Бәсеке индивидтерді бір-бірінен оқшауландырады — буржуаларды ғана емес, бастарын бір жерге қосатыныпа қарамастан, пролетарларды да одан бетер оқшауландырады. Сондықтан бұл индивидтер ұйымдасып алғанша көп уақыт өтеді, ал осылайша бірлесу үшін,— егер ол жергілікті нәрсе ғана болып қалмайды десек,— ірі өнеркәсіп алдымен қажетті құрал-жабдықтар, атап айтқанда, ірі өнеркәсіп қалаларын және арзан да шапшан, қатынас құралдарын жасауға тиіс екені айтпаса да белгілі. Сондықтан оқшауланған, күн сайын осындай оқшаулықты қайта туғызатын жағдайда өмір сүруші әлгі индивидтерге қарсы тұрған ұйымдасқан күш атаулыны тек ұзақ күрестен кейін ғана жеңіп шығуға болады. Бұған қарама-қарсы нәрсені талап ету осы белгілі тарихи заманда бәсеке болмасын деп немесе өздерінің оқшаулығы себепті ешқандай бақылау орната алмайтын қатынастарды индивидтер мүлде ұмытатын болсын деп талап етумен бірдей.
Тұрғын үй құрылысы. Өзінен өзі түсінікті, көшпенділердің жеке шатыры болатыны сияқты, тағыларда әр семьяның өз үңгірі немесе шайласы бар. Жеке меншіктің онан әрі дамуы нәтижесінде осы оқшауланған үй шаруашылығы бұрынғыдан да қажет бола түседі. Егінші халықтарда ортақ егіншіліктің мүмкін болмайтыны сияқты, ортақ үй шаруашылығының болуы да мүмкін емес. Қалалардың салынуы алға басқан үлкен қадам болды. Алайда барлық бұрынғы дәуірлерде оқшау шаруашылықты жоюдың, жеке меншікті жоюдан айырғысыз пәрсені жоюдың мүмкін болмаған себебі — бұл үшін әлі материалдық жағдайлар жоқ еді. Ортақ үй шаруашылығын ұйымдастыру машиналардың дамуын, табиғат күштерін және басқа өндіргіш күштерді, мәселен, су құбырын, [54] газ жарығын, бумен жылытуды, т. т., қала мен деревняның [қарама-қарсылығын] жоюды керек етеді. Бұл шарттар болмайынша ортақ шаруашылықтың өзі, кезегі келгенде, жаңа өндіргіш күш бола алмайды, материалдық базис атаулыдан жұрдай болады, сөйтіп жалаң теориялық негізге сүйенетін болады, яғни жай еріккеннің ермен болады да, тек монастырьлық шаруашылыққа әкеліп соғады.— Әйтеуір бір мүмкін болған нәрсе — қалаларда белгілі бір мақсаттарға арналған ортақ жайлардың салынып, шоғырлануы болды (түрмелер, казармалар, т. б.). Өзінен өзі түсінікті, оқшау шаруашылықты жою семьяны таратудан [AufheBung] айырғысыз нәрсе.
Қасиетті Макете жиі кездесетін: мемлекеттід арқасында әр-кім өзінің қаз-қалпында болады деген қағида—шындығында буржуа дегеніміз буржуалар тегінің бір тұлғасы ғана деген қағидамен бірдей; мұнда буржуазия табы өзін құрастыратын индивидтерден бұрын өмір сүрген дәл жорамалданады.
