Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші баланың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Тәрбиеші алғашқы күнен бастап баланың бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізхгені дұрыс.
Кейбір тәрбиешілер баланың қабілеттігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылармен ғана байланыстырады. Бұл жерде тәрбиешінің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педегогикалық тұрғыдан өрескел қате ьолып есептеледі.
Баланың қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұлардың нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. әсіресе төменгі клас оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Кей жағдайда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің назхарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушылардың келешегіне зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы керек. Бұл үшін оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай – ақ баланың ыждағаттылығын, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.
И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі қабілеттердің физиалогиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады.