Медеу қысқы спорт түрінің ең биік және ірі спорт кешені болып табылады, мұз айдынының алаңы 10,5 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда 170 әлемдік рекордт жасалған, сондықтан да ол спорт кешендерінің көшін бастауда.
Оның алғашқы кезенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған болатын, ал 1951 жылдың 4-6 ақпанында мұнда алғашқы ресми жарыстар өте бастады.
2003 жылы биік тау спорт кешені толық қайта жарақтанудан өтті, болашақта жабық шатыр жасау жоспарлануда.
«Медеу» тәкаппарлығымен кәсіби спортшыларды, жалпы әлемнің әр түпкіріндегі табиғат сүюшілерді өзіне көптеп тартуда. Аспантаулар аясындағы әсем «Медеу» ғасырларға жалғасқан мәңгілік жасыл шыршалар арасындағы мұз аралы іспетті. Мұнда саф таза ауаны, таулы Арктиканың суық лебін сезгендей боласың.
«Медеу» неліктен әлемдік рекродттардың ошағына айналып отыр? Ғалымдардың жорамалы бойынша мұз айдыны астында терең жер асты өзені бар айналымға орналасқан. Айналымда үлкен соленоид, бағыттаушы алаң бар. Демек, мұз сырты суықтан қабыршақтанған кезде, кристаллдар белгілі бағытқа қарай бұрылады. Мұздың екінші рет қабыршақтануы 17-20 минут аралығында емес, 12 минутте — ақ жүзеге асады. Мүмкін, конькилер осы қабыршақтардың қабырғалары бойынша сырғанайтын болар. Жылдамдықтың сыры, міне осында жатыр! Ғалымдар сандық сиқырды да байқаған: Медеу теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікке орналасқан, ал мұндағы «ең жылдам» мұз нөлден 1,7 градус төмен температурада пайда болады екен. Айдындағы ең сапалы мұз — күннің шығуына және батуына жарты сағат қалған кезеңдер. Мұнда Жер айналуының, космостық және күн сәулелерінің де өзара ықпалы айтарлықтай рөл атқарса керек
Қаржы тапшылығынан жастарды баулу үзіліп қалуы
Ақпанның 10-ы күні алауы тұтанатын ХХ қысқы Олимпиада ойындарында қазақ елінің конькишілері де айдынға шығады. Өз елімізде дайындық жүргізуге сапалы спорт кешені болмағандықтан, спортшылар қыруар қаржы жұмсап, шет ел спорт ареналарында жаттықты. Алайда осы кеткен шығынның орнын толтырып, ойындарда жүлдеге ілінетін конькиші бізде жоқ. Бірақ болашаққа үмітпен қараймыз. Осы орайда, бүгін біз коньки спортынан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Леонид Кимді сөзге тартқан едік.
– Қаңтардың 28-і күні Халықаралық коньки спорты түрлерінің одағы жариялаған Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың соңғы тізімінде Туринде бақ сынайды деген біздің үш конькишіміздің есімі жоқ. Неге?
– Олимпиада нормативін біздің 6 спортшымыз орындаған. Бірақ соңғы сәтте халықаралық коньки спорты түрлері одағы лицензияның нормативтік көрсеткішін бірнеше есеге көтерді. Ондағы мақсат – Олимпиадаға қатысушы конькишілердің санын азайту. Ойындарға қатысуға тиіс болған 192 спортшының 22-сі осының салдарынан Турин айдынына шыға алмайтын болды. Енді тек 170 конькишіге бақ сынауға рұқсат беріліп отыр. Туринде Александр Жигин, Дмитрий Бабенко және Наталья Рыбаковалар өз өнерлерін паш етпек. Ал Сергей Пронин, Владимир Костин мен Алексей Беляевтар тек қосалқы құрамда Туринге барады. Бетін аулақ қылсын, жарысқа қатысушы үш спортшының біреуі ауырып немесе жарақат алып қалған жағдайда, солардың орнын алмастыратын болады.
Алғашқы жарыс күні, яғни 11 ақпанда жерлестеріміздің арасынан өзінен зор үміт күттіріп отырған Дмитрий Бабенко 5 мың метр қашықтықта жарыс жолына шықпақ. Халықаралық коньки спорты түрлері одағының талаптары бойынша бұл қашықтықта 28 конькиші айдынға шығады. Осы қашықтықта тәуір өнер көрсеткен 16 спортшы 10 мың метрде бақ сынау құқына ие болады. Әрине, біз Дмитрий Бабенкодан жақсы нәтижелер күтеміз. Дима былтыр күзде Солт-Лейк-Ситиде өткен Әлем Кубогының кезекті кезеңінде жақсы өнер көрсетіп, 5 мың метрде Азия рекордын жаңартқан. Одан кейін жыл соңында Харибиндегі құрлық біріншілігінде үш мәрте Азия рекордына түзету енгізіп, чемпион атанды. Тек енді сәл бағы жанса болғаны. Ол – 10 шақырымда бақ сынауға машықтанған спортшы. Бұл күндері біздің конькишілер Туриннен 140 шақырым жерде орналасқан Кальальпа қаласында дайындық жүргізіп жатыр.