Орта ғасырларда әр қаланын тұрғындары өз өмірін сақтау үшін село дворяндарына қарсы бірігуге мәжбүр болды; сауданың ұлғаюы және қатынас жолдарының жасалуы жеке қалалардың белгілі бір дұшпанға қарсы күресте белгілі бір мүдделерді басқа қалалар жайында біліп отыруына мүмкіндік берді. Жеке қалалардағы тұрғындардың кептеген жергілікті бірлестігінен тек қана бірте-бірте кала тұрғындары табы пайда болды. Жаке қала тұрғындарының тұрмыс жағдайы олардың сол кездегі қатынастарға қарама-қарсылығы және осыған байланысты туған еңбек әдісі нәтижесінде олардың бәріне ортақ және әрбір жеке адамға байланыссыз жағдайға айналды. Қала тұрғындары осы жағдайды жасады, өйткені олар феодалдық байланыстар жүйесінен сытылып шыққанды, сонымен қатар олардың өздері осы жағдайдан туды, өйткені қала тұрғындарының өздері сол кездегі феодализмге қарама-қарсылығы арқылы байланысты болғанды. Жеке қалалар арасында байланыс жасалғаннан кейінгі жерде олардыц боріне ортақ осы жағдайлар таптык жағ-дайларға ұласып дамыды. Біркелкі жағдайлар, біркелкі қарама-қарсылық, біркелкі мүдделер жалпы алғанда барлық жерде нақ сондай біркелкі әдет-ғұрыптарды туғызуға тиісті болды. Өзінің тіршілік жағдайларымен бірге буржуазияның езі тек бірте-бірте дамиды, еңбек белінісіне қарай өзі де әртүрлі топтарға жіктеледі де, ақыр-аяғында, бүкіл нақты меншіктің өнеркәсіп немесе сауда капиталына айналуына қарай өзіне дейін өмір сүрген дәулетті таптардың бәрін жалмайды (сонымен қатар буржуазия бұған дейін өмір сүрген дәулетсіз таптардың көпшілігін және бұрын дәулетті болған таптардың бір бөлегін жаңа тапқа — пролетариату айналдырады).
Жеке индивидтер басқа бір тапқа карсы ортақ күрес жүргізуге тиісті болғандықтан ғана тап құрады; басқа реттерде олардың өздері бәсекелестер ретінде бір-біріне өшпенділікпен қарсы тұрады. Екінші жағынан, таптың өзі де индивидтер жөнінде дербес нәрсеге айналады, сондықтан индивидтер өздерінің тіршілік жағдайларын күн ілгері белгіленген күйінде кездестіреді: тап олардың тұрмыс жағдайын, сонымен бірге олардың жеке тағдырын да белгілеп, оларды өзіне бағындырады. Мұның өзі — жеке индивидтердің еңбек бөлінісіне бағынатыны сияқты құбылыс, сондықтан мұны жою жеке меншік пен еңбектің өзін жою арқылы ғана мүмкін болмақ.
Егер индивидтердің тарихта бірінен соң бірі келіп отыратын сословиелер мен таптардың жалпы тіршілік жағдайлары шеңберіндегі, сондай-ақ осымен бірге оларға таңылған жаппай түсініктер шеңберіндегі осы дамуын,— егер осы дамуды философиялық; тұрғыдан алып қарайтын болсақ, онда осы индивидтер ішінен Тек, яки Адам дамып шықты деп, не бұлар Адамды дамытты деп пікір корыту, әрине, оңай, яғни тарихты қорлау болып табылатын нәрсені көңілге тоқуың мүмкін. Осыдан кейін түрлі сословиелер мен таптарды жаппай көріністің саралануы деп, Тектің бөлімшелері деп, Адамның даму кезеңдері деп қарауға болады.
Әлденендей бір айрықша таптық мүддені үстем таптан қорғауына тура келмейтін тап құрылғанға дейін индивидтерді белгілі бір таптарға осылайша жатқызып отыру жойылмақшы емес.
