Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес . Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды , осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100 % — нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең .
Басқа сөзбен айтқанда , толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі цикілдік жұмыссыздық нөльге тең болған жағдайда ғана жетеді . Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты “ жұмыссыздықтың табиғи ( шынайы ) деңгейі ” деп те аталады Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “ экономиканың өндірістік әлуеті ” деп аталады . Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты ( шынайы ) көлемі . Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе – теңдік жағдайында болғанда , яғни жұмыс іздеушілер мен бос орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнады . Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз — өң өлшем , өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек . Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін уақыт керек . Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса , онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз ; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады . Басқа жағынан қарағанда , жиынтық сұранысы артық болған жағдайда , жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады , яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады . Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен төмен болады . Еңбек күші нарақтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады .
“ Табиғи ” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп , өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді . Біздің іскерлік циклдары қысқаша шолуымызды экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік . Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейінен төмен де болуы мүмкін .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі де өз алдына тұрақсыз көрсеткіш . Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістерімен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі .
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады , ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады . Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталатын факторды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз .
L – жұмыс күші , E – жұмысшы саны , ал U – жұмыссыздар саны . Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы , не жұмыссыз болатындықтан, онда :
L = E + U
Ендеше , жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының қосындысын береді . Жұмыссыздық деңгейі U / L тең болады . Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру
үшін , жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 2 – ші сызбада көрсетілген . s – жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі , f – жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші , яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі .
Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса , яғни еңбек нарығы тұрақты , онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы керек . fU – жұмысқа жалданған адамдар саны , ал sE – жұмысын жоғалтқан адамдар саны және бұл екі шама тең болуы керек :
fU =sE
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін тадуымызға болады . E=L – U , яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең . Бұл fU = s( 1 – U/L) екенін білдіреді . Теңдіктің екі жағын да L – ға бөлеміз , сонда :
f ( U/L ) = s ( 1 + U/L ) шығады .
Теңдауді түрлендірсек ,
U/L = s/s + f
Бұл теңдеу U/L жұмыссыздық деңгейінің жұмысқа жалдану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді . Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық та соншалықты жоғары . Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса , жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады .
Мысал . Айталық , ай сайын 1 % жұмыс жоғалтсын дейік ( s = 0.01 ) ,
ал жұмыс істейтіндер қатарында болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл шамасында болады . шамамен 20 % жұмыссыздар ай сайын жұмыс табатын болсын ( f = 0.20 ) . Бұл жұмыссыз болудың орташа беңгейі 5 айға созылатынын білдіреді . Берілген нақты жағдайда жұмыссыздықтын тұрақты деңгейі
U/L = 0,01/( 0,01 + 0,20 ) =0,0476
Демек , берілген мысалда жұмыссыздық 5 % деңгейде болады .
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлесі қарапайым , бірақ маңызды қорытынды шығады . Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне , не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болуы керек . Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздақтың табиғи деңгейін де ауыстырады .
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналастыру деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе де , ол негізгі сұраққа жауап бермейді . Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса , жұмысқа олналасу деңгейі өте жоғары , ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар еді . Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды . Келесі екі бөлімде жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз , олар: жұмыс іздестіру проблемалары мен жалақының қатаңдығы .
Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және
керісінше . Белгілі уақыт аралығында жұмыс істейтін адамдар
бөлігі ( s ) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады , ал жұмыссыздар
бөлігі ( f ) жұмыс табады . Жұмысқа орналасу мен жұмыстан шығу
көрсеткіштері жұмыссыздық деңгейін анықтайды .
Жұмыс іздеу және уақытша жұмыссыздық
Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады . Еңбек нарығының тепе – теңдік үлгісі жұмысшылар жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды , жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты . Егер ол шынында солай болса , еңбек нарығы тепе – теңдік жағдайда болып , онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді : еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді .
Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз . Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте , ал ол осы тауарларды өндіретін жұмасшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді . Мысалы , дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты , ал ол жазу машинкаларын шығаратан өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті . Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұранысты төмендетті . Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті . Одан кейін , ір аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп , ал екіншісінде қысқаруы мүмкін . Мысалы , мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады . Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгшерістерді құрылымдық ығысу деп атайды .
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта болады .
Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздық жалғыз себебі емес . Одан басқа егер фирма банкротқа түссе , егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырылмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады . Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады . Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады .