Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі

Белгілі американдық ғалым Майкл Потер өзінің «Халықаралық бәсекелестік» атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін «кластер» (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді. Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелеуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсаса нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай – ақ, тарылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.

М.Потер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса – ол бір басқа, ал енді қозғаушы күл ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз кереек екенін анықтауға тиіспіз.

Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс. М.Потердің әдістемелік ұстамы – ол экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп санайды. Жіңішкерек амал, ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда: неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда, неге осы елге негізделген фирмаларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды.