір терминдер атаулар сөздіктерге бірнеше нұсқада беріліп, жарыса қолданылып жүр. Мысалы, мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен 2004 жылғы Орысша- қазақша – орысша терминдер мен атаулар сөздігінде праязын – ана тілі, төркеін тіл, универсальный – әмбебап, указания – нұсқау, нұсқа, тенденция – үрдіс, процесс- процесс, үрдіс түрінде, ал осы сөздер 2005 ж шыққан (орысша-қазақша сөздіктен) – арғы тіл, ана тіл, универсал , әмбебап, нұсқау, ереже, көшірме, төл құжат, ресмилендіру, ресмилену, жария ету, заңдастыру, нақты ой, мақсат, үрдіс, дамудың беталысы, процесс, баыс түрінде берілген.
Атаулардың әр түрлі саладағы әдебиеттерде жаңа авторлардың шығармаларында түрліше айтылып жүргені де белгілі. 1992 жылы «Жаңа атаулар» сөздігі шықты (оның алдында шағын сөздік түрінде 2 рет басылым көрген). Оғын 1970 – 1992 жж. Аралығындағы пайда болған жаңа тұлғалар мен сөз тіркестері мағынасы жаңғырған 1200 – дей сөз енгізілген. Құрастырушылар ескерткендей бұл сөздік ресми нормативтік сөздік емес және онда сол кезде туған барлық жаңа қолданыстар қамтылған. Сөздікшелердің алдына қойған мақсаты – қазақ тілінде сол кезде жаңадан пайда болған сөздердің еске алып, тіркеу ғана емес, жаңа қолданыстардың өзгеруіндегі даму үрдісімен таныстыру. Сол себептен сөздікке жаңа қолданыстардың «өмірге жолдама» алғандары да, әлі қолданысқа еркін түспегендерде енгізіліп, жұртшылық назарына ұсынылады.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму күйінде болуы дедік . Әрбір тілдің сөздік құрамының дамуына ең алдымен сол тілдің негізгі сөздік қоры ұйытқы болады. Сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы негізгі сөздік қордағы түбір сөздерден қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасалып, тілдің бүтіндей лексикасы толығып дамып отырады. Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар:
- Сөз тудырудың лексика – сематикалық тәсілі. Сөздің мағыналық жақтан даму барысында көп мағыналы бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа- басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика – семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі тіл-тілдің бәрінде де кездеседі. Орыс тіліндегі «дүние жүзі», «әлем» деген мағынадағы мир сөзі мен «бейбітшілік» деген мағынадағы мир деген екі сөз (омонимдер) бір ғана сөздің (мир) семантикалық жақтан дамуы нәтижесінде жасалған. Қазақ тілінде «өсімдіктің тамыры» деген мағынаны білдіретін тамыр деген сөз бен «өте жақын дос» деген мағынаны білдіретін тамыр сөзі де бір сөзден әр түрлі мағыналарынан алшақтап, ақырында, әр басқа ұғымдардың атауы болуының нәтижесінде жасалады. Түркі тілдерінің бәрінде дерлік «көк» сөзі «аспан» дегенді және белгілі бір (болғанмен, қазірде екі басқа мағына) түсті (синий) білдіреді. Бұл екеутінің де шығу тегі бір болғанмен, қазір де екі басқа мағынасы бар әр түрлі сөздер ретінде ұғынылады. Семантикалық тәсіл арқылцы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек бұл — өте баяу болатын құбылыс.
- Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да сөз тудырудың бұл тәсілі өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, морфологиялық тәсілдің өз (ішінде бірнеше түрге бөлінеді) түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл арқылы саналады. Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге қазақ тіліндегі әнші, етікші, таулы, қарлы, достық, белдік, білім, өнім, шегеле, тақтайла, өндір, өндіріс, өндірістік, бастық, басқару, басқарма, басшы, басшылық, бастау, бастама және т.б. сөздер енеді. Орыс тілінен морфологиялық тәсілдердің аффиксті к түрінен (орысша суффиксиальный тип) басқа префикстік деп аталатын түрдегі сөз тудыруды (Мысалы, орысша, выбросить, высказать, расхвалить) сөз тудырудың морфологиялық (оның ішінде аффикстік) тәсіл тіл – тілде ең өнімді тәсіл болып саналады.
- Сөз тудырудың синтаксистік тәсіл арқылы күрделі – біріккен сөздер (Мысалы, басқұр, отағасы, шекара, көлбақа, тасбақа, әркім және т.б.) күрделі — құрама сөздер мысалы: ас ық жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, боз ьқырау, боз торғай, қара торғай, және т.б. күрделі қос сөздер (Мыс алы: әке – шеше, ауыл- аймақ, қас-қабақ, алыс-жақын, ұзынды-қысқалы, үлгі-өнеге, сауық-сайран, алыс-беріс, ащы-тұщы және т.б.) жасалады.
Сонымен, тілдің лексикасы сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы туынды сөздермен толығып, үздіксіз дамиды, арнасы кеңейіп байиды [8,151 б].
Сөздік құрамының аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Өйткені, оған кірме сөздер, термин сөздер де, сондай-ақ диалектизмдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреуі одан шығып қалып жатады.
Неологизмдер басқа тілдерден енген сөздермен де жасалады.
Қазақ тіліне монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен енген сөздер ХІІІ ғасырдан басталып қолданысқа енді. Мысалы: абдара, алтын, абймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа т.б. Араб, иран тілінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәнсік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді: 1. шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сөздер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта т.б.; 2. мәдени және ғылыми қарым- қатынастар арқылы әсіресе, Фердауси, науаи, Омар Хаям, Хафиз. Шығармалары мен бірге енген, масалы: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат, т.б.; 3. дін мен байланысты енген сөздер; ғимарат, ораза, намаз, аруақ, ақырет т.б.
Орыс тілінен енген неологизмдер қазақ тіліне сөз енуі ХVIII ғасырдан бастады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бұл күнде өте көп. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерді қазан төңкерісіне дейінгі сөздер қазан төңкерісінен кейінгі енген сөздер екіге бөлуге болады. Қазан төңкерісінен бұрынғы орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырады.
Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар ғылым мен техникалық өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер жаңадан қолданысқа енгенде неологизм болады.
Неологизмдер негізінен мынандай жолдармен жасалады:
- бұрынан бар сөздерге түрлі жұрнақтардың қосылуы арқылы: оқулық, көр-ер-мен, аял-да-ма, бал-мұз-дақ, өмір-шең, үйір-ме, ұш-ақ;
- жалқы есімдерді жалқы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер, т.б.
- екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық, бесжылдық, жеделхат, әуежай, саяжай жағажай, мұражай, шипажай, жедел жәрдем, төраға, төреайым, гүлзар, жолсерік, сүндет той, мерейтой, мүшелтой, бағдарлама, бағдаршам, төлқұжат, мұражай т.б.
- Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: огратехникалық шаралар, жергілікті ты ңайтқыштар, егіс дақылдары, шаруа қожалығы.
Жаңадан енген сөздердің тың жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады [5,12б].
Неологизмденрдің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологзм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындағында болса керек. Спутник, космос, сөздері ұғыммен бірге жиі қолданылып тез актив лексикаға айналады. Телевизор сөзі де дәл осылай халқты жатырқатқан жоқ. Тіпті 1980 жылдары пайда болған мердігер сөзі (подрятың баламасы) күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесмін бастан кешіріп отыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Тілімізге енген жаңа сөздердің қай-қайсысы дап халық өмбіріндегі жаңалық белгісі іспеттес колхоз, совхоз, бес жылдық, тың, тыңгер, спутник, космос т.б. деген сөздер өздері неологизмдік дәуірді бастан кешкен уақытымен елімізде болған жаңалықтарды еске түсіреді.
20—30 жылдар кезінде қазақ тілінде неологизмдер жеке сөз ретінде де (председатель, басқарма, тілші, қызыл әскер, комсомол, секретарь т. б.), сөз тіркесі ретінде де көптеп жасалынды.
