Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай келеді . 1960 жылы жергілікті отын елдің 40 % қамтамасыз етті .Электроэнергия бойынша 1960 жылы өндірісінде басты орында . Электроэнергияның ішінде маңызды орынды ГЭС алады . Земо –Авчал ГЭС і маңызды орынды алады . елдегі ең үлкен ГЭС терге Ингур ГЭС –і (қуаттылығы 1,6 млн кВт ) , Варцих ГЭС – і (176 мың кВт ) , гидротехникалық кешен Авагри ауданында орналасқан . Соңғы жылдары Жылу электр станциялары дамуда . Ол жергілікті көмір ; мұнай , газбен жұмыс істейді . Ең үлкен ЖЭС – Тбилиси . Ол 10 энергияблоктан тұрады . Жылына 7 млрд кВт электр өндіреді . Қазіргі кезде Грузияда 8 ЖЭС , 60 ГЭС жұмыс істейді . ЖЭС – 7,5 8 млрд кВт , ГЭС – 8 млрд кВт . Грузия 1991 жылы өнеркәсібі үлкен дағдарысқа ұшырады . Бұған басты себеп : құрал жабдықтардың ескіруі , қайта өңдеу өнеркәсіптерінің болмауы , т. Б. Себептер әсмер етті . Грузияда машина жасаудың негізгі салалары электроэнергия , автомобиль жасау , прибор жасау , станок жасау , т. Б. Салалар құрайды . 1990 жылы өнеркәсіп өндірістері 6 есе , машина жасау 6,2 есе , құрылыс материалдары 20 есе , жеңіл өнеркәсіп 25 есеге дейін қысқарған .
Қара металлургия.Грузияда қара металлургия бойынша екі өндіріс кешенін бөліп көрсетуге болады .
1 Рустав толық циклды комбинаты.
2.Зестафон ферроқорытпа зауыты . Рустав толық циклды металлургия комбинаты 1944 жылы құрылысы басталып , 50 жылдары іске қосылды . Ол шикізат қоры ретінде Азербайжандағы Деникесан аймағының темір рудасы комбинаттың негізгі шикізат көзі болып табылады . Ткварчел және Тсихул көмірі , Чиатурлық марганец рудасын құрайды . Комбинат құрылымы рудасыз шикізат, коксты батарея , агломерациялық фабрикалар , мартен пештері толығып отырады . Зестафон ферроқорытпа зауыты 1933 жылы құрылған . Ол Чиатур аймағының марганецін пайдаланып жұмыс істейді . Чиатур аймағы Зестафон аймағынан 28 км алшақта орналасқан . Зестафон ферроқорытпа зауыты ферромарганец , металдар т .б. Грузияда түсті металлургиядан молибден , вольфрам , мыс , барит – полиметалл рудаларын байыту үшін құрылған . Олардың ең бастылары Маднеул аймағындағы таулы комбинатты жатқызуға болады . Елде мыс , барит . мырыш қоры көптеп кездеседі .
Машина жасау. Грузияда қазіргі кезде бірнеше машина жасау кәсіпорындары жұмыс атқаруда . «Станок жасау » бірлескен кәсіпорыны көпфункциялы станок жасауға маманданған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырауда . Электровоз жасау саласы бойынша магистральды электровоздар шығаруға маманданған . 1990 жылдың басында бұл сала үлкен дағдарысқа ұшырап , 1995-1997 жылдары бірде бір электровоз шықпады Автомобиль жасау бойынша Грузияда Кутай автомобиль зауыты 1915 жылы салынған . Зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын жартылай прицепті машина жасауға маманданған . Қазіргі кезде зауыт жұмыс істеуде .Авиациялық зауыт Тбилисиде орналасқан . Кеме жасау Батуми мен Поти аймағында орналасқан . Химия өнеркәсібі бойынша Грузияда 1970-1980 жылдары құрылған . Химия өнеркәсібінің басты орталығы ретінде Рустав қаласы ерекше көзге түседі . Химия өнеркәсібінің ммаманданған салалары : химиялық валокон өнеркәсібі , лак бояу , тұрмыстық химия , таулы химия салалары .