Еңбек бөлінісі арқасында адам күштерінің (қатынастарының) заттық күштерге айналуы ол жайындағы жалпы түсінікті индивидтердің естен шығаруы арқылы жойылмақшы емес, мұның өзі сол индивидтер осы заттық күштерді қайтадан өздеріне бағындырып, еңбек бөлінісін құртқанда ғана жойылады. Мұны коллектив болмайынша жүзеге асыру мүмкін емес. Тек коллективте ғана индивид өзінің бойына біткен қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мүмкіндік беретін күш-қаражат алады, демек, тек коллективте ғана бас бостандығы мүмкін болмақ. Осы күнге дейін өмір сүріп келген коллективтілік суррогаттарында — мемлекетте, т. т.— үстем тап шеңберінде өсіп-жетілген индивидтер үшін ғана, онда да бұлар осы таптың индивидтері болғандықтан ғана бас бостандығы болды. Осы күнге дейін индивидтерді біріктіріп келген жалған коллективтілік дербес нәрсе ретінде өзін әрқашан да оларға қарсы қойып отырды; ал мұның өзі бір таптың екінші тапқа қарсы бірлестігі болғандықтан «бағьшышты тап үшін бүл мүлде алдамшы коллективтілік болып қана қоймай, жаңа бұғау да болды. Шынайы коллективтілік жағдайында индивидтер өз ассоциациясында және сол арқылы бостандыққа да ие болады.
Индивидтердің басталар жері әрқашан да олардың өздері болып келді,— бұл ретте олар, әрине, идеологтардың түсінетініндей, «таза» индивид есебінде емес, белгілі бір тарихи жағдайлар мен қатынастар шенберінде алынады, Бірақ тарихи даму барысында,— атап айтқанда, еңбек бөлінісі тұсында қоғамдық қатынастардың сөзсіз дербес нәрсеге айналатындығынан,— әрбір индивидтің жеке басына тән тіршілігі мен белгілі бір еңбек тарауына және сонымен байланысты шарттарға бағынатын тіршілігі арасында айырмашылық пайда болады.
Мұны, мәселен, рантье, капиталист, т. т. жеке адамдар болудан қалады екен деген мағынада емес, мына мағынада түсіну керек: олардың кісілігі әбден нақты таптық қатынастар арқылы белгіленіп, анықталады, сондықтан көрсетілген айырмашылық олардың басқа тапқа қарама-карсылығынан ғана көрінеді, ал олардың өздері жөнінде олар күйреп қалған кезде ғана білінеді. Сословиеде (әсіресе тайпада) бұл әлі бүркеулі болады: мәселен, дворян әрқашан да дворян, әртекті [roturier] әркашан да әртекті болып қалады, бұл олардың тіршілігіндегі басқа жағдайларға байланысты емес, бұл — олардың жеке қалпынан айырғысыз қасиет. Жеке адам ретіндегі индивидтің таптық индивидтен айырмашылығы, индивидтің тіршілік;»жағдайларының оның өзі үшін кездейсоқ сипаты өзі буржуазияның туындысы болын табылатын таптың пайда болуымен бірге пайда болады. Индивидтердің өзара бәсекесі мен күресі ғана осынау кездейсоқ сипаттың өзін туғызып, дамытады. Сондықтан буржуазия үстемдігі тұсында индивидтер бұрынғыдан гөрі көбірек ерікті болып көрінеді, өйткені олардың тіршілік жағдайлары өздері үшін кездейсоқ нәрсе; шындығында олардың еріктілігі, әрине, кемірек, өйткені заттық күшке көбірек бағынышты. Сословиеден айырмашылық буржуазияның пролетариатқа қарама-қарсылығынан өте-мөте айқын білінеді. Қала тұрғындарының сословиесі, корпорациялары, т.т. поместьелі дворяндарға қарсы бас кетергөн кезде олардың өмір сүру жағдайлары — олардың феодалдық системадан қол үзуінен бұрын-ақ бүркемелі түрде болған мал-мүлкі мен қолөнершілік еңбегі — ұнамды нәрсе ретіңде көрінді де, мұның өзі феодалдық жер меншігіне қарсы қойылды, сондықтан алғашқы кезеңде өзі де езгеше бір феодалдық формаға түсті. Әрине, қашқын крепостнойлар өздерінің бұрынғы крепостнойлық халін өз басына түскен кездейсоқ нәрсе деп санады. Бірақ бұл ретте олар өз бұғауынан азаттық алушы әрбір тап спяқты әрекет істеді, оның үстіне олар тап ретінде емес, жеке-жеке азаттық алды. Сонсын, олар сословиелік құрылыстың шеңберінен шыққан жоқ, тек жаңа сословие құрды да, жаңа жағдайда өздерінің бұрынғы еңбек әдісін сақтап, оны ілгері дамытты, сөйтіп оны бұрынғы бұғаудан, олардың жеткен дәрежесіне енді сәйкес келмей қалған бұғаудан азат етті [4].
