Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Ресурстардың толық қамтылуы және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі.

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады.Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар, пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады.Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді.

Екінші белгілі бір уақыт аралығында кейбір  бағалар өзгертуге бейім емес,мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық  көлемі есебінен  және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен  кейнстік көзқарас деп аталады.

Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенде жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік  айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.

Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы  мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.

Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар  қызмет көрсетуді  де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы   нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.

Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге  болады. «Бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді.

Y1=C1+I1+G1  

1-ші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынандай:

G1=C(Ω, Yd) (тұтыну функциясы)

I=I (r1) (инвестиция функциясы)

G1=G (мемлекеттік сатып алулар)

T1=T (таза салықтар)

Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd=Y-T оң тәуекелділікте.

Нақты пайыздық мөлшерлемесінің  тұтынуға ықпалы  тұрақты оң немесе   теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен  оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен – инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді   деп қарастырылады: нақты пайыздық  мөлшерлемені үлкейту капиталдың   баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.

(1) теңдеу – тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы – оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс  экономиканың  сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс  экономиканың   өндіргіш  күштерімен, яғни капитал  қорларымен,  жұмысшылардың бірліктігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.

Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты қарастыру  арқылы толықтырайық. Өндіріс  факторлары  және өндіріс функциясы өнім шығару көлемін  анықтайды:

Y=F(K, L) = Y

Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:

Y=C (Y-T) + I (r) + G

G және T айналымаларының мәндері экономикалық саясатта берілетін болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс  факторларының  қоры мен өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза аламыз:

Y = C ( Y – T) + I (r) + G

Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде  тұтыну, инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.

Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың  оның ұсынысына теңдігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек.

Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға сұраныс және ұсыныс  та азаяды. C+I+G. Егер пайыз  мөлшерлемесі  жоғары болса, инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс  ұсыныстан  төмен болады. Егер  пайыз мөлшерлемесі  төмен болса, инвестициялар жоғары және  сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Пайыз  мөлшерлемесінің  тепе-теңдік жағдайында   тауарларға және қызмет көрсетуге сұраныс олардың   ұсынысына теңеледі.

Классикалық экономика теориясы екі негізгі  жобаға негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық  жұмсалуымен өндірілген  өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі  Y = C+I+G+Xn      (яғни AD ≠ AS жағдай болуы мүмкін еместігіне сенімділік білдіреді).

Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің  құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың  толық қамтылуына кепілдік  береді. Тек табиғи деңгейдегі  «ерікті» жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD және AS тепе-теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі Y мен әлуетті Y* теңдігін білдіреді.

Кейнстік экономикалық теория бұл өзін-өзі реттеу механизмінің болуын сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың  тепе-теңдігі  ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес  келмейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі  орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі Y0 < Y*.

Бұл сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі — әр түрлі мотивтермен, әр түрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинағы   жоспарларының сәйкес келмеуі.

Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор – пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына бастайды.

Кейнс теориясына сәйкес экономиканың  тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын басты  фактор болып табылады.

Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін  қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне  қатысты салыстырмалы шағын рөл атқарады.

Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің  динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді.

С = a+b (Y-T)

С – тұтыну шығыны

a – автономды тұтыну

b – тұтынуды шекті бейімділігі

Y — табыс

T — салықтық аударымдар

(Y-T) — қолда бар табыс (Yd немесе DI)

MPC =

MPC – тұтынудың шекті нормасы

 — тұтыну шығындарының өсімшесі

Yd — қолда бар табыстың өсімшесі

АPC =

APC – тұтынудың орташа бейімділігі

C – тұтыну шығындарының көлемі

Yd – қолда бар табыс көлемі

Қор жинағының қарапайым функциясы:

S = -a + (1-B) (Y-T)

S — жеке меншік сектордағы қор жинағы.

(1-B) –тұтынудың шекті бейімділігі функциясы

MPC =

MPS – қор жинағының шекті бейімділігі

S – қор жинағының өсімшесі

АPC =

APS –қор жинағының орташа бейімділігі.

S – қор жинағының көлемі.

Yd – қолда бар табыс.

Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.