Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы

Сонымен республика жерінде ұйымдастырылған алғашқы қорықтар саны не бәрі алты болатын. Бірақ еліміздің территориясының үлкендігі мен табиғатының әсемдігіне бұлар аздық етті. Көптеген ғалымдар Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауындағы бар байлығын сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп қалғандығы байқалады. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімгеде болса ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0,3 пайызын алып жатар. бұл өте аз. Ал мәселен туысқан Әзірбайжан, Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1 – 2 пайызға тең көрінеді.

Республика жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашақ ұрпаққа оларда кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.

«Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда тек саны азайып бара жатқан хайуанаттар мен өсімдіктер ғана емес, сонымен қатарөлкеміздің көрікті орындары сол қалпында сақталады.Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауындағы бар байлығын сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыруц ісінде көп кейіндеп қалғандығы байқалады. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімгеде болса ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0,3 пайызын алып жатар. бұл өте аз. Ал мәселен туысқан Әзірбайжан, Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1 – 2 пайызға тең көрінеді.Республика жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған «Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі» проблемасы жөніндегі комиссия бүгінде республикамызда әртүрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты немесе одан да көп қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекке ұлан-ғайыр өлкемізде құрылатын қорықтармен таныстыра кеткеніміз жөн болады. Олардың негізгілерін атап айтқанда мыналар:

  • Солтүстік Қазақстан далалы қорығы
  • Ерементау қорығы;
  • Қаратау қорығы;
  • Бетпақдала немесе Андасай қорығы;
  • Торғай қорығы;
  • Жоңғар қорығы;
  • Алакөл қорығы;
  • Кент қорығы;
  • Қапланқыр қорығы;

10)Зайсан шөлді қорығы.

11)Үстірт қорығы

Солтүстік  Қазақстан далалы қорығы – Қостанай облысының обаған өзені мен Шошқалы көлдер жүйесінің маңында орналасқан. 1986 жылы ұйымдастырылатын бұл қорыққа  қара бозторғай, байбақ суыры сияқты хайуанаттар мен сортаңды жазық далада өсетін өсімдіктер дүниесі қамқорлыққа алынады. Қорық территориясы шамамен 40 мың гектар болады деп тұжырымдалған.

Ереметау қорығы – Қаршыға тауы атты филиалымен Ақмола облысының Ерементау, Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналаспақшы. Қазақтың ұсақ шоқылы жоталары табиғаты мен арша, көктерек, қайың мойыл, долана, қарағайлы орманды алқаптары және осы аймақта тіршілік ететін дуадақ, байбақ суыры, ақкіс, аққалақ, арқар сияқты аңдар қорғауға алынады. Бұл қорықтың территориясы 150 мың гектар болады деп жоспарланған.

Қаратау қорығы – Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мыңжылқы сайында құрылмақшы. Оның территориясы 350 мың гектар жерді қамтиды деп жоспарланған. Бұл аймақтың басты ерекшелігі – мұнда тек осы жерге тән эндемик өсімдіктердің 100-ге жуық түрі кездеседі. Осыған байланысты насекомдардың да эндемик түрлері көп.

Бетпақдала мен Андасай қорығы – Жезқазған облысының Жаңаарқа, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының жерінде ұйымдастырылады деп жоспарланған. Бұл қорықтың Көкашық, Шу-Іле  деп аталатын екі филиалымен бірге территориясы 230 мың гектар.Осы аймақта шөлді-*шөлейтті жерде өсетін Шренк тобылғысы, Регель қызғалдағы және дуадақ, бүркіт, қарақұйрық сияқты өте сирек кездесетін фауна мен флора өкілдері қорғалады.

Торғай қорығы – Ақтөбе облысының Ырғыз, Торғай облысының Жанкелді аудандары территориясындағы Торғай өзенінің төменгі ағысын, Қара мен Тәуіп сайларын, Жаманкөл, Ақкөл, Қарасу атты тұзды көлдерді қамтитын болады. Халықаралық маңызы бар батпақты-сулы Торғай өңірінің қорығының жер көлемі 340 мың гектардай болады деп жоспарланған. Бұл қорықта шөлейтті дала табиғаты бар байлығымен қорғауға алынады.

Жоңғар қорығы – Талдықорған облысының Андреев және Сарқант аудандары территориясындағы Теректі, Жаманты өзендерінің бассейннін қамтитын болады. Бұл қорықтың аумағы 250 мың гектар болатын таулы өлке табиғатының комплексі, «Қызыл кітапқа» тіркелген қызыл қасқыр, ұлар, қара ләйлек, сақалта сияқты хайуанаттар қорғалады.

Алакөл қорығы – Талдықорған облысының Алакөл ауданында орналасқан. 120 мыңдай қорық территориясына Тентек өзенінің сағасы, Сасықкөлдің шығыс жағалауы, Ұялы көлінің солтүстік-батысы және көлдер аралығындағы мойнақ кіреді. Алакөл аралдарында қорық филиалы жұмыс істейтін болады. Өзен жағасында су өсімдіктерін, бұйра және қызғылт бірқазан, жалбағай, аққұтан, су құзғыны және реликті жағала ұяларын қорғау міндетінде құрылмақшы.

Кент қорығы – Қарағанды облысының Қарғалы ауданы жерінде 50 мың гектардай жер көлемде орналасатын қорық болып табылады. Бұл қорық Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағындағы реликті қарағай ормандарын, елік, сілеусін, қара ләйлек, суыр сияқты хайуанаттарды қамқорлыққа алау мақсатында құрылмақ.

Қаплаңқыр – Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы жерінде орналасатын болады. Бұл республикалық қорықтың шекарасы Түркменстан мен Өзбекстан территорияларына жалғасады. Қорық аумағының көлемі 300 мың гектардай болады деп жоспарланған.

Қаплаңқыр қорығында Қазақстанның Қызыл кітабіна енген бүркіт, күшіген, сабаншы, гепард, қарақал, қарақұйрық сияқты хайуанаттар қорғалатын болады.

Зайсан  шөлді қорығы – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында орналасатын болады. Бұл қорықтың филиалы Бөген құмдарында орналасатын болады. Қорықтың жер көлемі шамамен 120 мың гектардай жерді алатын болады. Зайсан шөлді қорығында Зайсан қазаншұңқырының шөлді аймағының өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі қорғауға алынады.

Үстірт мемлекетттік табиғи қорығы – 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау Аймақының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Оның көлемі 223 300 га. Бұл керемет жерге бару үшін, қорғалатын жерден 150 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңа өзен қаласындағы қорық басқармасынан рұқсат алу керек. Қорықтың алып жатқан жері Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағытегіс жазықтық пен көтеріңкі үстірттерден тұрады. Суға тапшы келеді. Жер үсті сулары жоқ.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының құрылуының негізгі мақсаты – шөл белдемдеріндегі ерекше табиғи ландшафттарды, сирек кездесетін жануарлар дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін сақтап қалу болды. Қорық аймағында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген түз тағыларының 12 түрі кездеседі. Әсіресе, халықаралық деңгейде қорғауға алынған қарақұйрық, үстірт қойы (муфлон), қабылан, қарақалдардың тіршілік етуі ерекше орын алады. Сол сияқты қорық аймағында құлақты кірпі, құм тышқандары, қосаяқтар, кесірткелер мен жыландардың көптеген түрлері әлі күнге дейін жақсы сақталған. Аталған хайуанаттардың біразы қазіргі кезде түрлі себептермен сиреп бара жатқаны өте өкінішті-ақ. Ғалымдардың зерттеулері бойынша Үстірт мемлекеттің табиғи қорығы өзінің жер қыртысының (рельефінің) ерекшелігімен қатар көне дәуір ескерткіштеріне аса бай. Үстірт жазығында кенеттен кездесетін тақтайдай жазықтар, известі топырақтан тұратын әр түрлі түстікеріштер кәдімгі ертегідей түрлі мүсіндерді елестетіп, ерекше әсер қалдырады. Кейбір үстірттер 200-250 метр биікке көтеріліп алып платолар түзеді. Оның формалары, рельефі, түстері бейне бір табиғат сұлулықтарымен үйлесімдік тауып, қолдан жасалған ғимараттай көрініс береді. Көне дәуірде Үстірт теңіздің түбі болғандығының айғағы ретінде мұнда теңіз хайуанаттарының тіс, сүйек, қабыршақ, т.б. қалдықтарын жиі ұшыратуға болады.

Қорықта өсімдіктер жамылғысы да ерекше. Мұнда қатаң климатқа бейімделген қара сексеуіл ормандар, изен-жусанды жайылымдар, жыңғыл, күйреуік, сораң, баялыш, эфемерлер өседі. Ал, тоқтау суларда, бұлақтар төңірегінде қамыс, қоға жайқалып тұрады.

Қорықта жиі ұшырасатын құмды алқаптардың табиғаты ерекше келеді. Онда өсімдіктерден еркек шөп, жүзген, жоңышқа, түйетікен, жусан, ебелек, жыңғыл, қара сексеуіл кездеседі.

Қазіргі кезде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында үстірт қойының, қарақұйрық, үнді жайрасы, қарақал, қабыландардың табиғаттағы саны өсіп, әрі тұрақтанып келеді. Бірақта, соңғы жылдары қорықта аталған хайуанаттардың саны азаюы байқалған. Мәселен, 1960 жылдары Үстірттегі қарақұйрықтардың саны 100 мың басқа жетсе, ал, 2000 жылдары күрт азайып, жүздеген бас қалды деп саналды. Оның негізгі себептері: олардың табиғи тіршілік ортасының бұзылуы, таралуы, және броконьерлік жағдайлар. Ал, Үстірт қойлары 1960 жылдары 1300 – 1500 бас деп есептелсе,қазір бірнеше үйір ғана қалған. Кезінде Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында құлан кездесетіні тарихта белгілі.

Дегенменен,Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында қазір барлық түз тағылары құрып кету алдында. Қорық қызметкерлерінің алдындағы міндет – сирек аңдар мен құстарды, өсімдіктер әлемін қорғап қалу. Оның үстіне Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына, құлан, қабылан, қарақұйрық, ақбөкен, қарақал, т.б. аңдарды қайтадан жерсіндіру, сақтап қалу бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

 Келешекте ұйымдастырылатын қазақстандық осынау қорықтардың жалпы көлемі 2,4 миллион гектардай болмақ немесе бұл республика территориясының 0,87 проценті деген сөз. Әрине мұндай шара шаруашылықтардан біраз құнарлы жерлерді алуды крек етеді. Бірақ өлкеміздің тамаша табиғатын, оның сан алуан байлығын келешек ұрпаққа көркейген күйінде табыс ету үшін барлық мүұмкіндіктерді қарастырып, қорық ұйымдастыру ісінен қаражатты, күшті аямағанымыз жөн.