Қазақстан республикасында ұлтаралық татулық пен келісімді қалыптастырудың маңыздылығы

Бүгінгі өткенімізді ой елегінен өткізе отырып, жаңа қоғамдық институт — Қазақстан Ассамблеясы өмірге келген 1995 жылғы Наурызды еске алмай тұра алмаймыз. Ассамблеяға күдік келтірген қаншама күмәнданушылардың болғанын еске түсіргеніміз жөн. Дегенмен, өткен жылдар сонда қабылданған танымдар дұрыстығын қуаттап берді. Асеамблея арқылы біздің қолымызға ұлттық саясатты жүзеге асырудың қуатты құралы берілгенін, азаматтық қоғамның іргелі институты бой көтергенін өміріміздің өзі көрсетіп берді. Ассамблеяның қызметі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ сияқты ұйымның жоғары бағасын алып, кеңінен танылды. Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, ереше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан жаңа кедергілерді болдырмау — Ассамблеяның міндетіне жатқызылды. Сондай-ақ, адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастарды күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымғығымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.

Ассамблея біздің отандастарымыздың бойында орта таптық психологиясын — жоғары ізгілік мәдениетіне ие, іскерлік пен жоғары өнімді еңбекке құлшынған патриот пен азаматтық психологиясын тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Себебі, қазақстандықтардың әл-ауқаты неғұрлым жақсарған сайын мемлекет те соғұрлым ауқатты да күшті болады.

Азаматтық бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық және конфессияаралық үнқатысудың мемлекеттік саясатын біз басты бағытқа жету — өркенді көп ұлтты Қазақстаннды құру мақсатында нығайтып, дамытатын боламыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев[[i]].

Қазіргі тарихтың кестесі мейлінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс — бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Осыдан он жыл бүрын БҰҰ Ассамблеясында БҰҰ-ның Мүше-мемлекеттеріне мәні мен рухы қарапайым ғана мынадай ұсыныс жасадым: «Келіңіздер, күшімізді біріктірейік, ерікті ынтымақтастық қадамын жасап көрейік, сөйтіп дағдарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын шешу үшін барлық елдердің әскери бюджетінен бір пайыз берейік»«деп атап көрсеткен Н.Назарбаев. Бұл қайшылықты саябырсытуға, сөйтіп, мүмкіндігінше жаңадан бой көтеретін қайшылықтар мен шиеленісті жағдайлардан құтылуға мүмкіндік береді [[ii]].

Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Он төрт жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады.

Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі — ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында. [[iii]].

Елдегі қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың нығайуына, бүкіл Республика халқының игілігін көздейтін экономиканың қарқынды дамуына, күрделенген әлеуметтік проблемалардың оң шешімін табуына, Қазақстандық патриотизм мен мемлекет өмірінің басқа да аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы өзіндік үлесін қосты. Соның нәтижесінде Қазақстанның азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім жөніндегі тәжрибесін әлемдік қауымдастық үлгі ретінде мойындады, оны бәріміз мақтаныш етеміз.

Әрине, бұл оңай жолмен қолымызға тие қалған дүние емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту мәселесін шешетін қоғамдық институт –Қазақстан халықтарының келісімі және бірлігі Ассамблеясын құру ұсынысын енгізген сәттен бастап, бүгінгі күнгі көпұлтты Отанымызда саяси тұрақтылық пен ұлттық татулықты ұлтына, діні мен нанымына бөлмей, елдің барлық азаматтарының құқықтары мен мүмкіндіктерін теңдей сақтау жолымен қалыптасуына кепіл болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолымыз жеткен жетістік. [[iv]].

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған кезеңде оның алдына қойылған міндеттер бүгінгі таңда тұтастай алғанда орындалды. Елде күллі этностардың теңдігі, олардың тілдері мен мәдениетін қайта түлету мен дамыту қамтамасыз етілді. Экономикалық саладағы нарықтық реформалар негізінен аяқталды, саяси жүйені демократияландыру жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөліне, біздің ішкі дамуымыздың сол сияқты сыртқы факторлар әсерінің де нәтижесі болып табылатын міндеттерді шешуге жаңа көзқарас қажет. Мемлекеттік ауқымды әрі маңызды кез келген мәселені шешу геосаяси даму перспектикаларын алдын ала болжауды, мемлекеттің тәуелсіз даму жолының мүддесіне тарихи маңыздылық пен ғылыми негізділікті ескере отырып, айрықша қажырлылық пен табандылықты талап етеді.

Бұрынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлттық саясатты зерттеу және ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгінгі таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналып, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ- қателесер едік. Бұл жүйенің тарихи кемшілігі, тоталитарлық мемлекеттің аясында, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астында бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серпінін ширықтыруға әкеп соқты.

Бүкіл кеңес тарихы халықтардың сан рет бұзылғанын және тікелей геноцид фактілерінің орын алғанын көрсетеді. Бұл миллиондаған азаматтар қаза тапқан 20-30-шы жылдардың аштығы. Қазақтардың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлттардың гендік қорына нұқсан келтірілді. Бұл халықтарды жаппай күштеп көшіру мен ұлттық құрылымдарды жою болды.

Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және «ғасырлар жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан шын мәнінде Қазақстанның бүкіл территориясын қамтыған елеулі экологиялық апаттар орын алды. Әскери ведомстволардың қызметі зор зардаптарға әкеліп соқты. Мұның өзі біз үшін Семей полигонының проблемасына, Арал теңізінің, Возраждение аралындағы биополигонның, Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың қасіретіне айналды. Мұндай саясат кәдімгі қарсылықты туғызды. Ол кей жағдайда қоғамдық игіліктің, ұлттық құндылықтарды қорғау жөніндегі ашық әрекеттерге де үласты. Бұлардың түпкі мақсаты шынайы ұлттық теңдікке жету болатын[[v]].

Ымырагершілік, мәмілегершілік өте күрделі жұмыс. Көптеген жанжалдардың саяси науқандар кезінде саяси ұпай жинау үшін кейбір жағдайларға барады. Егер сол уақытта қоғам оны берік сақтамай, белгілі бір топ оны құрту керек, оны жою керек деп байбалам салып жатса, жанжалдың басы, міне, осыдан басталады. Сондықтан, мұндай жағдайларды ой елегінен өткізіп, оның аяғы немен тынады деген салқынқанды ой бәріміздің де басымызда болуы керек. Жанжал болып жатқан жерлердегі ымыраға келе білу олардың көсемдері, шешендері, батырларына көп байланысты. Ең алдымен олар өздері ымыраға келе білуі керек. Егер халықтың басқа бір тобы қарсылық білдіріп жатса, солардың да мүддесін ескеруі керек деген сөз. Мәселен, Тәжікстандағы қақтығысты алайық. Олардың басқа бір тобы басқа оймен жүр. Бірақ, сол екі жақты бір-бірімен татуластыра білетіндей, біркелкі қамтамасыз ететін жол таба білу керек. Жанжалдың қызып тұрған кезінде ымыраға келу оңай емес. Мәселен, басқаны былай қойғанда көшедегі кішігірім жанжалдың арасына түсіп тоқтата салу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал, енді, қан төгіліп жатқан жерде бұл тіптен қиын. Дегенмен, көптеген жағдайда қақтығысушы топтар басшыларының шын пейілділігі бейбітшілікке жету ниеті бар ма, жоқ па, көбіне-көп соған да байланысты. Жалпы дүниежүзінің көптеген елдерінде соғыстар болып жатыр. Шынын айту керек, сол қарулы қақтығыстардың тоқтамауына да мүдделі күштер бар. Оның ішінде экономикалық мүдделі топтарды алсақ та жеткілікті. Мысалы, танк, қару-жарақ шығаратын зауыттардың иелері өздерінің өнімдерінің өтетініне сенімді болады. Екіншіден, соғыс болып жатқан жерлерден наркотик сияқты зиянды нәрселерді оңай алып жүруге болады. Экономикалық мүдделі күштер деп осыны айтамыз. Олар бітімге келе жатқан кезде соғысушылар жақтарға белгілі бір арандатушылық істер жасалуы мүмкін. Бұл өте қауіпті [[vi]].

80-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шиеленіскен ұлттық қатынастардағы қарама-қайшылықтар халықтардың сана-сезімін ұзақ жылдар бойы қанаудың нәтижесінен туған болатын. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін көрсеткен неғұрлым сезімтал барометр болып шықты. Мұның өзі бірқатар республикалардың тоталитарлық жүйеге ашық қарсы тұруына жағдай туғызды. Осы кезеңде халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі аса үлкен мемлекеттің саяси бөлінуінің басты негізіне айналды. Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол жеткізуге деген етене ұмтылысына төтеп бере алмады.

Ассамблея біздің мемлекеттік ұлттық саясаттың тарихында ғана емес, сонымен бірге әлемдік тәжірибеде «ұлттық мәселені» шешуде де жаңа беттер ашып берді.

