Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы

Ондаған ұлттар мен ұлыстардың басын күштеп бір ноқтаға теліген зорлықшыл ( тоталитарлық) жүйе бір кісінің жасына жетер-жетпесте түбі шіріген емендей құлап түсті. Миллиондаған жазықсыз жандардың ғұмырын қиған, әрбір тұрғынды кезінде бір талқаны шықты. Мызғымастай көрінген одақ түбегейлі күйреді, оның құрамындағы одақтас елдер бостандық алып, құлдық қамытынан босанды.

Міне, еліміз тәуелсіздік алып, көк байрағын жер жүзіне желбіреткелі де он жылдан асты. Мұстафа Шоқай тәрізді алаштың ардақты азаматтарының аңсағаны  орындалды.  Әлемдік  аренада  Қазақстан  дүниежүзілік қоғамдастықтың тең кұқықты мүшесі, Орталық Азияның айбынды да айдынды мемлекеті ретінде бой тіктеді. Егемендіктің арқасында өшкенміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кештік. Жылдар өтісімен Тәуелсіздіктің буыны беки түсіп, еліміз айбарлы мемлекетке айналуда. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Жас тәуелсіздіктің жолын малды да, жанды да қия алатын ауыз бірлік керектігі» де күннен-күн; айқындала түсуде. Ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік!

Тәуелсіздік тұсында өткенімізді қайтадан зерделей бастадық, кеңестік идеологияиың салқыны шалған құндылықтардан саналы түрде бас тарттық. Ал патшаны тақтан тайдырып, самодержавиені құлатқанымен, сорақылықылығы оны он орап кететін «кеңестік қитұрқылықтар мен сорақылықтардадан”арыла бастадық. Заман талабы ғылым мен мәдениетіміздегі көптеген «жаңсақтықтарды» кайта қарауға міндеттеді. Соның нәтижесінде, әсіресе гуманитарлық ғылымдардағы ақтаңдақтар мен қаратаңдақтардың беті ашылды. Айталық, кейінгі ұрпақ көркем әдебиет саласында ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келген «социалистік реализм» әдісімен жазылғаи, Ленин мен коммуиистік партияны «жоғары санаға» жеткізген шығармалардан қалай бас тартса, гуманитарлық ғылымдар саласындағы асыра сілтеулер мен асыра айыптауларды    жазбай  тани    бастады. Қазақстан  тарихы егеменді, демократиялық республикаға айналғаннан кейін отандық ғылым салалары кеңес үкіметі кезінде «жабық тақырьп саналған тұстарды ашуға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндік Қазақстан тарихы ғылымына да тиесілі еді…

Кеңес өкіметі кезінде «тыйым салынған» тақырыптар тарих ғылымында аз еместі. Олардың қай-қайсысы да зерттеушілер үшін аса қауіпті ері жабық мәселелер болатын. Ондай тақырыптарды зерттеуге жағдай туғызылған күннің өзінде зерттеуші оны кеңестік идеологияға сәйкес етіп, жаланы үйіп төгіп, қара бояуды қалыңдата түсіп жазуы тиістің. Қазақстан тарихындағы сондай тақырыптың бірі — саналы ғұмырын түбі бір тектес түркілердің тұтастығына арнаған және сол жолда басын бәйгеге тіккен, ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайға қатысты. Осыған сабақтас тағы бір тақырып -кешегі   екінші   дүниежүзілік   соғыс   тұсында   Еуропа территориясында құрылған атақты Түркістан легионы жайлы болатып Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты болмаса да, кеңестік тарих ғылымы оларды қолмен сабақтастырды. Тіпті, Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрып, оған тікелей басшылық еткен кісі ретінде көрсетті. Нәтижеде, онсыз да жалалы болған Мұстафа Шоқай есіміне өшпестей боп тағы бір таңба басылған еді.

Қазақстан тарихында Түркістан легионы туралы дақпырт күні бүгінге дейін өлі ақ-қарасы толық ашыла қоймаған меселе күйінде қалып отыр. Кеңес өкіметі тұсындағы тарихнамада оны тек біржақты түсіндіру, антикеңестік күш ретінде қарастыру бел алды. Айталық, кезінде әйгілі шығармаға айналған С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты повесінің аннотациясында «нақты деректер негізінде жазылған» делінгенімен, Түркістан легионы жайлы шындық бұрмаланып көрсетілді . Онда Мұстафа Шоқай мен тұтқынға түскен кеңес офицерлері мен жауынгерлері атына қарғысқа бергісіз ауыр сөздер айтылды. Бүгіннің биігінен қарағанда, бір жағынан, идеологиясы темірдей қатты кеңес одағында солай болуы заңды да сияқты көрінеді. Әйтсе де, Түркістан легионына қатысты Мұстафа Шоқайдың атына жабылған жала күні бүгінге дейін үзілді-кесілді алына қоймағаны кісіні қынжылтады.

