Жеке адам ретіндегі индивид пен кездейсоқ индивид арасындағы айырмашылық — жай логикалық айырмашылық емес, тарихи факт. Мұның әртүрлі уақытта әртүрлі мағынасы бар; мәселен, сословие, сондай-ақ plus ou moins дәрежеде семья да, XVIII ғасырда индивид үшін кездейсоқ нәрсе. Бұл айырмашылық сондай, мұны әрбір заманға сәйкес біз жасауға тиісті емеспіз, мұны даяр күйінде кездесетін түрлі элементтер арасында әр заман өзі жасайды, бұл ретте ол өз түсінуі бойынша емес, материалдық тіршілік талас-тартысының қысымымен әрекет етеді.
Өткен заманға қарама-қарсы, ең бергі заманда кездейсоқ көрінген нәрсе,— демек, оған еткен заманнан мұраға қалған элементтердің ішінде кездейсоқ көрінген нәрсе,— өндіргіш күштердің дамуындағы белгілі бір сатыға сәйкес болған қарым-қатынас формасы. Өндіргіш күштер мен қарым-қатынас формасы арасындағы қатынас — қарым-қатынас формасы мен индивид-тердің әрекеті немесе қызметі арасындағы қатынас.
Бұл қыз-меттің негізгі формасы — әрине, материалдық қызмет, ал әрбір басқа қызмет: ақыл-ой, саяси, діни қызмет, т. т. осыған байланысты. Материалдық тіршіліктің белгілі бір ұйымы, орине, әрдайым өсіп дамыған қажеттерге байланысты, ал осы қажеттердің тууы, сондай-ақ бұларды қанағаттандыру да,— тарихи процестің дәл өзі, бірақ бұл процесс қойда немесе итте жоқ (Штнрнердің adversus hominem ершелене ұсынып жүрген басты дәлелі осы), дегенмен казіргі түріндс қойдың да, иттің де — рас, malgre eux—тарихн процсстің жемісі екені күмәнсыз.) Индивидтер қарым-қатынас жасайтын жағдайлар, [осы жағдайлар мен индивидтер арасыыда] қайшылық тумай тұрған кезде, олар үшін бөгде нәрселер емес, олардың жеке басына қатысты жағдайлар болып табылады; бұлар — белгілі бір қатынастарда өмір сүруші, белгілі бір индивидтердің өзінің материалдық тіршілігін және соған байланысты нәрселерді өндіруіне бірден-бір мүмкіндік беретін жағдайлар; демек, бұлар — осы инднвидтердің іс-әрекетінің жағдайлары және бұлар осы индивидтердің іс-әрекеті арқылы жасалады. Сөйтіп, жұрт өнім өндіретін белгілі бір жағдайлар—[көрсетілген] қайшылық әлі [61] тумай тұрғанда — олардың нағыз шырмаулылығына, олардың бір жақты болмысына сәйкес келеді, ал болмыстық бір жақтылығы қайшылық туғанда ғана білінеді, демек, ец бергі ұрпақтар үшін ғана болады. Сонда бұл жағдайлар кездейсок, бұғау болып көрінеді де, бұларды бұғау деп білетін көзқарас та өткен уақытқа жатқызылады.
Алғашында іс-әрекет жағдайлары болған, кейін соның өз бұғауы болып шыққан осы түрлі жағдайлар бүкіл тарихи дамудың өн бойында қарым-қатынас формаларының тізбекті желісін құрады; бұлардың байланыстылығы мынада: бұғауға айналған бұрынғы қарым-қатынас формасының орнын неғұрлым өсіп жетілген өндіргіш күштерге, демек, индивидтер іс-әрекетінің неғұрлым прогрестік түріне де сәйкес келетін жаңа қарым-қатынас формасы басады, бұл форма, a son tour, бұғауға айналады да, басқа формамен ауыстырылады. Бұл жағдайлар тарихи дамудың әрбір сатысында өндіргіш күштердің бір мезгілде болатын дамуына сәйкес келетіндіктен бұлардың тарихы сонымен бірге дами беретін және әрбір жаңа ұрпақ қабылдап отыратын өндіргіш күштер тарихы, ендеше нақ сол индивидтер күштерінің даму тарихы да болмақ.