Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай . Тас көмірдің қоры Чагин ( Ткибул – Шаорин )және Кадор (Ткварчель ) жоталарында шоғырланған . Қоры жағынан 400 млн тонна . Ткварчелиде көмірдің үлкен қоры бар . Бұл жерде көмірді шахталық әдіспен алады .Грузияның оңтүстігінде Ахалцих тауының жоталарында қоңыр көмір кездеседі . Бұл жердің көмірі сапасы жағынан өте төмен болып табылады .Калхид жазығының батыс бөлігінде торфтың мол қоры кездеседі . Торф бойынша басты аймақтары Тот , редутлаль , Хоб аймақтары . Негшізінен торфты цитрус және шай плантациялары қолданады Грузиядағы мұнайдың жалпы қорыжағынан 580 млн . тоннаны құрайды . Оның негізгі қоры оңтүстік шығысында, сонымен қатар Тбилиси аймағында кездеседі . Грузияда мұнайдың 7 % игерілген . Бұл жерде АҚШ тың , Ұлыбританияның , Швейцарияның , Австралияның компаниялары.
Грузияда табиғи газдың қоры бойынша 98 млрд м3 деп есептеледі . Термальды сулар негізінен энергия көзі болып табылады . Грузияда термальды сулардың көлемі 200-250 м 3 Термальды сулардың негізгі бассейндері – Кадори , Кохет , Тбилиси , Алазань бассейндері . Марганец бойынша үш бассейнді айтуға болады .Олар : Чиатур , Чхор –Аджамей, Квирил бассейндері . Марганейтің барлық қоры бойынша 225,5 млн . т . Марганецтің 90% жуығы Чиатур бассейнінде шоғырланған.
Түсті металлургия бойынша мыс ( маднеул , Квайда ) , свинец , цинк полиметалдары ( Дамбуд , Мери , және Оңтүстік Грузияда) өндіріледі . Алтын қазіргі кезде Маднеул аймағында өндірілуде . Сонымен қатар Болнис ауданында , Аджар , Триалет , Сванет аймағында өндіріледі . Мышяк Лухон аймағында өндіріледі . Цемент шикізаты бойынша Грузияда қоры өте жоғары дәрежеде . Су ресурстары бірінші кезекте энергетикалық жағдайларда қолданылады . Гидроэнергетикалық ресурстар бойынша Грузияда бұл 76% батысында (Риони , Ингури , Кадори өзендерінде) өндіріледі . Грузияда рекреациялық ресурстарға бай мемлекет . Бұларға минералды көздер , емдік ыстық сулар – Цхалтубада орналасқан . Гидрокарбонатты – натрий сулары – Баржомиде , Хлорлы натрийлі сулар Тбмлмсиде шошғырланған .