Тағы бір басын аша кетерлік мәселе мынада: Бұл еңбегімізге Түркістан легионы туралы арнайы тарау енгізбеуге де болар еді. Мұны біз саналы түрде кірістіріп отырмыз. Мақсатымыз — мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізу.

Сонымен, Мұстафа Шоқайдың Түркістан легионына нендей катысы бар? Жалпы оған байланысы бар ма, әлде кеңестік жүйенің алдын-ала ойластырылған айып-жаласы ма? Ол өз ажалынан өлді ме, жоқ әлде , қастандықтың құрбаны болды ма? Міне, осы және осыған ұқсас сауалдар өздігінен туындап, кісіні жұмбақ өлемге жетелейді. Осының дұрыс не бұрысын салмақтауға әрекет жасап көрелік.

Мұстафа Шоқайдың 1929-1939 жылдар аралығында «Яш Түркістан» атты журнал шығарып тұрғандығы белгілі. Ол сұңғыла саясаткер ретінде әлемдегі саяси жағдайлар туралы талдау мақалаларын жиі жариялап тұрумен бірге, халықаралық қатынастарға да сараптама жасап отырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында (1939 жылдың бас кезі — Ғ.Ж.) Мұстафа Шоқай Еуропадағы саяси жағдайларды қапысыз бақылап отырды. Әсіресе, мына мәселелерге жіті көз тігіп, көзқарасын білдірді:

— Англияда жалпыға міндетті әскери борыштың жариялануы;

— Гермаиия мен Польша арасындағы қатынастың шығуы;

— Еуропада туындаған қарама-қайшылыққа Ресейдің де араласа

бастауы.

Мұстафа Шоқай әз еңбектерінде әлем халқының төрттен бірін Англияда бұған дейін жалпыға бірдей әскери қызмет өтеу міндеті енгізілмегенін жазды. Осы тұрғыда ол көптеген көзқарастарын білдіріп мақалалар жазды. Сонымен бірге, 1936 жылдың өзінде Еуропада екі тенденцияның: коммунистік және фашистік идеология майданының орнағанын атап көрсетті. Ол екінші дүниежүзілік соғысы болатынын алдын-ала көре біліп және айтып қана қойған жоқ, соғысқа тікелей қатысатын елдерді де дәл көрсетіп берген болатын. Айтса айтқанындай, көп ұзамай, әлемді адамзаттың сан ғасырлық тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қиян-кескі соғыс бұлты торлап алды.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, 1936 жылы Орталық Азияның бүкіл территориясы ұсақ бөлшектерге бөлінді. Түркістан халықтары мен ұлыстарға, этникалық топтарға жіктелді. Коммунистер небәрі ширек ғасырға жетер-жетпес уақыт ішінде Түркістанда үш рет алфавитті өзгертті. Мұның барлығы жымысқы пиғылдан туған іс-әрекеттін.

1941 жылдың маусымында Қазақстанның әрбір төртінші тұрғыны майданға аттанды. Олардың ұзын саны 1 млн. 200 мың адамды құрады. Жаппай майданға жіберуге жергілікті тұрғындар ешқандай қарсылық жасаған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде түркістандықтарды тыл жұмыстарына алуға жергілікті халық тарапынан үлкен кедергі жасалғанын ескерсек, екімші дүниежүзілік соғыс басталғанда жұртшылықты қарсылық көрсетуге жұмылдыратын ешкім де қалған жоқты. Ұлттық зиялылар түгелдей қуғын-сүргінге ұшырады, көзі тірілері не бағытын өзгертіп, не өкіметтің қолдан жасаған терроры мен зорлық-зомбылығынан қатты қаймығып қалған болатын.

Соғыстың алғашқы айлары кеңес жауынгерлерінің сәтсіздіктерімен жалғасып жатты. Оның негізгі себептерін зерттеушілер төмендегіше түсіндіреді:

Біріншіден, Сталиннің 1941 жылдың маусым айында нацистер тарапынан төнуі мүмкін болған қатерді жете бағаламауы, Германияның КСРО-ға дайындап жатқан шабуылы жайында көптеген мәліметтер келіп жатса да, армияны ескери даярлық күйіне келтіруден бас тартуы.

Екіншіден, ескери концепция сол кездегі ахуалға сай еместі, басқыншылыққа бағытталды. Соның салдарынан елдің батысындағы шекаралардың қорғаныстық қабілеті төмен деңгейде болды.

