Тарихи Рашиди. «Тарих и Рашиди» Хайдар Дулатидың есімін әлемге мәшһұр еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым 15-16 ғ қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығ Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазды. Сондай-ақ Ауғаныстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық әлеуметтік өмірін, мәдениетін, салт-санасынзор білгірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құнарлығы –Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндады.
«Тарих и Рашиди» — қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғаныстан, Үндістан, Тибет елдерінің XV-XVI ғ тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады. Қазақ тарихы, Дулатидың айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан – шығысында Ертіспен, Солтүстігінде Балхаш көлімен, батысында – Түркістан және Ташкент шаһарлары меноңтүстігінде Қашқариямен шектесіп жатқан ұлан-ғайр мемлекет еді. Сонау XIV ғ. ІІ жартысында моғолстанның алғашқы хандары тоғылық Темірмен Ілияс Қожа Мауеренахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғытар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билік әрбір Каларрадинге көшті. Бұл кезде орта Азияның билушісі Әмір Темір Моғолстанның қайта-қайта шабуыл ұйымдастыруымен болды. Моғолстанның билеушілері Әмір Каларрадин дулат, Еңкі төре, Қызыр қожа хан және Ақорда билушісі Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шықты.
XV ғ. ІІ жартысында мемлекеттің ішкі қолбасшылары күшейіп қазақтың көптеген ру-тайпаларын, Дешті Қыпшақты тастап шықты. Олар енді Жетісуға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есбұға Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алып, Шу өзені, қарату маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бұл кезде қазақ хандығын құрды. Сөйтіп, Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші мемлекетпен қарым – қатынасы кең көлемде сөз болады.
Х.Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар жайында тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтығысып жүргенін ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді.
М.Х.Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге аса дарынды жазушы, ақын. Сол себепті ол «Тарих и Рашиди» көркем сөз зергері ретінде жазып шыққан. Қаламгер өз сөзімен көрген оқиғаларды аса дарынды суреттерге ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсетті. Міне, соның нәтижесіде, «Тарих и Рашиди» ресми тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүрімен жазылған шығармаға көбірек ұқсайды. Жалпв Х.Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең тараған еді. әйтсе де Х.Дулати жазған шежіре ғылыми жағынанда, көркем сөз өнері тұрғысынанда өзгелерден шоқтығы биік туынды болатын. Х.Дулатидың бірқатар елдерге жасаған саяхаттары да осы еңбекте тартымды түрде баяндалған. Тарих и Рашиди қызықты оқиғаларға, ғажайып көріністерге толы, еңбек мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне сүйреттеп, ондағы алтын өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады.