Балалардың психикалық дамуында жеке дара елеулі ерекшеліктер болады. Бұл айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Қандай да бір мәдениет жағдайында тәрбиеленген балаларда дамудың жасқа байланысты дағдарыстарының пайда болуының, дамудың бір кезеңінен екіншісіне өтудің белгілі орташа мерзімі болады. Жекелеген балаларда бұл мерзім не едәуір ерте, не едәуір кейін пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін игеру қарқынында, психикалық процестер мен сапалардың дамуында бұдан да зор айырмашылықтар болуы мүмкін. Кейбір бала төрт жасында ешкім түсініп болмайтын әлдебір «шатпақ» сурет салса , ал екіншісі үйдің жанында тұрған адам суретін бейнелейді. Біреуі зейіннің тұрақсыздығын, алаңғасарлығын көрсетсе, ал екіншісі зейінін шоғырландырып, бірнеше сағат бойы сүйікті ісімен шұғылданады.
Балалар даму қарқынындағы айырмашылықтармен қатар, жасы өскен сайын жеке дара психологиялық сапалардағы: қызығуларындағы,мінез-құлық белгілеріндегі, қабілеттеріндегі- айырмашылықтар пайда болып ұлғая түседі. Алуан түрлі шексіз сұрақтар беретін,білуге құмар, ақыл-ойы жүйрік балалар бар, жөнді ештеңемен айналыспайтын енжар балалар да болады. Қыңыр мінез, ашуланшақ балаларда байсалды, мейірбан балаларға қарама-қарсы мінез қалыптасқан. Мектеп жасына дейінгі кейбір балалардың музыкаға (естіуі, ырғақты сезінуі),ал басқаларында – математикаға қабілеті байқалады. Математикаға қабілеті барлар бес – алты жасында-ақ едәуір қиын арифметикалық есептерді т.б. шығарады.
Балалар арасындағы жеке-дара психологиялық айырмашылықты қалай түсіндіруге болады деген сұрақтың тәрбие мәселесін әркіммен жеке-дара жүргізу үшін зор маңызы бар.Бұл сұраққа жауап беру үшін өзімізге бұрыннан таныс психикалық дамудың табиғи жағдайларына (нерв жүйесінің құрылымы мен функциясына, оның жетілу процесіне) және тұрмыс пен тәрбиенің қоғамдық жағдайына қайта оралу керек. Бірақ енді бұл жағдайларды екінші жағынан – олардың жекеленген балалардың дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тигізетін әсері тұрғысынан қараған жөн. Балалар,сөз жоқ, өзара табиғи ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердегі шартсыз рефлекстердің өзі әр түрлі дәрежеде көрінеді. Түрлі нәрестелердің шартты рефлекстері түрлі жылдамдықпен пайда болады.Көру тітіркендіргігтеріне бағдарланатын реакция басым көрінетін сәбилер бар, екіншілері терісіне тигенге неғұрлым әсерленгіш келеді. Сірә, кейбір табиғи ерекшеліктер тұқым қуалаушылық жолымен, басқалары ана құрсағындағы кезеңіндегі қандайда бір даму жағдайының нәтижесінде пайда болдады.
Мидағы түрлі атаулы ақаулар- тұқым қуалайтын аурулар, дұрыс жетілмеу, туу үстіндегі зақымдар- психикалық дамудытежеуге әкеліп соқтырады, ал ерекше қиын жағдайда оны тоқтатып тастайды. Осыдан келіп, кейде өте тез немесе тм айқын өтетін психикалық даму да, шамадан тыс қабілеттің пайда болуы да мидың әлдебір туа біткен ерекшеліктеріне байланысты болады деп есептейді. Баланың жеке-дара психологиялық сапалары, алдымен бүкіл қабілетті тұқым қуалай ма дегенді анықтау үшін ғалымдар көп күш жұмсады. Осы мақсатпен аса көрнекті адамдардың тегі зерттелді. Көптеген семьяларда ата-аналары, балалары және алыс ұрпағы қандай бір салада белгілі қабілеттілік көрсеткені анықталды.Бұл ретте әсіресе, даңқты композитор Иоганн Себастьян Бахтың семьясы мысал бола алады. (1750 жылы үй іші салтанатына осы семьяның 128 өкілі жиналған еді, оның ішінен 57-сі музыкант болып шыққан) Сонымен бірге көрнекті адамдардың көзге түсерлік қабілетімен ерекшелінген бірдк-бір туысқаны болмаған жағдайлар да аз кездеспейді. Сірә, түгелдей суретшілер, музыканттар «әулетінің» болуын семьялық дәстүрге байланысты деп түсіндіруге әбден болатын сияқты, өйткені кейбір семьяларда тәрбиеге, белгілі қызығушылық пен қабілетті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалады.