Үшіншіден, Сталин жәие оның әкімшілігі офицерлік корпусқа елеулі нұқсан келтірген болатын. 1937-1938 жылдардағы «тазалау» Қызыл Армияны да айналып өтпеді, армия моральдық-психологиялық тұрғыдан әбден жанышталған, абақтыларда ауыр соққының астында қалып рухы түскен офицерлер мен әскери оқу орындарын жаңадан тәмамдаған бітірушілердің қарамағында болды. Соғыс басталған кезде офицерлік корпус пен саяси комиссарлар корпусының үштен екі бөлігінің стажы әлі жылға да жетпеген».

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында командирлердің 7 процентінің ғана жоғары білімі болса, ал 37 проценті орта әскери білім де алмаған еді. Жазалауға ұшыраған әскери мамандардың орнына бейбіт мамандық иелері шақырылған. Олар арнаулы дайындықтан өтіп үлгермей-ақ соғыс басталып кетеді.

Осының нәтижесінде соғыстың алғашқы үш айында кеңес әскері жаудан ойсырай жеңіліп кері шегінуге мәжбүр болды, мыңдаған офицерлер мен жауынгерлер тұтқынға түсіп жатты. Ресми құжаттарда 1941-1945 жылдар аралығында жау қолына түскен тұтқындар саны 5,27 миллион деп көрсетіледі. 1941 жылдың жазында екі миллионға жуық әскери қызметші жау тұтқынына түсті, бүл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңес тұтқындарының жалпы санының 49 пайызын құрайтын. 1942 жылы Қызыл Армия өзінің 1 млн. 339 мың адамынан тірідей айрылса (33 пайыз), 1943 жылы бұл шығын 487 мыңды құрады (12 пайыз), 1944 жылы 203 мың адам жау қолына түссе (5 пайыз), ал, 1945 жылы бұл көрсеткіш 40,6 мың адамға жетті (1 пайыз) .

Түркістан легионы негізінен жау қолына тұтқынға түскен кеңестік әскерилерден құрылды емес пе, жоғарыдағы фактілерді соған байланысты келтіріп отырмыз.

Немістер жаулап алғанда Парижде болған Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс істейтін Уәли Каюм келіп, әңгімелеседі. Алайда, шақырылмаған қонақты жақтырмай, әңгімеден тартыншақтаған Мұстафа, Уәли Қаюмды тіпті, шайға да шақырмастан шығарып салады. Екі аптадан кейін, яғни, 1941 жылы сәуір айындатағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Мұстафа Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ығғай бермеген Шоқай әйгілі турколог, профессор Герхрд вон Мендемен хат алысқаннан кейін, ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлайды. Берлинде Кеңестер Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс болып, қалған жайттардан хабары жоқ екенін айтып жауап береді. Осылайша бір аптаның ішінде Парижге қайтып кетеді. Бұл жайттар бізге Мұстафа Шоқайдың фашистік үкіметті жек көретінін, онымен байланысқысы келмейтінін және Уәли Қаюмды жақтрмайтынын аңғартса керек.

1941 жылдың 22-ші маусымында, фашистік Германия КСРО территориясына баса-көктеп кірген күні, Парижде Ресейден қоныс аударған 300-ге тарта эмигранттар тұтқындалып, «құрметті кепілдер» ретінде Компьен қамалына жабылады. Олар ішінде Мұстафа Шоқай да бар болатын. Ол үш апта бойы қамалда тұтқында отырады. Мұстафа Шоқайдың тұтқындалуы жайлы жұбайы Мария Яковлевна былай жазады: «Күндізгі үштер шамасы еді. Баспалдақтан кенет етіктердің тарсылы естілді. Көп кешікпей есік қоңырауы шалынды. Біреу «Бұл Шоқайдың пәтері ме?» деп сұрады. «Есікті аш» деді Мұстафа… Неміс әскерилерінің киіміндегі үш адам тұрған екен. Барлығы ішке кірді. Мұстафа менің алаңдамауымды өтініп, тез арада оралатынын айтты. «Бұл жай әншейін құжат тексеру ғана, сосын дереу жібереді», — деді ол. Мұстафаның заттарын жинастыра бастадым. Немістердің бірі соңымнан ілесіп жүрді. Мен одан: «Біз большевик емеспіз ғой, неге тұтқындап жатырсыңдар?» дегенімде, ол бұйрық солай болғанын, оны өздері де түсінбейтіндіктерін айтты…

Күндер мен түндерді күтумен өткіздім, Мұстафа орала қоймады. Кейіннен тұтқындалған орыстарды Компьен қамалында ұстап тұрғанын кездейсоң естіп қалдым. Екі аптадан соң Мұстафадан хат алдым, хат тұтқындалған күннің ертесіне, 23 маусым күні жазылған еді. Тағы бір апта өткенде бір күні кешке қарай, сағат алтылар кезінде есік коңырауы шырылдады. Есікті ашсам, Мұстафа келіп тұр. Бұл мен үшін күтілмеген қуаныш еді».

