Негізгі құралдар туралы жалпы түсінік

Бухгалтерлік  есеп стандарттарында көрсетілгендей негізгі құралдар  деп  өндіріс үдерісінде  ұзақ уақыт  бойы,  яғни  бір  жылдан  артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай  отырып,  құнын  шығарылған  өнімге, орындалған жұмысқа,  көрсетілген  қызметке  есептелген  амортизациялық аударым  мөлшері шегінде  біртіндеп  ауыстырып  отыратын  еңбек құралдарын,  яғни  материалдық активтерді  айтады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік ) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

«Негізгі құралдарға» —  қозғалмайтын  мүлік,  жер  учаскелері, үйлер мен  ғимараттар,  өткізгіш  тетіктер, машиналар  мен  жабдықтар,  өлшеуіш және  реттеуіш аспаптары  және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар,  есептеуіш құралдары,  көлік тасымалдау  құралдары,  аспаптар,  өндірістік  және  шаруашылық құрал саймандары, шаруашылық мүлкі,  өнім беретін  және  жұмыс  малдары,  көп жылдық  көшеттер, шаруашылықтың  ішкі  жолы, тағы  да  басқалар  жатады.

Ақшалай  бағаланған  негізгі  қорлар  негізгі  құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект  балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.

№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар-бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы(1 жылдан аса)қолда болатын материалдым активтер деп көрсеткен.Яғни кәсіпорында негізгі құраладардың есебі сәйкес ұйымдстырылады.Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің ,субьектіге  жататын  меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады.Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды қымбатылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.