Мектеп алды тобындағы балаллрды зерттеу міндеттері

Баланың мектепке баруымн байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады.Кішкентай мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға, сол сәтте, қаласа да, қаламаса да өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады. Осы міндеттердің барлығын толық орындау балаға оңай емес.

Мектеп психологы балалармен жүргізілетін психологиялық қызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға, мектеп режимі бойыншн жұмыс жасауға, бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиісті. Тек сонда ғана мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырған білім мен скерлікті меңгеруге шамасы келеді. Мектеп психологы бала бақшадағы әріптестерімен бірге осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобыдағылармен жүргізілетін жұмысының ең басты міндеті болып табылады. Сонымен қатар баланың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін, таным прцестерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше.

Баланың мектепте оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа дейін қалыптаспаған. Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным прцестерін, нәзік қимыл әрекеттін, қарым-қатынас мәдениеттерін зерттеу әдістемелерін жасап шығарған. Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындағы балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемделгендігін анықтауы қажет. Баланың мектепке даярлық деңгейін сипаттайтын ерекшеліктерді анықтау әдістемелері үш топқа жинақталып берілген.

Қазіргі кезде балалардың мектепке даярлығын анықтау үшін арнайы жасалған диагностикалық әдістер қолданылады. Олар Йирасек- Керн, А.Л.Венгер, В.В.давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. ғалымдар жасаған тестер.

1-ші тапсырма. Ер адамның суретін салу әдістемесі

Орындау ережесі: «Сендер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіңдер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салыңдар».

Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойынға түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.

Бағалау шкаласы.

Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсетілген, үстіне ер адамның киім кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса- 1 балл деп бағаланады.

 Басы, бет мүшелері, денсі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса- 3 балл.

 Өте өқарапайым, дене мен басты жобалаған сурет-4 балл.

 Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бір суретке -5 балл.

2-ші тапсырма. «Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі.

Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі. «Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма».

Бағалау шкаласы.

Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, әріптердің үлкендігі үлгіден екі есе аспайды, бірінші әріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа-1 балл қойылады.

Үлгі анық көшірілген, әріптер размері және горизонталдық орналасуы нашар-2 балл.

Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт әріпке дейін түсінуге болады- 3 балл.

Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған , көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады- 4 балл.

Шимайлар-5 балл.

3-ші тапсырма. «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі.

Балаға бір топ нүктелер (саны 20- дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырмны орындау шарты түсіндіріледі: «Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер алынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал».

Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте қатардан шығып кеткен- 1 балл.

Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен- 2 балл

Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңдігі үлгіден екі есеге дейін үлкен,кеңістікте 180 градусқа дейін бұрылған- 3 балл.

Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады- 4 балл.

Шимайлар- 5 балл.

Баолық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды жинап алып оны бағалап шығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған баллдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмаларды орындау барсысында балалрдың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталады.

«Корректура жасап көру әдістемесі»

Мақсаты: бала өз әрекетін ұйымдастырғанда мақсат қоя білуін анықтау.

Балаға таныс геометриялық фигуралар салынған парақ беріледі. Ол әр түрлі фигуралардың ішіне шартты белгілер салуы керек.

 Мысалы:

Осы үлгі бір рет көрсетілгеннен кейін балаға бос фигуралардың ішіне белгілер салынатыны түсіндіріледі. Ол белгілер ирек, қосу немесе теңдік белгісі т.б. болуы мүмкін. Үлгі қайта көрсетілмейді. Тапсырманы орындап болғаннан соң бала өзінің орындаған тапсырмасына мұқият қарап, қатесі болса оны қызыл қаламмаен түзетеді. Қатесі жоқ болса немесе жіберілген қатені баланың өзі жөндесе оның өз алдында тұрған мақсатты дұрыс түсінгеннің белгісі.

Психолог осы үлгі бойынша бірнеше тапсырмалар жасап алса, оларды кезегімен қолдануға болады.

Орындау уақыты 5  минут.

Л.С.Выготскийдің «Жалпылап айт » әдістемесі

Мақсаты: баланың ұғымдық қорынң қалыптасу деңгейін анықтау.

Балаларға топтама сөздер оқылып, оларды бір сөзбен қлай атауға болатынын сұрайды.

Мысалы: көйлек, тон, шалбар, етік, бөрік, күрте. Осы аталғандарды бір сөзбен қалай айтуға болады?

Бала олар киім деген сөзбен белгіленетінін айтуға тиіс.