Күнделікғті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс — әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
Бұл мағанада алғанда адамдардың тең емес екендігін түсінікті. Қабілеттіктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуыда. Қабілет адамның іс — әрекетінің белгілі – бір түріне,, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің ( музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының ( тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да ) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді – ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажірлі әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу — тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды білімі болмаған.Сондықтан да ол академияға қабылданбаған.Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап,оның зор қабілеттілігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдының екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын, аңғартады. Бұл мысал адамның қабіліттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балардың қабілеттерін дұрыс байқай алып,онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.Ақылдың орамдылығымен сыншылдығы,материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б.осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің салаларында ғана көрініп,оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актёрдің, спортшының, математик-ғалымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр.Бұған ұйымдастырғыштық ,педагогтық конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс — әрекеттің басты салаларына орайлас бөліне,ді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализім қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазиялық қоғам кең өріс беріп отырады.өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан – жақты қадбілетті, аса дарынды адамдар көп болды. өйткеғні бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену бәуірінде» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой өрісі, құштарлығымен сипаты, сан қырлылығымен, ғылымдағы жағынан алыптарды туғызған заман болды.» ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде – бір адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Вичи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер сүйретші, грабер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзінің кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріліп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың із басарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқ . Ф. Энгельс айтып отырған орта ғасырдағы «қайта гүлдену» ХХ –ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңі алған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан – жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмухамметов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т,б, шыққаны белгілі.
Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мсамандыққа танылып қоюын бірте – бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс — әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икеиі дұрыс ұштасқанда ғана білім, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.