Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда (сан келісімінде) басқа тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың Бұл сатысына құнның жәй, кездей-соқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген.
Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың білініп шығуының қажеттігі пайда болды. Ақшаның арнайы, тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды — егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер, т.б. Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады, олар кең тарамады. Айырбастың кездейсоқ процесі айырбас эволюциясында ауқымды қадам жасауға мәжбүр етті. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның ролін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи қасиеттері — бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлылығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы ролді атқаруға неғұрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.
Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектерше оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай қуландырған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.
Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама айырбас құралының рөлі тән болып кеткен, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.
Ақша айналымының әр алуан типтері болады. Оның осы немесе басқа типі ақша айналымының даму дәрежесін ғана көрсетіп қоймайды. Ол қоғам дамуының кемелденген дәрежесінде көрсетеді. Ақшаның мәні, оның атқаратын қызметтерінен көрінеді. Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері, ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып, оның құн өлшеуші, қазына жинау құралы және дүние жүзілік ақшалар қызметтерін атқаратынына назар аударады. Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген,
К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.,
Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.
Ақшаның пайда болуымен байланысты, жалпы тауар айналысын Т—А—Т түрінде бейнелеуге болады. Бұл процесте ақша сарапшы және айналыс құралы қызметін атқарады. Айналыс процесіндегі сарапшылығының арқасында, тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады.
Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша ғана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалыньщ белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.
Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарынын төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.
Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.
»Құн өлшеушісі қызметін атқарғанда, ақша тауарлардың құндарын оларды өзара салыстыра отырып өлшейді. Заттың құнының ақшалай түрі, оның багасы болып табылады. Тауардың бағасын белгілеу үшін нақтылы ақша қажет емес, Бұл оймен, идеалды түрде белгіленеді. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін, оларды біркелкі өлшемге келтіру керек. Яғни, бір масштабқа жатқызу қажет. Бұрын баға масштабы деп, осы елде ақша бірлігі ретіңде және басқа тауарлардың бағаларының өлшеушісі ретінде пайдаланатын металдың салмақ мөлшері қолданылатын. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатың заңмен бекітілген, ақша бірлігі пайдаланылады. Ақшаның осы қызметі арқылы, жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі жүзеге асырылып отырады, экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін өлшеп есептеу қамтамасыз етіледі. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға мүмкіндік берген және қоғамдық байлықтың көрінісіне айналған. Байлық жинауды мақсаттау ақша жинауды, оларды қазынаға, қорға айналдыруды талап еткен.
Бұл қызметті толық бағалы және нақтылы ақша атқарған. Ақшаның белгісі қор жинау қызметін атқара алмайды, ол Бұл кызметті жинақтау қызметіне айналдырады. Жинақ түріндегі ақша тауарларды сатқаннан соң сақталған және оның иесінің болашақта сатып алу қабілетін қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. Ақша өте өтімді құрал болғандықтан, ол байлықты сақтаудың қолайлы формасы болып табылады (әрине қарқын алып келе жатқан инфляция кезінде Бұл шығынға ұшыратады). |
Айналыс құралы болып табылатын ақша қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Ақша жуйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
- ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- нақтылы ақша төлемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
- ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен мопо-метализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында — тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде Бұл жүйе монометализмге алмастырылады.
Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.д.д. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жж; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғ. аяғынан, басқа елдер — XIX ғ. аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, құн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартың енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесегі құнының мөлшерімен шектелген.
Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын.
Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.
1944 ж. құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция құнын белгілеген (35 американ доллары 31,35г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауысатындық, қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-тың өзінде 1971 ж. Орталық банктер үшін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған.
Осы күнгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. Бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғ. олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны элект-рондық құралдарды пайдаланып аудару, т.т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.
Алтынның айналуы кезіңде, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталған жағдайларында, айналысқа қажет ақшаның саны төменде келтірілген формула арқылы есептеледі:
А=(ТБ-Н+Т-БТ)/АА
Бұнда: A — айналысқа қажет ақша саны;
ТБ — айналыстағы шаруалар бағаларының қосындысы;
Н — несиеге салынған шауарлардың бағасының қосындысы;
Т — мерзімі жеткен төлемдер;
БТ — бірін-бірі төлейтін төлемдер;
АА — аттас ақша бірліктерінің айналым саны.
Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.
Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды.
Батыс экономистерінің көбі И.Фишердің айырбас тендеуін пайдаланады:
М х V = Р х Q
Бұнда: М — ақшаның массасы;
V — ақша айналысының жылдамдығы;
Р — тауар бағаларының дәрежесі;
Q — айналымдағы тауарлардың саны.
Бұл теңдеу тауар бағаларының қосындысы мен айналыстағы ақшаның массасының сан жағынан аратәуелділікте болатынын көрсетеді. Бағаға, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсатымен ақшаның массасына бақылау жүргізу қажет.