Біз жаңа толыққанды қоғам — азат та тең құқылы адамдардың, өз елінің шынайы азаматтарының қоғамын құрдық. Ең бастысы — біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді, адамдардың жүрегінде өзара түсіністік пен сенімді сақтай алдық. Қазақстандықтар ұлттық төзбеушілік пен өшпенділікке ұрынбастан, шынайы біртұтасхалыққа айналды. Осының бәрі алғашқы күннен бастап ұлттық келісімді өзіміздің басты басымдығымыз және мемлекет саясатының өзегі ретінде айықындаудың арқасында ғана мүмкін болды. Бүгінде еліміздің нақты табыстары елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңартудың саналық жаңа кезеңіне кірісуге мүмкіндік беруде.

Қазір Қазақстан халқының Ассамблеясы — беделді, халықаралық тұрғыда мойындалған қоғамдық форум, ол еліміздің халықтарын үйлесімді біріктіріп, бірлесе отырып осы заманғы ең күрделі сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді.

Азаматтық бейбітшілік пен келісімнің, этносаралық және конфессияаралық үнқатысудың мемлекеттік саясатын біз басты бағытқа жету — өркенді көп ұлтты Қазақстанды құру мақсатында нығайтып, дамытатын боламыз, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Теңдестірілген тіл саясаты, Қазақстан халқының лингвистикалық байлығын молықтыру біздің бірлігіміз бен прогрестің негізі болып табылады. Өткен жылдарда қоғамымызда мемлекеттіліктің бүкіл ғимараты тұрғызылған іргетас ретінде қазақ тілі мен мәдениетінің рөлін терең түсінудің орын алуы өте маңызды. Сонымен бірге, бүгінде отандастарымыздың өз тағдырына өзі қожа болу құқығын нығайта отырып, біз сондай-ақ бабалардың тарихи, мәдени мұрасын, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрлерін, рухани тәжірбиесін толық мәнінде қалпына келтіріп дамытуға, сол арқылы шын мәнінде тең құқық беруге тиіспіз. Егер Ассамблеяның барлық мүшелері қазақ мәдениетін зерттеу мен таратуға барынша тікелей қатысатын болса, біз ел мен болашақ ұрпақтар алдындағы нарызымызды өтеп шығамыз, деді өз сөзінде Н.Назарбаев.

Біздің еліміз өрлеу үстінде, біз өзімізге және өз күшімізге сенімдіміз. Өзіміздің өскелең мүмкіндіктерімізді ескере отырып, біз алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттерді батыл қоюдамыз. Біз этноконфессиялық келіспеушілік болашақ қақтығыстардың негізіне айналуына жол бермеуге тиіспіз. Біз үшін және біздің өңір үшін бұл айрықша маңызды. Елді одан әрі жаңарту, шынайы азаматтық қоғамды дамыту, барлық азаматтардың, этностардың құқықтары мен бостандықтарын нағайту бағыты — бұл бүкіл Қазақстанның әл-ауқатының артуы мен өркендеуіне бастайтын жол, біздің болашағымызға бастайтын жол[[vii]].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Назарбаев Н.Ә. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол. (Қазақстан халқы Ассамблеясының XI сессиясында жасаған баяндамасы) // Егемен Қазақстан. 2005, 23 қараша, 3 бет.

[1]. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. А, 2003, 12 бет.

ОҒЖАНОВ. Қазақстан халқы Ассамблеясы — қоғамдық келісімнің маңызды тетігі // Ақтөбе газеті, 2009, 30 Сәуір

[2]. Сарпеков Р.Қ. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі» атты конференция.

[3]. Назарбаев Н.Ә. Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын. (Қазақстан халқы Ассамблеясы I сессиясында жасаған баяндамасы) // Егемен

Қазақстан. 1995, 30 наурыз., 3 бет.

[4]. Ынтымақ, бірлік бар жерде. Ә.Бәйменовпен сұхбат. // Қазақ әдебиеті, 1996, 30 сәуір., 3 бет.

[5]. Назарбаев Н.Ә. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол. (Қазақстан халқы Ассамблеясының XI сессиясында жасаған баяндамасы) // Егемен Қазақстан. 2005, 23 қараша, 3 бет.

[iii]. Ералы ТОҒЖАНОВ. Қазақстан халқы Ассамблеясы — қоғамдық келісімнің маңызды тетігі // Ақтөбе газеті, 2009, 30 Сәуір