Жыр қадірін жектік білетін атақты Бабыр патша кезәнде Хайдар Дулатидың ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын –тойларда Дулатидың лирикалық өлеңдері әуенге салып айтады екен.
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы адамгершілік, сүйіспеншілік, достастыққа адалдық болып келеді. Ол өз өмірінде әлемнің көп жерін аралап, талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдар тауқыметін көп көрген ақын кезінде, көп ел аралаған кезбе саяхаттарды, Кашмир тағында отырған хан да болған. Сол себепті ол жалған дүниенің өкініші екенін, адам өмірінің құбылмалы болатынын қашан да жақсылық жамандық өз ара шайқалып жататынын өзгелерден гөрі тереңірек пайымдаған.
М.Х Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі көрген-білгендерін зор шеберлікпен жазады. Мәселен, «Тарих и Рашидиде» бинеленген мынадай көріністер бар: «Кашми рауасының (Температурасы) жаз айында өте қоңыр салқын, сондықтан ешқандай желпуіштің қажеті жоқ. Ұдайы қоңыр салқын самал есіп тұрады. Оның қош иісті лебі адам жанын жадыратып жібереді. Үнемі жанның деміндей жандандырып жіберер қасиетке ие таңғы самалдан райхан жапырақтары төгіліп жатады. Сайраған бұлбылдар мына халді баян еткендей шіріп кеткен сүйектерді кім тірілте алады? Шынында да, «Тарих и Рашиди» құнарлы бейнелі тілмен қазақтың айту дәстүрінде шебер жазылған көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды бинелерін жасаған. «Тарих и Рашиди» қанаты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге, мейлінше бай. Ең бастысы – бұл мемуарлық еңбектің шынайы туындыға тән сюжеттік жемісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу істептес көріктеу құралдары қатар пайдаланылады.
Дәл сол деректер жайында өзінің ой толғаныстарын дидактикалық, философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Ғалымның бұл философиялық пікірлері арнайы зерттеуді қажет етеді.
Хайдар Дулати «Тарих и Рашидиді» жазу үстінде өзі дарынды ақын ретінде танытады. Прозатілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол аракідік поэзия тілімен, яғни жырмен жетікізеді.Х.Дулатидың ақындық дарынының кезінде «Тарих и Рашидиді» өзге тілдерге тәжіма жасаған батыспен шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. Х.Дулати бұл еңбегінде өзінен көп бұрын өмір сүрген және өзімен замандас шығыс шайырларының поэзиясына теориялық талдау жасап, олардың өлеңдерінен мысалдыр келтіріп отырады. Олар: Науай, Жәми, Бинай, Сухали, Хилали т.б. ақындар.
Жанырлық тұрғыдан алғанда «тарих и Рашиди» ғылыми еңбек, әрі түркі тілдес халықтарының шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деуге болады.
Біріншіден, «Тарих и Рашиди» көне түркі, Шағатай, араб, парсы, латын, грек, үнді, тілдерінде жазылған, есімдері әлемге әйгілі шығыспен батыс ғұламаларының тарихи зерттеушілеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.
Екіншіден, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, ауызша айтылып келе жатқан тарихи дерктерді, аңыз-афсаналарды, хандар мен сұлтандардың генеологиясын өз тіліне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.
Үшіншіден қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде таныған тіпті, алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы – жаралар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған. Міне, «Тарих и Рашиди» атты еңбекті жазу барысында Мырза Хайдар Дулати осы жәйіттерді мықап еске ала отырып, оны жоғарыда аталған үш талапқа да сай жауап беретіндей етіп жазған.