Мәселен, тап деген түбір морфема негізінде ғана тап тартысы, тап күресі, тап қайшылығы, тап жауы, тап дұшпаны, тап мүддесі, тап қырағылығы, тап тілегі, жұмысшы табы, еңбекші тап, қанаушы тап, қаналушы тап, таптық сана, тапсыз қоғам т. б. толып жатқан сөз тіркесі — неологизмдер пайда болды.
Сондай-ақ, шыл — шіл аффиксі негізінде лениншіл, марксшіл, жікшіл т. б. неологизмдер туды.
Стилистикалық неологизмдер де болады. Мәселен, Ілияс Жансүгіров «колбаса» сөзінен «колбасалат» (Ал, малдан бұл байғұсты, сөзді созба, балалат, колбасалат, сал ауызға), ал Сәкен Сейфуллин социалистан, біздің стан, совстан, тіздеу, сымдау, автобіл (Күйлетіп Көкшетаудан ен далаға, Автобіл басып озды кер көжектен! Советстан, біздің стан, Совстан. Экспресс, талма екпінді шабыстан!) тәрізді стилистикалық неологизмдер жасады.
Неологизмдер тілде бұрыннан бар сөздерді біріктіру, қосарлау арқылы да жасалады: еңбеккүн, онкүндік, өнеркәсіп, баспа-сөз, орақ-балға, саяси-тәрбие, жұмысшы-шаруа т. б.
Сөз мағынасын ауыстырып қолдану тәсілдері арқылы да көптеген неологизм пайда болған. Мысалдар: Жас құрылыс майданында ескілікті сүзелік; Надандықты трактормен айғызда! (С. С); Техниканың тілін біліи, электрді жегіпсің (Б. М. ) — метафоралар; Қырда айқасты. балға-орақ (I. Ж.)—метонимия; Кимешектер кітап оқып, Малма тұмақ мылтық алды; жалба шекпен жауға аттанды (I. Ж.) синекдоха.
Бір кезде қазақ тіліне баяндамашы, тәрбиеші, әкімшілік, оқулық, бесжылдық, құрылыс, төңкеріс, басқарма, үйірме, ұйым, колхоздасу, кітапша, өлшеуіш, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш тәрізді сөздер неологизм болып енген. Бүгінде мұндайларды жаңадан кірген деп ешкім ойламайды.
- Соңғы кездерде газеттерде «брифинг» деген сөз пайда болды. Бұл сөздің «пресс-конференция» дегеннен қаншалықты айырмасы бар? Былай қарасаң, орыс тіліне брифинг сөзін — терминді енгізудің қаншалықты қажеті болды екен дегендей сұрақ туады.
Осы тәрізді, бір кездерде баспасөзде СОЛТ, СОЛТ-2. кейінірек ОСВ, ОСВ-2 дегендер — таза орыс аббревиатурасы пайда болды.
Бір кездегі неологизм енді бір кезде көнерген сөзге айналып кетуі мүмкін. Мысалдар: ұя (ячейка), қосшы ұйымы (союз кощи), волком (волостной комитет), саужой — сауатсыздықты жою мектебі (ликбез) т.б.
Тілдегі неологизмдердің пайда болу себептерін біз өндіріс пен шаруашылықтың, сауда мен транспорттың, техника мен ғылымның өсуімен байланысты, сол сияқты халықтың әлеуметтік құрылысының өзгеруімен байланысты қарадық. Неологизмдердің жасалу жолдары белгілі тілдің ішкі заңымен байланысты. Турасын айтқанда, қазақ тіліндегі неологизмдер қазақ тілінің ішкі заңдарына сәйкес жасалады. Қазақ тіліндегі неологизмдердің жасалуының ең негізгі жолдары мынадай:
- Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы неологизм жасалады. Октябрьден кейінгі кезеңде көптеген сөздер жаңа мағынаға ие болды, өйткені олардың бұрынғы мағыналары жаңа ұғыммен үндесіп, жаңа тенденциямен шектес болды. Кейбір архаизмдер немесе ескірген сездер де жаңа мағынаға ие болды және әдеби тілде қолданылып, соның арқасында олардың көпшілігі қазіргі қазақ тілі сездік құрамына мықтап орнықты.
Мысалы, қазақ тіліндегі талқылау деген сөз Октябрь револю-циясынан бұрын иленген қайысты жұмсарту процесі мағынасында қолданылып келді, ал қазір талқылау (обсуждать) жаңа мағынаға ие болды. Қарау деген етістік: Бұл мәселені жиналыста қарадық деген контексте мүлде жаңа мағынада. Талңылау мен қарау етістіктері өздерінің негізгі мағынасында ертеден мәлім, бірақ олардың осы соңғы қолданыстары таныс еместі. Мұндай сездердің ұшы-қиыры жоқ. Мысалы, тайғақтау (буксовать), ба-йыту фабрикасы (обогатительная фабрика), жақтау (оклад), сызу (черчение), іздеу (изыскание), еңбек (наклон), қақ (окалина, накипь) т. с. Көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келтірейік: Көшекбаевтың орындауында Сейтектің «Бес қыз» және «Заман» атты күйлері нотаға түсірілді. Сережа сызуларын осы ас дайындайтын беті бұжыр столдың үстінде сызатын.
Осы типті неологизмдер мезгілді баспасөздерде де жиі кездеседі. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бір номерінде жазушы М. Әуезовтың келемді бір мақаласы жарияланған. Бұл мақалада біз мынандай неологизмдерді кездестіреміз: талдау (анализировать) деген сөздің орнына жүйелеу; мысалы, Аударманың теориялық және практикалық мәселелерін жүйелейтін жеке кітаптар, зерттеулер… пайда бола бастады. Үлгі деудің орнына өнеге. Мысалы, Советтік реалистік аударма өнегесінің заңдылыщ жайларын ғылыми теория тарапынан түсіну міндеттері тіпті ұлғая түсіп отыр (сонда). Түбірлі орнына түбегейлі. Бұл айтылғандар… аудару ғылымының түбегейлі негізі болмақ (сонда).
Мұра орнына мирас, әрине — әлбетте, тұжыру — тұйықтау, барлық — барша, пысықша орнына пысықай, әлем орнына ғаләм, шұңғыл — шүңет тағы басқалар орынды қолданылған неологизмдер.
Бұл келтірілген сөздер бізге таныс; біз оларды естуіміз де, әдебиетте кездестіруіміз де мүмкін, алайда бұл мысалдарда олар басқаша мағынада құлпырып жайнап, неологизм болып тұр.
- Аффикстік неологизмдер. Соңғы кездерде жаңа сөз жасау үшін көне аффикстер сирек қолданылады. Мысалы, бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое), сақтағыш (предохранитель), қорытпа (сплав), басқарма (правление), қолжазба (рукопись), құрам (состав), құрама (соединение), сызу (чертеж), қабаттама (прослойка), сеппе (вкрапленность, прибор), салық (налог), сөйлемше (выражение) тағы басқалар. Мысалы, Бастауыш жазудың негізгі түрлері. Басңарма мүшелерінің жиналысы болып бітті. Дерсу көп уақыт көздеп, басын құндақтап екі рет көтерді, шамасы серппені басқысы келмеді. Бірақ бұл жылдарда дивизияның құрамы ңатты өзгерді.
Бұл мысалдардан -ыш, -ғыш, -ма, -ба аффикстерін және олардың-ж, -ық, -шетағы басқа варианттарын көреміз. Бұлардың барлығы байырғы түбір сөздердің негізінде жаңа сөздер жасайтын қазақ тілінің енімді аффикстері. Орыс тілінен енген сездердің түбірінен қазақ тілі қосымшалары арқылы неологизм жасалады. Мысалы, награда — наградтау, кокс — кокстеу, мартен — мартендеу, реакция — реакцияшылдық, кристалл тағы сол сияқтылар.
Сонымен, қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор.
- Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдер. Неоло-гизмдердің бұл түрі екі сөздің бірігуі арқылы түбірдегі екі компоненттің мағыналарынан мүлде басқа үшінші бір мағынаны тудырады. Соның нәтижесінде ол неологизм болып лексикаға ене бастайды. Мысалы, бесжылдық — бес және жылдық деген сөздердің бірігуінен жасалып, орыстың күрделі сөзі пятилетка деген сөзінің мағынасын білдіреді. Сол сияқты, он жылдық — он және жылдық деген сөздерден, бүкіл одақтық — бүкіл одақ, қолөнер — қол және өнер деген сөздер қосылып, біріккен түрде ремесло мағынасын білдіреді;
Қазіргі қазақ тіліндегі бұлар сияқты біріккен сөздер үш топқа бөлінеді:
а) Неологизм болып біріккен сөздердің бір тобы өздерінің жаңада ғана жасалғандығына қарамай-ақ, тез арада қалыптасып, жалпы халықтық лексикаға ауыса бастайды. Неологизмнің бұл тобына еңбеккүн, шетел, көзқарас т. б. сөздер жатады.
ә) Бір топ сөздер қазақ тілі лексикасы құрамына көптен енгеніне қарамастан, олардың қолданылу сиректігінен жалпы халықтық сипатты қабылдай алмай келеді. Мысалы, гостерминком, антбұзар (клятвопреступник) деген сөзді қазақ терминологиясына аудармашылардын. талабы бойынша енгізсе де, күні бүгінге дейін қалыптасып кете алған жоқ. Бұл сияқты, көкейге қонымсыз, ескірген ұғымдармен байланысты, ойдан шығарған, кездейсоқ неологизмдер варваризм дәрежесінен аса алмай, тілдің лексика құрамына енбейді, сөйтіп біраз жүреді де, бара-бара ұмытылады.
б) Бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан, тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы, шертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло), үндеухат (листовка) тағы басқалар. Бұл сөздер көбінесе аударма әдебиеттерде кездеседі, ал қолтума көркем әдебиетте біз оларды сирек кездестіреміз. Бұған бір жағынан орфографиялық ережелердің тұрақтамауы да әсер етеді, өйткені сөздер бірде бөлек, екіншіде бірге жазылып, әлі жалпыға мәлім, таныс сөздер қатарына кіріп әдебиеттен кең қолданыс таба алмай келеді.
- Орыс тілінен ауысып енген неологизмдер. Тілдің сөздік құрамына жаңа ұғымдармен, жаңа заттармен, техникамен бірге басқа тілдерден жаңа атаулар келіп енеді. Біздің тілімізге ең алдымен орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден көптеген жаңа сөздер енді. Бұл неологизмдер өздерінің өмірге қажеттілігі нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында тез қалыптасады. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде шығып тұрған «Айқап» журналында: «Қара жерде ат арба, от кемемен жаһанды кезді. Атсыз жүретұғын арба һәм шана (автомобиль) шығарды.
Дүнияның төрт бұрышыменен тездетіп, телеграмма арқылы сөйлеседі. Ерінсе, үйінде отырып, телефон арқылы сөйлеседі. Автомобиль, электричество, телеграмма, телефон, трамвай ол кезде, яғни XX ғасырдың басында (1912—1913 ж.ж.), неологизм еді. Бұған текстегі берілген адаптация дәлел бола алады. Бұл келтірілген мысал сөздер бір тілден екінші тілге ауысқанда, екінші тілге ең әуелі варваризм түрінде еніп, одан кейін неологизмге айналып, ал одан әрі сол енген тілінің сөздік құрамына кіретіндігін растайды. Сондықтан трамвай, автомобиль, телеграмма, телефон, электричество деген сөздер осы айтылған сатылардың бәрінен өтіп, қазақ тілінде қалыптасып, жалпы халықтық характерге ие болды, неологизм дей алмайтын сатыға кетерілді.
Сонымен, лексиканың даму процесінде неологизм ұғымы өте-мөте жылжымалы болып саналады. Өйткені тілде жаңа сөздер туып жатады да, бұрынғы неологизмдер жалпылама лексикаға үздіксіз ауысуда болады. Бұл—сапырылысу емес, дамудан туған қозғалыс. Сондықтан, договор, гонорар, вотум, арбитр, аванс, проза, алименты, авиатор, селекционер, держава, дилемма, лагерь, вагонетка, купе, трест, директор, ларек т. б. әзірге неологизм. Мысалы, Договордағы үй қайда, жұмыс киім, аванс қайда? Ол бірнеше ларек ашқан соң ауданға кетіпті. Арба саймандарының бұзылғаны бол-са, трест жөндеп береді. Көркем прозадағы образдылыц тәсілдер олардың еңбегінде де орасан зор орын алған. Алматыдағы бір фабриканың директпорының әйелімін. Купедегі столдың астынан, үлкендігі кісінің ңұшағына әзер сыятын, қабығы жасыл жолақты қарбызды Байжан тартып алды .