Психикалық дамуда тұқым қуалаушылықтың адамның жеке басы ерекшеліктеріне тигізетін әсерін анықтау үшін егіз туған балалар да зерттелген. Егіздербір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас болады.Бір жұмыртқалас егіздердің барлқ тұқым қуалау қасиеттері бірдей,өйткені олар бір ұрықтық клеткадан тарайды. Ал, әр жұмыртқаластардың тұқым қуалауы әр түрлі.
Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмысжағдайындағы, тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Бір жұмыртқалас егіздермен, яғни тұқым қуалаушылығы бірдей балалармен жүргізілген зерттеудің нәтижелері осыны дәлелдейді Ол үшін бес жарым алты жасқа дейінгі бес егіздер іріктеліп алынған. Олар арнаулы балабақшада тәрбиеленді. Барлық балалар егіздің бір сыңары бір топқа да екіншісі басқа топқа енетіндей етіліп, екіге бөлінді. Топтар бөлек үйге орналастырылды, ойнайтын, оқитын жерлері де бөлек болды, бір-біріне тек серуендеу кезінде ғана қатынасты.
Балаларды оқытуда әр түрлі әдістер пайдаланды. Бір топта құрастыру ойындарын ұйымдастырып, текшелерден құрылыс тұрғызуы крек болды. Екінші топтың балалары бөлшекке бөлінбейтін текшелерден жасалған үлгі бойынша, яғни бала әрбір кезде құрастыру шешіміне қажетті тәсілдерді өздігінен іздеуі, құрылыстың қандай да бір бөлімі қандай элементтерден құралған бола алатынын талдауы, қол жеткен нәтижені үлгімен үнемі салыстыра отырып, осыэлементтерді талдауы және араластырып құрастыруы керек.
Әрбір топта бес-он сабақ өткізілген соң барлық балаларға байқау есептер берілді.Олар бөлінетін және қажетті ұсақ-түйектері жоқ бөлінбейтін үлгілер бойынша құрылыс, ойлауы бойынша еркін құрылыс салулары және көптеген арнаулы тапсырмалар орындаулары керек болды.Олар орындауы әр түрлі фигураларды көзбен егжей-тегжей талдауды және ойша кеңітікте елестетіп мөлшерлеуді мысалы, текшелерден салған үйді ойша аударып-төңкеріп оның суретін салуды талап етеді.
Барлық байқау тапсырмаларын орындауда тұтас үлгімен құрылыс салумен айналысқан топ балаларының артықшылығы бірден көзге түсті. Бұл артықшылық тіпті бөлінетін үлгілермен қүұрастырған кезде де,яғни екінші топ үнемі жаттыққан іс-әреетте де көрінеді. Құрастыру ойындары мейлінше творчестволық сипат алған топтағы балалар құрылыстың элементтерін көзбен мөлшерлеуге, олардың арақатынасын, олардың формаларын қабылдауда үлкен дәлдәкке жетті. Құрылысты салмастан бұрын балалр үлгіні мұқият қарап, өлшеп, құрастырып, байқап көріп, содан кейін ғана тапсырманы орындауға кірісті. Басқаша айтқанда, тапсырманы орындауға кіріспес бұрын олар бірсыпыра бағдарлау жұмысын жүргізді, міндетті (қолда бар тектешелердің көмегімен үлгіні шығаруды) шешудің мүмкін жолдарын (текшелерді орналастыру варианттарын) салыстырып көрді.
