Қазақстан Республикасының экономикасын өркендетуде темір жол көлігінің алатын орны

Көліктің көмегімен ғана экономикалық аудандарды мамандандырып. кешенді дамыту мүмкін болады. Көлік неғұрлым жетілдірілсе, республикада теотрафиялык еңбек бөлінісіне, экономикалық аудандардың мамандануы мен кешенді дамуына соғұрлым көп мүмкіндік туады.

Көлік түрлерінің, оларды жасап және пайдалануға жұмсалған шығындары яғни тасымалдың өзіндік құны бойынша бір-бірімен айырмашылықтары бар. Темір жол, тас жол, жүз мыңдаған тонна құбыр кететін құбыр жолын салу өте қымбатқа түседі. Өзен, теңіз, әуе жолдары едәуір арзан.

Көліктің еңбекті көп қажет ететінін түрлері- Автомобиль және әуе көлігі, еңбекті аздау қажет ететіндері — құбыр, өзен, теңіз, темір жол көліктері. Жүкті тікелей алушыға жеткізу мүмкіндігінің маңызы зор. Өзен және теңіз көлігі арқылы жүкті түсіріп, темір жол вагонына кайта тиеу қымбатқа түседі.

Автомобиль көлігі жүкті кайта тиеусіз бірден «қақпадан-қақпаға» жеткізе алады. Экономикалық ауданның әр бір типіне жүк айналымының өзіндік құрылымы сәйкес келеді, ал көліктің қандай түрлерінің басым қолданылуы ауданның географиялык орнына байланысты. Мәселен, кен өндіру, қара металлургия мен машина жасау өнеркәсібі күшті дамыған көмірлі металлургияның Қарағанды ауданындағы жүк айналымы құрылымда тас көмір, қара металдар басым орын алады. Жүк негізінен темір жол мен тасымалданады. Әсіресе сыртқа тасымаллау көбірек.

Әрбір өнімнің өзінің өндіретін ауданы мен шығарылатын аймағы бар. Басты жүк тасқындарына тас көмір, мұнай мен мұнай өнімдері, астык, шитті мақта, тері т.б. тасымалдайды. Өзен бойларына қоныстанған Ресей мен Сібірте жүктің көбі (астық, түз, ағаш) Ертіс арқылы тасымалданады.      

Қазақстан континентті Республика және оның территориясында кеме жүзетіндей өзендер жоқтың қасы болғандықтан республика ішіндегі, сондай-ак көршілес елдермен байланысты қамтамасыз етуде темір жол көлігі басты рөл атқарады. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының көлемін көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасымалданатын жүктің төрттен үш бөлігі, қалалар мен ауылдарға және де басқа да жерлерге жол жүретін жолаушылардың жарымы тиеді.

Темір жолдары техникалық жағынан қамтамасыз ету және тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украйнадан кейінгі үшінші орынды алады. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнің талабына сай жүк таситын терминалдарды ұйымдастыру, барлық көлік және коммуникациялық орындардың құрылымдарын қайтадан қарап жетілдіру тағы басқа. Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан әрі жетілдіру ерекше орын алады.

Республикада 1977 жылға дейін өз алдына бөлек, бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы Алматы және Батыс Қазақстан темір жол жұмыс істейді. Бірақ олардың іс-жүзіндеті қызметі 1991 жылдан басталған, нарықтық экономика талаптарына сай келмейді. Нәтижесінде 1991-1998 жылдары жолаушылар тасымалдау екі есеге, жүк тасу айналымы 4-есете азайды. Сондықтан темір жол көлігінің жұмысын жаңарту, олардың басқару құрылымдарын жетілдіру және темір жол бөлімдерін ірілендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

1997 жылғы 21-каңтарда үкімет қаулысының Алматы, Тың және Батыс Қазакстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны үкіметтің қаулысымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. Халықты қажетті тауарлармен камтамасыз ететін, денсаулық сақтау, жолды жөндеу, құрылыс, ғылыми-экономикалык жобалау, телефон-телеграф байланысы, станциялар, жолдарда жүктер айналымын камтамасыз ету. Қазақстан территориясында басты екі бағытты қамтиды. Бірінші орталық

(Достық-Ақтоғай-Арыс, Шеңтелді-Достық-Ақтоғай, Арыс-Ақтау жолдары), Екінші Солтүстік (Достық-Ақтоғай-Саяқ, Мойынты-Астана-Преснетор жолдары). Халықаралық мемлекеттік жүктерді тасуда республиканың батыс (Ақсарай-Макат-Бейнеу), Орталық Азия (Шеңгелді-Кандағаш-Өзен) темір жол бағыттары.

Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы ерекше рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен маңызға ие. Достық станциясына қажетті барлық материалдық-техникалық базалар нығайтылды. 1994 жылдан бастап Достық — Алашанкау станциялары арқылы халықаралық жүк тасымалдану жүргізіле бастады. Бүл жаңа жол бағыты жүк тасуда Еуропадан Азияға дейінгі су жолмен салыстырғанда 50-пайызға қысқарды, және Қытайдың Оңтүстік жағалауындағы теңіз порттарын қысқа жолымен Қазақстан, Ресей, Украйна және Белорусия сауда орталыктарымен байланыстырады. Нәтижесінде, Достық станциясы арқылы Қазақстан Қытай, Өзбекстан және Оңтүстік Кореямен сауда байланыстары едәуір өсті.

Достық станциясы арқылы Қытайға қара және түсті металдар, мұнай, химиялық заттар мен тыңайткыштар, ескі металл сынықтары, кағаз, мақта тағы басқа жіберіледі. Ал Қазакстанға Қытай жағынан өнеркәсіп тауарлары, кокс, құрылыс материалдары тағы басқа әкелінеді. Алдағы жылдары бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту қарастырылған. Мәселен, жақын арада Достық-Алашанькау станциялары арқылы жүк өткізуді 2-3 есеге арттырылып, 10-миллион тоннаға жеткізу көзделген.

Достық-Алашанькау темір жолын пайдалану Алтайдық Тынык мұхиттағы Ляньлонтан, Циндао, Тяньцзин порттарын үрімші арқылы жібек жолымен Иранға, Туркияға және Ресей арқылы Еуропаға шығуына жағдай жасады. Қазірде бұл Траназиялық жол желісінің ұзындығы 10,5 мың шақырым, оның 1,8 мың шақырымы Қазақстан жері арқылы өтеді. Бұл темір жол магистралі Достық станциясы арқылы Ақтоғай-Алматы-Шеңгелді станцияларын басып өтіп, одан әрі Ташкент-Теджент-Серан-Мешхед-Тетеран-Анкара арқылы стамбулға жетеді.

Павладар облысының Ақсу, Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды итеруге темір жол магистралімен 7,5 миллион тонна жүк тасылса, 2001 жылы оны 11 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр./16,19/ Негізгі тасылатын жүктер: көмір мұнай өнімдері, құрылыс және ағаш магистралдары таға басқалары. Республикадағы екінші маңызды темір жол құрылысы-Қостанай облысындағы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысыкын Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың жалпы ұзындығы 403 шақырым. Темір жол Қостанай облысының Қамыс ауданын, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Хромтау аудандарының жерлерін басып өтеді. Жолдың іске қосылуы Хромтау-Алтынсарин-Тобыл-Петропавл станциялары арқылы Балтық және Қара теңіз жағалауларына шығуға мүмкіндік береді.

Бұл жолмен Қазақстанның Орталық және Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға Хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украйнаға Қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 тонна астық жеткізу көзделген. Республиканың темір жол қатынасын одан әрі дамытуда оның аса қажетті магистралдің учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Өйткені тепловоздарға қарағанда электровоздардың жүру жылдамдығының артық екендігі, шығынды аз талап ететіндігі, сонымен бірге жүк тасу қуатының артатындығы белгілі. Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін темір жол магистралінін ұзындығы 3,7 мың шақырымға жетті немесе республикадағы барлық темір жолдың 27-пайызын қамтиды. Болат магистралі ел үшін маңызды жүктерді тасымалдауды алмастыруға келмейтін құралы болып, миллиондаған адамдар үшін қолы жететін сенімді көлік түріне айналды. Статистика бойынша темір жол жыл сайын 15 миллионға жуық адамды тасымалдайды, яғни әрбір Қазақстандық жылына бір рет болса де болсада темір көлігінің кызметін пайдаланады. Бүгінгі күні оның үлесіне елдегі барлық жүк айналымының 70 пайызға жуығы, жолаушылар айналымының 60-пайызға жуйғы тиеді. Қазақстан магистралі бұл 14-мың шақырым жол, 721-станса, 27-лакомативтік, 26-вагон жөндеу деполары. Көптетен жүк түрлері үшін темір жол көлігі баламасыз болып табылады. Біздің салалық базамыздың енді нарықтық қатынаста өздерінің дамуына мүмкіншілік алуға тағы да темір жолдың сіңірген еңбегі орасан зор. Тек 1991 жылдан 2003 жылға дейін ғана 220 млн. тоннаға жуық мұнай мұнай мен өнімдері, 1,1 млрд. тоннадан астам көмір, 60-млн. тоннадан астам қара металдар тасымалданады. 1996 жылдан 2003 жылға дейін транзиттік тасымалдау 52 млн. тоннаны құрады. Жалпы егемен Қазақстан жылдарында темір жолмен 365 млн. астам жолаушы, млрд. тоннаға жуық әртүрлі халық шаруашылығы жүктері тасымалданды./11,12/ Темір жол көлігінің жүк айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға өсті. Өсім қатынастың барлық түрі бойынша яғни республика ішінде-12,6, экспорттың-4,4, импорты-29,2, транзитте-30,8 пайыз артты. Қол жеткізген нәтижелер көптетен әлеуметтік темір жол көлігі жұмысшыларының еңбек ақын деңгейі өсіруге мүмкіндік жасады: Салыстыру үшін:1997 жылы орташа еңбек ақы 11 мың теңгеге жуық болса 2003 жылы ол 34 360 теңгеге дейін өсті. Ал, 2004 жылдың 1-қазанынан бастап негізгі өндірістік мамандықтардың жұмысшыларына еңбек ақысын кезекті өсіру жоспарланып отыр. Түбегейлі мақсат-темір- жолаушылардың правасын өндіруші салалардың деңгейіне дейін жеткізу.