Мұстафа Шоқай өзінің Компьен қамалында болған үш аптасы (22-ші маусымнан 13-ші шілдеге дейін) туралы былай жазады: «Бір сағат бұрын маған радио арқылы сөйлеуді ұсынды, мен, әрине, бас тарттым, тұтқындағы отандастарыммен жүздеспейінше, үгіт-насихат жүргізбейтінімді айттым. … Мен өте қызық адамдармен кездестім, олардың арасында орыстар да, шетелдіктер де бар еді. Сол кезде өзімді бейнебір жасарып кеткендей сезіндім, Петербургтегі студенттік жылдарымды, лекцияларды еске алдым. Компьенде ашық аспан астында қызғылықты лекциялар, саяси пікірталастар өтті. Мен де Түркістан жайында баяндама жасадым. Тыңдаушылар әр түрлі кісілер еді, менің баяндамам оларда үлкен кызығушылық сезімін оятты, тағы да оқуымды өтінді. Лекция күнін белгілемек болғанымда, кенет мені комендатураға шақыртты да, босатылғанымды айтты. Алдағы уақытта тұтқындағы Түркістандықтармен кездесу өтпек, іштей қатты абыржулымын. Ортақ тіл табыса алар ма екенбіз?».

Мария Яковлевнаның жазуынша, Мұстафа Шоқай тұтқыннан оралғаннан кейін бір күн өткенде таңертеңгі сағат алтылар шамасында екі әскери кісі келеді, Мұстафа: «Әрі асса бір айдан соң қайтармын…», деп жылы киімдерін де алмайды. Бірақ Мұстафа осы сапарынан үйіне оралған жоқ…

Мария Яковлевнаның жазбаларынан белгілі болуынша, біздің жағдайымызды жіті сұрастырып, лекциялар оқыды… » «… Берлинде 6 ай болғаннан кейін, тамыз айында қаладан кеткен». Мұны неміс тұтқынында болған Қарыс Қапатбайдың Мария Яковлевнаға жазған хатынан да аңғару қиын емес. Онда былай делінгенді: «1941 жылдың қыркүйек айында әскери тұтқындар орналасқан Сувалка лагеріне біздің президентіміз Мұстафа Шоқайұлы келді. Мен өз Отанымда жүрген кезімде оны шетелдегі ұлттық козғалыстың жетекшісі ретінде білетінмін. Он екі күн ішінде ол бізге күн құрғатпай келіп тұрды.

Мұстафа Шоқай лагерден алғаш рет қараша айында әйеліне хат жолдайды. Содан кейінгі тұста Мария Яковлевна Сувалка мен Ченстохов лагерлерінен открыткалар алып тұрады. Өзінің соңғы хабарында Мұстафа Шоқай былай жазған еді: «Менің түркістандықтармен өткізген кездесулерім көп жағдайды өзгертті. Болжамдарымның дәл шыққандығына көзім жетті. Тұтқындар арасынан өзімнің туысымды таптым. Қайтарда оны өзіммен бірге үйге ертіп бармақшымын. Үндеулерім елеулі ықпал еткен сыңайлы. Атқарар жұмыс шаш-етектен. Жалғыз өзім үлгермей жатырмын. Көмекші кажет. Лагерді караитинге жапқанша үлгеру тиіс.

Мұстафа Шоқай комиссияның басқа да мүшелерімен бірге Полынадағы әскери тұтқындар лагерлеріне (Сувалка, Ченстохов, Вустрау) барып тұрды. Мұстафамен бірге комиссияда М.Тоғай, Т.Алпаути ( Азербайжан), Арутинян (армян), Тоганидзе (солтүстік кавказдықтар), Х.Гейбел және Ю.Зетлер бар еді.  25-30 шақты комиссия жүмыс істеді, олардың құрамында 500-ден 600-ге дейін адам болды. Солар ішінде туркиялық татар азаматы Ахмет Темір, дағыстандық Әлихан Қантемір, әзербайжан Абдурахмап Шафи Алмастар бар еді. Ахмет Темірдің куәлік етуінше, комиссия бірнеше топтарға бөлініп жұмыс жүргізеді. Бұл орайда айтакетерлік жайт, комиссия мүшелері көбіне жастардан құралған еді. Өйткені профессор Ахмет Темірдің айтуы бойынша, немістер бұл уақытта ұлт көсемдері мен өзіндік идеясы бар кәнігі саясаткерлермен істесуден гөрі, албырт әрі айтқанға көнгіш жастармен жұмыс істеуді ыңғайлы деп тапқан болатын. Комиссия кұрамында Уәли Қаюм жоқ еді, өйткені ол маңызды шаруаларын бітіру үшін Берлинде қалған еді. Алайда ол ертесі күні жолға шығып, комиссия мүшелеріне қосылады. Бұл күтпеген кездесуге барынша таңырқаған Мұстафа Шоқай Уәли Қаюмның неге келгенін сұрайды. Сұраққа әзілмен жауап берген Қаюм тұтқындардың көп болуына байланысты арнайы шақыруы бойынша келгенін айтады.