Сөйтіп, айтпағанның өзінде, балалар құрастыру іс-әрекетіне белгілі қабілеттілікті игерді, ал бұл қабілет басқа жолмен үйретілген егіздің кінші сыңарында жоқ болып шықты. Бұл қабілеттілік бөліп қабылдау мен кеңістікте елестетуді мөлшерлеуді талап ететін құрастырылмайтын басқа да бірқатар байқау есептерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді.
Әрин, бес жасар балаларда екі ай жарым уақыттың ішінде оның бүкіл өмір бойына қаларлықтай құрастыру қабілеттілігін тәрбиелеп шығару мүмкін болды деуге болмайды. Әңгіме тек қабілетті одан әрі қолдап, дамытуды қажет етеін кейбір бастамалар жөнінде ғана болуы мүмкін. Осының өзі де аз емес.
Советтік балалар психологиясы тұқым қуалайтын ерекшеліктер әлдебір қабілеттің болашағы ретінде қызмет етуі, олардың дамуы үшін не бірсыпыра жақсы, яки бірсыпыра жаман жағдай жасауы мүмкін деп есептейді. Ал қабілеттің өзі, басқа да психикалық сапалар сияқты, тәрбие мен оқытудың әсерімен өмір процесінде қалыптасады.
Бір баланың психикасына терең әсер ететін, назарын аударатын уақиғалар есепке алынбайтын, көбіне кездейсоқ жағдайлардың көптігіне байланысты екнші бала үшін еленбей жай ғана өте шығады. Тіптен нәрестенің дүниеге көзқарасында, қоршаған ортаеың әсерінен талғап қараушылық байқалады және осығанбайланысты белгілі бір іс-әрекеттің түрлі балалар үшін түрліше маңызы болады. Баланың жасы үлкейген сайн оның талғап қараушылығы арта түседі. Оның үстіне қоршаған ортаның әр балаға, тіпті ата-ананың егіздерге көзқарасы бірдй бола бермейді. Бір сөзбен айтқанда, жалпы әлеуметтік ортада әрбір бала үшін өзінң шағын ортасы қалыптасады. Осы ортаның ерекшелігі оның психикалық дамуының жеке-дара ерекшеліктерін айқындайды.Баланың психикалық дамуында оның іс-әрекетінің шешуші маңызы бар екені бізге белгілі. Бірақ әрқашан және тең мөлшерде бірдей іс-әрекетпен ғана айналысатын екі бала бола ма?
Тіпті кішкентай егіздердің өзінде де бұлай болмайды.
Дюка (Андрюша) ойыншықтарын «қайталап санауды» ұнатады. Әдетте бір текетес нәрселерді «қайталап санайды»… Кирилканы мұндай ойын тіпті де қызықтырмайды. Ол ықылыстана текшелерден құрылыстар тұрғызады. Құрылытары оның енді сан алуан.Кирюша бір құрылыс тұрғызғанда түрліше кубиктерді пайдаланады. (В.С.Мухинаның күнделігінен)
Бірі санап жаттығуды, екіншісі текшелерді қалауды ұнататын екі балада бірдей психикалық сапалар қалыптасады деп күтуге болмайды.
Психикалық даму саласында балалар арасындағы айырмашылықтар әр түрлі болады.Олрдың бәрі де тұрмыс пен тәрбие прцесінде пайда болып дпсиды. Туа пайда болатын бірде-бір жеке дара психологиялық сапалардың қалыптасу жолы және белгілі дәрежеде осы қалыптасудың нәтижесі табиғи ерекшелікке тәуелді болуы мүмкін. Кейбір сапалар үшін (мысалы, темперамент) бұл тәуелділік мейлінше мол басқалар үшін (мінез-құлық белгілері, қабілеттілік) одан азырақ, ал үшіншілер үшін (ынта, білім) мүлдем болмайды.