- Калькалау арқылы пайда болған неологизмдер оншама көп емес; мысалы, өндіріс сөзі калька болып есептеледі, ал төрт қыр (четырехгранник) калька емес, өйткені ол — орыс сөзінің дәл аудармасы. Сонымен, «калька» деген терминнің өзі де, оның ұғымы да қазіргі өскелең қазақ тілінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан біз бұдан былайғы жерде сөзбе-сөз аудармада орыс тілінің қазақ тіліне тигізген әсері жөнінде айтқанда «калька» терминін кең мағьшада қолданамыз; яғни «калька» деген ұғымға орыс тілінен қазақ тіліне дәл аударылған сөздерді де қосамыз. Мысалы, көбейткіш: сөздің түбірі көп, -ейт— аффикс, кіш—аффикс, орыс тіліндегі множ-и-тель қосымшасына сайма-сай келеді; анықтауыш (определение) деген сөз определение дегенге дәлме-дәл; сондай-ақ, шығарма — произведение, қалыптандыру — восстановление, құбылыс — явление, серпінді — упругий, еселік — кратность, толықтауыш — дополнение, басқарма — правление, бастауыш — начальный, есептік — коли-чественный т. б. толып жатыр. Мысалдар: Оның үстіне бұл жүйе-дегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтауиіы негіздері тара-пында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ Қөбейтілетін санды көбейер, көбейпгетін санды көбейткіш деп айтамыз. Бұл арада Ғабдолла Тоқайдың шығармалары туралы сын айтқалы отырған жоқпын Ауылдағы бастауыш мектепті екеуі де «өте жақсы» деген бағамен бітірген Партияғаалу туралы мәселе бастауыш партия ұйымының жалпы жиналысында талқыланып шешіледі.
Қазақ тіліндегі қазіргі кездегі калькалардың революциядан бұрынғы кезеңдегі калькалардан айырмашылығы — жаңа ұғымдарды саналы түрде аудару арқылы өмір қажетінен тууының нәтижесі болып табылады. Сондықтан қазіргі калькалар орыс тілінін, тәжірибесіне сүйеніліп жасалады.
Қазақ тілінде калька жасауда орыс тілінің игілікті әсері ерекше байқалады. Неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кен, таралып, жиі қолданылуына қарай, тілдің лексикасына еніп, қалыптасып кетеді. Бірақ, негізінде, калька қай тілде болса да жағымды құбылыс болып саналмайды. Өйткені неологизмнің өзге түрлері қазіргі күндегі өскелең мәдениеттің күнделікті әдебиеттері арқылы тез тарап, тілде тез қалыптасып отырса, кальканың ішінде әуел баста халыққа түсініксіз болғандықтан, тілде тез арада қалыптасып кете алмай, лексикадан шығып қалатыны да болады. Сондықтан мүмкіншілігінше калькадан аулақ болған жөн.
Сондай-ақ, калькаға аббревиатурларды да жатқызуға болады, бірақ қазақ тілі тәжірибесінде бірен-саран қысқартулар болмаса, көбіне орыс тілінің аббревиатурлары түгелге жуық алынып отырады. Мысалы, СССР, КПСС, ҚХР (русс. КНР), АҚШ (русс. США), мехцех (механический цех), жилкомбинат, Минпрос (министерство просвещения) тағы басқалар; аэрошана (аэросани), автоара (автопила), автосуарғыш. (автопоилка), автоқалам (авторучка) тағы басқа күрделі сөздер де неологизмге жатады.
Неологизмдер, жоғарыда айтылғандай, тарихи категория, өйткені олар тек белгілікезеңге дейін ғана неологизм болып, жаңа сөз ретінде тосырқауға ұшырайды да, бар-бара қалыптасып, тілдің сөздік құрамына еніп, неологизм болудан қалады.[5,149-153 б].