Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.
Тұтыну бағалылығы — Бұл заттың пайдалылығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.
Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес, тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Егер еңбек әрекеттерінің карқындылығын тұрақты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің тұтыну құны оларды бір-бірінен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.
Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын алады және олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі-кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз қабылдайық — дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік: тауардың құнның қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды. Әр қоғам осы қажетті уақытты реттеу үшін өзіне тән механизмдер қолданады. Мысалы, классикалық капитализм тұсында тауарды өндіруге керек кажетті уақыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.
Өнімдердің көп түрлі болуы, олардын, әр қайсысының тұтыну бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр-түрге бөлінуінен, олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады. Тауардың тұтыну құнның өндіруге қажет операциялардың нақты жиынтығы, нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған еңбектің саны жағынан ғана айырмашылық. болады: біреу көбірек, біреу азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстракты еңбек деген түсінікті құрайды.
Сонымен, тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процесс: нақты және абстрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек — құнның құрайды.
Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.
Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.
Адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада болады: мол шамада, сирек шамада. Мол игіліктермен экономикалық теория айналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының субъективтік бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік бағалау немесе игіліктің бағалылығы, бір жақтан, игіліктің пайдалылық дәрежесімен, екінші жақтан, оның сиректігімен белгіленеді.
Егер белгілі бір игіліктің қоры болса, осы қордың көлемі, оның сиректігінің дәрежесін көрсетеді, ал оның қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын кабілеті — оның пайдалылығын көрсетеді.
Игіліктердің көбі бөлінеді. Сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі бір игіліктің үш бөлшегі бар делік. Енді осы қажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан жағынан көрсетуге болады. Ол 10-ға тең дейік. Енді өндіруші осы игіліктің корының бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктің әр бөлшегінің пайдалылығы қажеттіліктің карқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші бөлшектің пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.
Бірінші бөлшекті тұтынғаннан соң, қажсттілік аздап қанағаттандырылады және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тен. болады.
Игіліктің ақырғы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең. Өндірушінің қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген болса, тұтынушы игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша, игіліктің жалпы экономикалық бағалылығын табу үшін, шекті пайдалылықты игіліктің белшектерінің санына көбейту керек.
Жалпы қорытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың негізінде, осы өнімді өндіруге қажет тиімді технология тандап алынады.
Осы сияқты еңбектік теория тек технологияны ғана емес, осымен қатар өнімді де, тіпті экономиканың басқа да параметрін ретке келтіруге мүмкіндік береді.
Нақты еңбек (технология) абстракты енбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын талап етеді. Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны және құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Ал өнімнің құны абстракты еңбектің шығынының қажетті көлемін қалпына келтіреді. Егер осы тізбекте үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек, немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып және керісінше болып отырады.
Таңдандыратын мына жағдай. (Экономикалық жүйе біреу. Осы жүйені сан жағынан сипаттап түсіндіретін құн теорясы екен. Сонда осы екі теорияның біреуі қате болғаны ма?
Олай емес. Бұлардың әрқайсын дұрыс және дұрыс емес деуге болады. Олар сыңаржақты. Бұлар шаруашылықты әр түрлі жағынан сипаттайды. Әрқайсы өз тұрғысын қамтиды, басқада тұрғы барын ескермейді. Сондықтан, құн теориясының даму болашағы осы екі варианттың ғылыми синтезімен байланысты деп тұжырымдағымыз келеді. Құнның қозғалысы объективтік және субъективтік процестерді біріктіріп ие болатын біртұтас процесс. Сондықтан еңбектің объективтік шығындары да және субъективтік шекті пайдалылықта, жалғыз ғана құнның құрылу процесінің көрініс формалары болып табылады.
Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға беріліп кетіп, тұтынумен жетімсіз есептескен.
Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады.
Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл түрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық теориясының сыңаржақтылығын жояды, оны толықтырады. Шекгі пайдалылық теориясы субъективтік бағалаудын, неге басқаша емес осылай болып калыптасуын дәлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды.