Агроөнеркәсіптік кешені мен шипажайлары

Өсімдік жамылғысы. Грузия жермен айналысатын мемлекет болып табылады. Оның топырағы өте құнарлы, бірақ оның таулы рельефі кең көлемді қамтып жатқандықтан ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жоғары дәрежеде емес. Ауыл шаруашылығы техникаларының жұмыс істеуіне таулы бедер кері әсерін тигізеді. Жермен айналысатын үлкен аймақтарға Колхид ойпаты, төменгі картли жазығының ішкі аңғары, Нор қыраты, Джавахед таулы аңғарында, Алазан даласын да айтуға болады. Грузияда ауыл шаруашылығы көбінесе елдің шығысында шоғырланған. Батысы Қара теңіз маңының аймағы құрғатуға мұқтаж болып отыр, бұл әсіресе Колхид ойпатына тән. КСРО кезінде Колхид батпақтары субтропиктік өнімдердің әсерінен батпақтанып кеткен болатын. Грузия шаруашылығында 57% өсімдіктер, мал шаруашылығы 43% қамтиды. Дақылдардың бастыларына: жүзім лозасы, цитрус дақылдары, жеміс-жидектер, көкөністер жатады. Субтропиктік ылғалды мәдени өсімдіктері басты орынды алады. Мысалға інжір, фейхоа, құрма, жаңғақ. Басты маңызға ие шай болып табылады. Елдің батыс аймағында эвкалифт ағашының 30 түрі кездеседі. Одан құрылыс ағаштары және эфир майы алынады. Жүзім шаруашылығы – Грузияның ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Мұнда жүзім лозасының 50 сорты бар. Котехи – жоғары сапалы жүзім және жүзім өнімдерінің Отаны. Мұнда жүзімнің 500 түрлі сорты бар. Грузияның шығысында жүзім және жүзім өнімдерінің Отаны. Мұнда шампан виноларын жасап шығарады. Грузияда шай плантацияларының жалпы көлемі 15000 га. Батыс Грузияда астық дақылдарынан маңызды орынды жүгері, ал Шығыста бидай алады.

Мал шаруашылығы.  Мал шаруашылығы Грузияның үлкен бөлігін алмайды. Бұл шаруашылық бойынша Батыс Грузияда дамыған. Қой шаруашылығы Грузияның Шығыс бөлігінің басты саласы болып табылады. Етті-сүтті шаруашылық дамыған. Мал шаруашылығында етті сүтті ірі қара малдың үлесі өте жоғары , оның жалпы саны 1,2 млн  бастан асады .

Шипажай. Грузияда шипажайды дамыту оның курортты-рекреациялық ресурстарымен тығыз байланысты. Бұларды  қолдану XIX ғасырдың ортасынан басталған.  Алдымен таулы аймақтар  климатынан  басталған. Ол таулы аймақтарға  Боржоми, Абостумани, Код , Жар  аймақтары жатады. Кейін теңіз  жағалауындағы  курортты  аймақтар дамыды. Мысалы Сухуми, Гагра, Кабулети, Махинжаур аймақтары жатады. Одақ кезінде мұнда көптеген  санаторилер, демалыс үйлері,  сумен және балшықпен емдейтін туристік – альпинистік кешендер, мұнда  бүкіл Одақ адамдары келіп демалатын.  Халық шаруашылығында туризм жеке сала ретінде дамыған. Грузияның маңызды  курортты  аймақтарына  таулы аймағындағы туризм ошақтарына байнеологиялық курортты  аймақтар:  Боржоми,  Солерме, Уцера,  Сурами.  Батыс Грузияда 1500-2000 м биіктікте  орналасқан зоналарда  туристік  мақсаттар қолданылады. Шығыс  Грузияның Бакурьян  биік  таулы  аймағы туристк  мақсатта қолданылады.  Мұнда көбінесе  альпинизм  жақсы  дамыған. Қара  теңіз жағалауы өзінің  жағымды климатымен адамдарды тартады. Бұл аймақ ылғалды субтропиктік аймақ, мұнда қысы жылы, жазы құрғақ, ұзақ, ыстық болып келеді. Теңізге шомылу 5-6 айға дейін созылады. Қара теңіз жағалауында минералды сулар өте көп кездеседі (Гагра, Сухуми, Махинджаури). Гахалтуп аймағындағы радиоактивті минералды көздермен Гурджуандағы балшықпен емдейтін аймақтар өте танымал. Грузияның басқа да салалары сияқты бұл сала да қазіргі кезде құлау үстінде. Грузияның экономикасының бір негізі осы сала болғандықтан, оған міндетті түрде көп қаржы жұмсау қажет.