Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілерді, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналғанобьектілер ретінде эколигиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді.
Марқакөл қорығының негізгі міндеті – осы өлкедегі табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту. Марқакөл қорығында халық шаруашылығы үшін маңызы зор шырша орманы, тау жағдайларына төзімді қойлардың жаңа тұқымдарын шығаруға негіз болатын арқар, алтын мүйізді марал сияқты табиғат байлығының әр алуан түрлері қорғалады. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, халық игілігіне пайдалану үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл мәселеде қорық қызметкерлерінің атқарған істерімен қоса, атқарар жұмыстары да ұлан ғайыр.
Өз учаскелерін бақылау, ондағы хайуанаттар санын есепке алу, олардың тіршілігінен биологиялық қызықты материалдар жинау қорықшалардың біліміне де байланысты. Сондықтан да олардың білімін жетілдіру ісіне көп көңіл бөліп отыру керек. Әсіресе, бұл жұмысқа маман кадрларды көптеп тарту керек. Олар материалдық жағынан ынталандырып, арнаулы киіммен қамтамасыз етілсе, бұл жұмыста кадрлардың тұрақтануыцна мүмкіндік туады. Қорықтағы бағалы аң құстардың санын жылма-жыл есепке алып отыру керек. Ол үшін техника мен ғылымның соңғы жетістіктерін кең пайдаланған жөн.
Келешекте қорық жұмысын кең дамыту үшін оның лабораториясын түрлі құарлдармен жабдықтау мәселесін тезірек шешу де өзінің жемісін беретіндігі даусыз.
Осындай жұмыстарды іс жүзіне асырсақ, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жағдайы жақсара бермек. Ал оны озық үлгідегі қорыққа айналдыруға барлық мүмкіндік бар.