– Біздің елде конькишілер арасынан Людмила Прокашевадан кейін Олимпиада ойындарында жүлдеге ілінген спортшы жоқ. Оның бер жағында Әлем біріншіліктерінде және Азия ойындарында топ жарған конькишіні де естімедік.
– Прокашевадан кейін Сергей Цыбенко мен Радик Бикчентаевқа үміт арттық. Цыбенко Азия біріншіліктерінде рекорттар жаңартып жүргенімен, Әлемдік ареналарда олжа сала алмады. Содан кейін ол 2002 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін үлкен спортпен қош айтысты. Артынша Аоморийде өткен Азия ойындарында күміс жүлде еншілеген Бикчентаев та енді айдынға шықпайтынын мәлімдеді. Осы екі арада жастарды тәрбиелеу қаржы тапшылығынан үзіліп қалды. Оның үстіне төрт жылда құрама команданың бапкері үш мәрте ауысты. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап, бұл қызметті Сергей Цыбенко атқарып келді. Бірден бапкер ізбасарлар ісіне көңіл бөлді. Жастарға жағдай жасады, соның нәтижесінде Бабенко, Жигин секілді спортшылар құрама сапынан орын алды. Және олардың қазіргі көрсетіп жүрген жетістіктері көңіл қуантарлықтай. Біреуі 19-да, екіншісі 20 жаста. Бабенко туралы айтып кеттім. Ал Жигин – жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатында олжа салған спортшы.
– Енді алда конькишілерімізді қандай маңызды жарыстар күтіп тұр? Спортшыларды дайындауда қандай жағдайлар жасалып жатыр?
– Рекордтар ұстаханасы саналған «Медеу» мұз айдыны көп жылдардан бері жөндеу көрмей, әдбен тозып кетті. Былтырғы жылдың аяғынан бастап, Медеуге көңіл бөлініп, қаржы аударылды. Әлемдік талаптарға сай мұз айдыны құйылды. Бірақ әзірге табло мен айдынды тазалайтын құрал-жабдықтары жоқ. Осының салдарынан, біздің конькишілеріміз көп қаржы жұмсап, Европада дайындық жүргізуде. Былтыр жаңа жылға дейін 30 спортшымыз екі ай бойы шет елдерде жаттықты. Ал жыл басынан бері Олимпиадаға қатысушы конькишілер тағы да Еуропада тер төгуде. Бірақ Азия коньки спорты түрлері ағымдағы жылдың соңында Азия чемпионатын «Медеу» мұз айдыны кешенінде өткізуді ұйғарып отыр. Осыған байланысты тағы да біршама ауқымды жұмыстар атқарылмақ
Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. Деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ лимп, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. Ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. Соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы лимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiс´ж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. Және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.
21-Олимпиялық ойындар
1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрiнен қатысты. Бұл олимпия ойынында жерлестерiмiз 8 алтын және 2 күмiс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальдi иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс және 7 қола медальдi алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлi дәрежедегi 18 медальдi иелендi. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мұнда 11 спорт түрiнен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Тұрлыханов, Т.Меньшова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина (жеңiл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлерi атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесiншi орын алды. Олардың үлесiнде барлығы 78 медаль (оның 24-i алтын) болды. Чемпион атанғандардың iшiнде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нұрмағамбетов (ескек), Б.Байсейiтов, С.Матвиенко (грек-рим күресi), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңiл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Дiлдәбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз 76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресi), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңiл атлетика), Н.Кәрiмжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) қ-нда өткен 26-олимпия ойындарында Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күмiс және 4 қола медальға ие болды. Олимпияға қатысқан 197 елдiң iшiнде Қазақстан 24-орынды иемдендi. Ю.Мельниченко (грек-рим күресi), А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) тәуелсiз мемлекетiмiздiң тұңғыш чемпиондары болды. Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында (2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күмiс медальдi иемдендi. Олимпияға қатысқан 199 елдiң iшiнде Қазақстан спортшылары 22-орында тұрақтады. Бұл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2001 ж. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған 1-жазғы спартакиада өттi. Бұл бәсекеге елiмiздiң миллионнан аса тұрғыны қатысты. Бәсеке қорытындысында Оңт. Қазақстан обл-ның өкiлдерi (4430 ұпай) бас жүлденi еншiледi. Алматы қ-ның спортшылары екiншi (4272 ұпай), қарағандылықтар үшiншi (3658, 33 ұпай) орынға шықты.
Ұлттық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде пән ретiнде оқытылады.
Спорт базалары. 2001 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша Қазақстанда 291 балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi болды. Оның iшiнде олимпиялық резервтi дайындайтын 55 арнайы мектептерде 142 мың жас спортшыларды 4420 бапкер жаттықтырады. Бұлардан басқа дарынды спортшыларды дайындайтын 9 мектеп-интернат (2340 жас спортшыларды 210 бапкер жаттықтырады), iрi халықар. жарыстарда жоғары жетiстiктерге жеткiзу мақсатында құрылған спорттық элита 6 мектебi (құрамында 1128 спортшы, 210 бапкер бар) жұмыс iстейдi.
Қазақстан кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлi салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы мәлiмет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар. Қаз.энциклоп. 5 том