Германиядағы, Швециядағы Жапониядағы, Италиядағы кластерлердің даму процесі

Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады? Немесе неліктен кіп – кішкентай Швейцарияда фармацептикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге, ауыр жүк машиналарын және тау – кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған? Неге, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтындарылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника, роюот, фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда?

Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір – біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге байланыстырыған. Мысалы, Италияда экспорттың 40 пайызға жуығы азық – түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.

Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза ен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай – ақ, ағаш өңдейтін жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейірлік жүйелер, бақылаушы өлшуіш құралдар, целлюлоза мен қағаз өндіру үшін қажет жабдықтар шығаруда да бәсекеге қабілетті.

Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді, олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді. Германияда жоғарыда атап көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол кластерлер келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінд, металлургияда, көлікте және баспада. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді, осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен.

Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігнің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтаммасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір – біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда байланысының барлық бағыттары бойынша бәсекелестік кластердің басқа бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.

Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы – ішкі бәсекелестер тобы жерде факторларды тудыру процесін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды маманданған, бірақ та біртектес технологияларға ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезкгінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға мүмкіндік тудырады.

Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысының үлкен болып шығады. Оның ұлғаюы тенденциясы бар, өйткені, бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әртүрлі.ү

Айқын екі мысал: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені, танылған Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптандыруға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені, жаңа компаниялар бұрынғыдан да көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды.

Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.

Әртүрлі елдерде, ал елдердің ішінде — әртүрлі салаларда кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділінде қатты айырмашылықтар байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа қолы сол жерде жетеді.