Мектепке дейінгі баланың қабілетін дамытудағы іс-әрекеттің рөлі

Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет процесінде жүзеге асады. Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балалрды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.

Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер рөлін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлері мен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының рөлін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал  дәрігердің рөлін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады. Бұдан біз, баланың осы мамандыққа қабілетінің бар екенін көре аламыз.

Ойын балаларды баурап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер ауруларға, балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді силау т.б- оларды шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланылатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді.

Ойынға қызығу рөлді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша, тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығадынемесеойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандырудан бас тартады. Мектепжасына дейінгі балалар мектеп оқушыларын бейнелегенде бір әріпті бірнеше қайталап жазу секілді жалықтырарлықбір сарынды іспен ұзақ уақыт бойы және тырыса шұғылданады. Темір жолдағы буфетші әйелдің ролін ойнайтын бес жасар қыз  бала өзінің қолындағы печеньені жемейді, өйткені бұл қылық жолаушыар мүддесіне қайшы келеді. Әйтсе де, ойында қол жетке табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың  қажеті жоқ. Дәрігер ролінде ауырған қыз балаға жаңағана қамқорлық көрсеткен бала бірнеше минут өткен соң, сол қыздың қолындағы ойыншықтарды оның жылағанына ешбір назар удармай, қымсынбастан тартып алып жатқанын жиі көруге болады.

Балалр өздері алған рөлдерге сәйкес ойнап шығатын іс-әрекеттер мен өзара қарым-қатынастар оларға үлкендердің мінез-құлқындағы, қылықтарындағы, сезімдеріндегі белгілі себептермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, біріақ әлі де балалардың  оларды игеріп кетуін қамтамасыз ете алмайды. Ойын балалрды сюжеттік жағымен ғана емес, онда ненің бейнелейтіндігімен де тәрбиелейді. Ойын жөнінде өріс латын шынайы өзара қарым-қатынастар процесінде, яғни ойынның мазмұнын талқылағанда, рольдер мен ойындар материалдарын тағы басқаларды бөліскенде балалр шынында да жолдасының мүддесін ескеруді, оған тілекетстік білдіруді, жол беруді, жалпы іске өз үлесін қосуды үйрене бастайды.

Баланың жеке басының дамуына іс-әрекеттің жемісті түрлері, еңбек және оқу тапсырмаларын орындау септігін тигізеді. Іс-әрекеттің барлық осы түрлерінде балада үлкендер мен құрдастары ұнататын нәтижені алуға бағытталғандық қалыптасады. Оның нәтижесі сурет құрастырулар, жинақыланған бөлме немесе қазылған жүйек, арифметикалықесепті шығару және т.б.

Жақсы нәтижеге қол жеткізудің қажеттілігі баланы өз іс-әрекетін жоспарлауға, оны басқара білуге үйретеді, сүйтіп ерік-жігердің дамуына, өз мінез-құлқын басқара білуіне жетелейді. Бұған қоса іс-әрекеттің нәтижесі түрлі балалрдың қолы жеткен табыстарын салыстырудың негізі болып табылады. Егер бастапқыда мұндай салыстыруды балалар тобын қатыстыра отырып үлкендер жүргізсе , кейінірек өзін бағалаудың дағдыларын игере, өзінің жеке қасиеттері мен жетістіктерін түсіне отырып, баланың өзі орындай бастайды.

Белгілі нәтиже беретін іс-әроекеттің ықпалынан балалард міез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасуы ерекше маңызды. Еңбек тапсырмаларын орындағанда өздерінің өзге адамдарға (үй ішіне, өз тобына тіпті бүтіндей қоғамда) келтіретін пайдасын басшылыққа алуды үйретеді. Мысалы, мектепке дейінгі ересектерге тырнауыштың қосалқы тістерін жасауды ұсынғанда олар бір ай бойы дерлік күн сайын отыз минут бойы ағаш кесінділерін жонып жүрді және бұл жұмысты ықыластарымен ғана істеп қойған жоқ, өздерінен басқа балалардың бөгет жасамауын өтініп, тәрбиешіге ұсыныстар да жасады: «Серуенге шыққанда біздерге ағаш кесіндісі мен пышақ беріңіз онда жүргенд де біз жонатын болайық. Колхозшыларға тырнауыш тістері керек қой, ал біз оларды әлі түгелдей істеп бітірген жоқпыз» Басқа дамдарға пайда келтіре алатындықтарына балалардың көздері жетенде, оларда басқа колхоздар үшін де тырнауыштың қосалқы тістерін жасап беру немесе өз колхозы үшін өзге бір нәрсені істеу ынтасы пайда болды.

Оқу тапсырмаларын орындау балалардың танымдық мотивтерін- әуестік, жаңаныбілуге ынталану, сондай-ақ оқыту процесінде танысатын шындықтың жеке салалрын білуге ұмтылуын дамытуға көмектеседі.