Мұстафа Шоқай Сувалки концлагеріндегі тұтқындарға саяси жағдай жөнінде лекциялар оқиды. Біз Мұстафаның оқыған нақты мазмұнын әлі білмейміз. Бірақ Қарыс Қанатбайдың хатынан Шоқайдың тұтқындарға қауіп-қатерлер төнгенін, олардың алдында сан алуан қиыншылықтар тұрғанын біліп отырмыз. Мұстафа Шоқайдың сөйлегендері, жазғандары тұтқындардың жүректерінде сенім тудырып, оларға тірек болады. Мұстафаның абыройы осы себептен коп өсе түседі. Түркістандықтардың алдында еселеп өсе түскен оның беделін фашистік вермахт та өз мақсатына пайдаланбақ болады. Бірақ Шоқай фашистермен бірге болуды да қаламайды, кеңес үкіметінің де саясатын қабылдамайды. Демек, теоретик Мұстафа Шоқай екі оттың ортасына түскен отандастарына үшінші жолды ойлаған. Ол қандай жол екенін тек Шоқайдың еңбектерімен, оқыған лекцияларымен танысқанда ғана білеміз.

Мұстафа Шоқай әйеліне жазған хатында неміс лагерлеріндегі отандастарының жағдайы туралы да айтып, олардың аянышты ахуалдары, немістердің тұтқындарға көрсеткен қорлықтарын ашына баяндайды. Ол лагерлерге барып жүргенінде түркістандық әскери тұтқындардың тізімдерін жасап, олардың аты-жөнін, лагерь нөмірін тіркеп отырады. Бұл тізімдер Мұстафа Шоқай өлгеннен кейін оның заттары арасынан табылған. Бұған қоса, Каюмхан Мария Яковлевнаға «өте құпия» деген белгі соғылған папканы табыстайды. Бұл папканы Мұстафа өлімінен біраз уақыт бұрын Вели Қаюмханға берген болатын. Онда Мұстафаның лагердегі тұтқындар жағдайы туралы мәліметтерімен бірге, нацистердің жазықсыз адамдарға жасаған айуандық әрекеттері де көрсетілген еді.

М.Шоқайдың араласуымен жүздеген түркістандықтар ату жазасынан аман қалады. Ол жерлестерінің аса ауыр жағдайларын жеңілдетуге де елеулі септігін тигізеді. Мұстафа Шоқай немістерге бірнеше талап та қояды. Оның бірсыпырасы кеңестік арнайы қызмет бөлімдеріне мәлім еді. Бұл жайлы Қазақ КСР-і Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің №85 ісі бойынша айыптау қорытындысында былай көрсетіледі:

— Германияның оқу орындарында болашақ Түркістан мемлекеті үшін

кадрлар даярлау;

— Тұтқындағы түркістандықтардан әскери бөлімдер түзу, оларды тек

Түркістан шекараларына жеткен кезде ғана пайдалану.

Тәуелсіз Түркістан мемлекеті үшін кадрлар даярлау және әскери бөлімдер құру мәселесі Мұстафа Шоқайды Қоқан автономиясының құлауынан бері қатты алаңдатып келетінді. Себебі, Автономия Ұлттық кадрлардың тапшылығынан және оны қорғайтын күштің болмауынан толыққанды мемлекетке айнала алмаған болатын. Ал, Мұстафа алға тартқан екінші шартқа келсек, оны айыптауға таптырмас себеп болған да, «өз халқына қарсы соғыспақ болды» дейтін жаланы тудырған да осы соңғысы еді.

Шыитуайтына келгенде, Мұстафа неміс лагерлерін аралап, жерлестерінің адам нанғысыз қасіретті жай-күйін көрді, Сталиннің Женева конвенциясына қол қоймағанын да білетінді. Ол отандастарының аянышты өлім құрығына ілікпеуін көздеп, тұтқындағы жерлестерінен ұлт-азаттық армия құру жайында немістерге ұсыныс жасайды. Бірақ, бір атап айтарлығы, бұл армия кеңес әскерлеріне қарсы соғыстарға қатыспауы тиіс еді. Мұстафа аталған армия Түркістан шекараларына жетпестен ұрысқа кірмеу жайын немістерге баса ескертеді. Мұндағы мақсат, алдағы тактиканы ойластырып, айқындау үшін бір жағынан уақыттан ұту болса, ал әскери тұтқындар үшін — алдағы күреске күш жинау болған еді.

Дегенмен, бұрынғы Түркістан легиоиерлері Әлім Алмат пен Жөке Бапыштың куәлік етуінше, Мұстафа Шоқай Түркістан легионының құрылуына үзілді-кесілді қарсы болады! Ол: «кескілескен қанды ұрыстар тозағында болған және концлагерлердің ауыр азабын тартқандарды қайтадан шайқасқа кіргізу адамгершілікке жатпайды», деп ашықтан-ашық мәлімдейді.

Бұрынғы әскери тұтқын Хамза Абдуллиннің айтуынша, Мұстафа Шоқай немістерге ұсыныс білдіріп, түркістандық тұтқындарды қантөгіссіз пайдалану варианттарын да алға тартқан. Мәселен, оларды Түркияға жұмысқа жіберіп, Германияның түрік мемлекеті алдындағы қарызын өтеу үшін пайдалануды айтқан.

Кеңес кезіндегі көптеген еңбектерде Мұстафа опасыз, халық жауы ретінде көрсетіліп келген болатын. Оған, тіпті, Түркістан легионын тікелей өзі құрған, генерал атағын алған дейтін де айыптар тағылғанын білеміз. Бұл шындыққа тіптен жанаспайтын жайт. Мұстафа ғұмыр-бақи Отанын сағынып өмір сүрді, тірісінде Түркістанның азат мемлекет болуын ғана армандап өтті және осы бағытта ақтық демі таусылғанша күресті. Ал, кеңес идеологиясының бар мақсаты, бұрыннан Тәуелсіздікті көксеп, осы жолда табан тіресе күрескен алаш ардақтысын өз еліне қарсы соғысушы ретінде жала жауып, халықтың оған деген өшпенділігін туғызу еді десек қателеспеспіз.

Енді Мұстафа Шокайдың Түркістан легионыиың құрылуына мүлде араласпағанын, тіпті оған үзілді-кесілді қарсы болғанын айғақтайтын бірнеше фактілерге тоқталайық. Бұлтартпас фактілердің бірі — Мұстафа Шоқайдың дүние салған кезі мен Түркістан легионының құрылуы арасындағы уақыт алшақтығы. Нақтылай айтқанда, Түркістан легионы Мұстафа өлімінен едәуір кейін құрылып, қалыптасты. Дәлелге жүгінейік.

1941 жылы тамыз айының соңына таман Шығыс министрлігінің (Остминистериум) арнайы комиссиясы жұмысын бастайды. Бұл комиссия түркі тектес әскери тұтқындарды (Орта Азия, Волга жағалауы, Кавказ) басқалардан беліп тастады. Олар кейінше Польша, Балтық жағалауы, Белоруссия мен Украинаның жаулап алынған территорияларындағы арнайы лагерлерге жөнелтіледі. Немістердің тұтқындардан әскери бөлімдер құру жайындағы алғашқы тәжірибесі түркі тектес мұсылмандарға жүргізіледі. Оның себебі, неміс жағының пікірінше, түркі мұсылмандары кеңес үкіметіне оппзицияда деп есептелінген еді.

1941 жылы 22-ші желтоқсанда ОКW ( Obecomando der Wehrmacht) Германия қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшылығы) түркімен,өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, тәжіктерден Түркістан легионын, ал әзербайжан, дағыстандық, ингуш, лезгин, чечендерден Кавказ-мұсылман легионын құру жөнінде бүйрық шығарады. Легиондарды жасақтау Польша территориясында болып өтті де, ол 1942 жылдың жаз-күз айларында аяқталды.

Сол кезде, дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтарында Шығыс министрлігі (Остминистериум) өзбек эмигранты Вели Қаюмды Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындап, осы ұйымды жасақтауға кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан легионы құрамында 110 мыңнан 180 мыңға дейін түркістандықтар болған. Бұл цифрлар сол кезгі Түркістан Ұлттық Комитетінде әскери министр болған Баймырза Хайыттың айтқанына жуықтайды. Б.Хайыт Түркістан легионы құрамында 181 мың 402 түркістандық болды деп атап көрсеткен.

Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті Вели Қаюм Рейхсфюрер Гиммлерге жолдаған хатында ТҮК-ның құрылған кезін 1942 жылдың 14-ші қарашасы деп көрсетеді. Бұл Комитеттің Үшінші рейх тарапынан ресми түрде танылған кезі еді. Ал шын мәнінде, Түркістан Ұлттық Комитеті өз қызметін әлдеқайда бұрынырақ — 1942 жылы қаңтар айынан бастаған болатын. Неміс тарихшысы Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, ТҮК-ның Ұлттық органы саналатын «Милли Туркистан» журналы 1942 жылғы тамыз айынан шыға бастаған.

Түркістан Ұлттық Комитеті құрылымы жағынан саяси ұйым еді, Түркістан легионын құру және жүйелеу жауапкершілігі тікелей соған жүктелді. Вели Қаюм неміс тарапының қолдауына арқа сүйеді, әсіресе, шығыс істері жөніндегі министрлік басшысы Альфред Розенберг пен рейхтың барлық құрылымдарынан нақтылай көмек алып тұрды.

Жалпы, Түркістан легионы жайында айтар әңгіме көп, бірақ басты мақсатымыз ол болмағандықтан, легион туралы негізгі мәліметтерді ғана келтіріп өтуді жөн санадық.

Мұстафа Шоқайды немістер өз мақсаттарына пайдаланбақ болып көп әрекеттенгені мәлім. Бірақ Мұстафа немістердің қолшоқпары ретінде бірден радиодан сөйлеуден бас тартып, отандастарымен кездестіруді өтінеді. Тамыз айының соңынан қарашаның басына дейін (2 ай шамасы) бірнеше лагерьде ондаған мың түркістандықтармен кездесу жүреді. Бұл кездесулерден Мұстафа төмендегідей қорытындыға келеді: «26 тамыз, сейсенбі күні, штурмбанфюрер Гейбердің жетекшілігімен комиссия ретінде Берлиннен Ганнмоверге жол тарттық. Айта кету керек, соғыс тұтқындарының лагерлердегі ахуалы менің жоспарымда екінші кезекте еді. Өйткені олар Германияда дұрыс орналастырылып, басқарылып жатыр деп ойлайтынмын. Соғыс тұтқындарымен алғашқы кездесулер әуелгі мәселелерге байланысты күмәндарымды түгелдей жоққа шығарса, лагерлердегі жағдай ойлағанымнан мүлдем басқаша болып шықты».

Бұл арада тұтқындағы кеңес әскерлері басқа ел өкілдерімен салыстырғанда ерекше ауыр халде болғандығын, Сталиннің бұйрығы бойынша олар сатқындар деп жарияланып, Кеңес үкіметінің оларға, яғни тұтқындарға байланысты халықаралық келісімдерге қол қоймағандығы себепті оларға Қызыл крест қоғамы тарапынан көмек берілмегендігін еске саламыз. Мұстафа Шоқай осының куәсі болып, жары Марияға жазған хатында түркістандықтар аштықтан амалсыз өліктердің өкпе-бауырын суырып жеуге дейін барғанын баяндайды.

Кеңестер көсемі өз патриоттарына соғыс жағдайында осындай опсыздық жасап, өгейлік көрсетсе, эмигрант ұлтшыл Мұстафа Шоқай отандастарының өмірін сақтап қалуды өзінің бірден-бір борышы санайды. Тұтқындағылардың бұл үрейлі ауыр жағдайы туралы Германияның билік орындарына жолдаған хатында Мұстафа былай деп жазады: «Сіздер — немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс хан жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендеріцізді айтуға хақыларыңыз жоқ! » Ол бұл хатты СС офицерлерінің біреуіне табыс етеді. Офицердің «пікіріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе? » — деген сөзіне Мұстафа: «Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер, — қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық. Бұл қорқынышты жағдайлардан соң тіпті де өмір сүргім келмейді», — деп жауап бергенін Мария Яковлевнаға жазып, ұйқысы қашып ешнәрсеге зауқының жоқ екендігін, терең рухани күйзеліске ұшырағандығын сөйтіп білдіреді. Осыны сезгендей кері қайтуға шешім қабылдаған қайран ер соңғы хаттарында былайдеп жазған еді: «Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім… Тезірек карантинге жауып тастамай тұрғанда құтылып шығуым керек».

Профессор В.П.Булдаковтың айтуынша, «Түркістан легионын құру туралы қаулыны Гитлер 1941 жылы 22-желтоқсанда шығарады. Бұл күні Мұстафа Шоқай ауруханаға жатқызылған еді. Ал Түркістан легионы 1942 жылы ақпан айында құрылды» — дейді. Міне, Мұстафа Шоқай және осы уақытқа дейін оған телініп келген Түркістан легионы туралы шындық пен дақпыртты ұлт қайраткерінің соңғы сөздері-ақ тайға таңба басқандай етіп ап-айқын айғақтап тұр емес пе?!

Алайда тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Кемеңгердің күдігі шындыққа айналды. Комиссияның жұмысы бітер кезде лагерь басшылығы миссия мүшелерін жинап, тұтқындар арасында сүзек ауруының қауіпті қарқынмен белең алып отырғанын алға тартып, екі апта крантин жариялады. Арада 10-12 күн өткеннен кейін комиссия мүшелерінің арасында ешқандай рудың жоқ екенін айтқан әскери дәрігерлер, генерал шеніндегі дәрігердің қарауынан кейін олардың Берлинге қайта берулеріие рүқсат етеді.

Жолға шыққанға дейін бәрі бір қалыпта болатын. Мұстафа Шоқай орналасқан купеде одан басқа Али Қантемір және Уәли Қаюм бар еді. Кавказдық Али Қантемірдің естелігінде, Берлинге кетіп бара жатқанда Мұстафа Шоқай басының ауырып, ыстығының көтерілгенін және су ішкісі келгенін айтқан. Содан кейін серіктері шай беріп, Мұстафа бірнеше стакан шай ішеді. 1941 жылы 19-желтоқсанда пойыз Бсрлинге келгенде ыстығы 40 градус болған Мұстафа Шоқайдың ауруы үдейе түседі. Диагноз қою үшін профессор Рудневті шақырғамымен, науқасты анықтай алмаған ол, «Сүзек болуы мүмкін» деп Шоқайды ауруханаға жолдайды. «Виктория» ауруханасында оның жағдайы жақсармайды, керісінше, ыстығы күннен күнге көтеріліп, діңкесі құрып, әбден әлсірейді. Ауруханада Мұстафа Шоқай өзін Ножандағы үйіне қайтаруын сұрап, қанша жалбарынса да оны тыңдайтын ешкім болмады. Өйткені Ресейде екі рет сүзекпен ауырған кезде іші емес, бас ауруынан қатты қиналғанын білетін ол, қазір іші ауырмағандықтан, өзінің сүзек емес екеніне сенімді еді. Алайда оны үйіне жіберу былай тұрсын, тіпті, жанына жұбайын да шақырмай қойды.Ауруханада жасалған ресми анықтама бойынша, Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда қайтыс болды. Бұл күні профессор Сағадат Шағатай ханымның сөзімен айтқанда, «шындықтың беті ешқашан ашылмайтын осы бақытсыз өліммен бірге Түркістанның қайғылы тарихи дәуіріеде алып бір тұлға , орны толмайтын  саяси кайраткер бір ойынның құрбаны болып кетті».

Ия, бүкіл саналы ғұмырын елінің азаттығы жолында империяның итаршыларымен және отаршылдықпен күресуге арнаған Мұстафа Шоқай, озбырлықтың әлдебір ойынына құрбан кетті. Өйткені Түркістанның ұлы тұлғасы опат болған соң, ресми мәлімдемеге және озбыр биліктің ызғарына қарамастан , Шоқайдың өлтірілгені жөнінде әңгіме тарады. Шоқайдың жары мен шыйайы шәкірттері, большевиктік билікке қарсы күрескен достары мен тұтқындар лагерінде бірге болғандар, тіпті, фашистік биліктің ресми адамдары мен Кеңестік «жансыздар» да Шоқайдың «өз ажалымен өлмегені» жайында айтып жатты.

Берлинге сол күні кеште келген Мария Яковлевнаны, арадан бірнеше күн өткеннен кейін, яғни, 31 желтоқсан күні ғана күйеуінің мәйітін көруге алып келді. Алайда оған түсініксіз себептермен күйеуімен жақынырақ барып қоштасуға рұқсат берілмейді. Ертесі күні де моргқа жіберілмеген Мария Шоқай жан жарын тек 2-қаңтар күні жерлеуге апарғанда ғана көреді. Мұнда да Шоқайдың бетін ашып көруге тыйым салынады. Өлім хабарын естіген сәттен бастап Мария Шоқай жұбайының өз ажалымен емес, кісі қолынан өлгеніне сенімі  нық еді. Оның үстіне, көсемдерінің жаназасын шығармай жатып, Уәли Қаюмның қуанышты мереке ретінде үлкен салтанатпен жаңа жыл мерекесін тойлауы да Мария Шоқайдың күдігін арттыра түседі.