Мұның керісінше, пролетарларда олардың өздерінің тіршілік жағдайы, еңбегі, сонымен бірге бүкіл қазіргі қоғамның өмір суру жағдайлары да олар үшін кездейсоқ нәрселерге айналды, ал жеке пролетарлар бұларды әсте бақылай алмайды, олардың осындай бакылау жасауына мүмкіндік беретін ешқандай қоғамдық ұйым да жоқ. Жеке пролетардың кісілігі мен еңбектің, оған таңылған осы тіршілік жағдайының арасындағы қайшылық енді оның өзі үшін айқын бола бастайды,— әсіресе мұның себебі, жастайынан ол құрбан болып келеді және өз табының шеңберінде оның басқа тапқа өтуіне мүмкіндік берерлік жағдайға жетем деген үміті жоқ. NB. Мынаны ұмытпау керек: крепостнойлардың өмірін сақтау қажеттігі және ірі шаруашылықтың мүмкін болмауы, осының салдарынан allotments-тің крепостнойлар арасында бөліске салынуы крепостнойлардың феодалдар үшін өтейтін міндетті жұмысын тез арада-ақ оброк пен барщинаның орташа мөлшеріне, крепостнойдың жылжымалы мүлік жинауын мүмкін ететін мелшерге түсірді, ал мұның езі оның өз иесінен қашып кетуін одайлатып, оның қала тұрғыны ретінде орналасуына мүмкіндік берді, сонымен қатар крепостнойлардың, жіктелуін туғызды, сөйтіп, қашқын крепостнойлар енді жартылай буржуалар болып алды. Оның бер жағында тағы бір айқын нәрсе, әлденендей қолөнерді меңгерген крепостной шаруалардың жылжымалы мүлік жинап аларлық мүмкіндігі бәрінен де мол болды.
Жоғарыда айтылған барлық пікірден туатын қорытынды: қайсыбір таптың индивидтері орнатқан және олардың басқа бір тапқа қарсы ортақ мүдделерінен туған қоғамдық қатынастар әркашан да коллективтілік болып келді, ал мұндай коллективтілік индивидтерді тек орташа индивидтер ретінде ғана, олардың өз табының тіршілік жағдайында өмір сүріп отырғандығы себепті ғана қамтылды; осы қоғамдық қатынастарда болғанда олар индивидтер ретінде емес, таптың мүшелері ретінде болды. Өз бастарының өмір сүру жағдайларына да, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүру жағдайларына да өз бақылауын орнататын революцияшыл пролетарлардың коллективтілігі тұсындағы хал бұдан мүлде өзгеше: бұл коллективтілікке индивидтер индивидтер ретінде қатысады. Мұның өзі — индивидтердің еркін даму және козғалу жағдайларын бақылауға алатын, сол индивидтер бірлестігі (әлбетте, осы кезеңде есіп жетілген өндіргіш күштерге негізделген бірлестік); ал бұл жағдайлар осы күнге дейін тосын қиянат өктемдігінде болып келді де, нақ сол индивидтердің индивидтер ретінде ыдырауы салдарынан және еңбек бөлінісіне байланысты туған олардың бірлестігінің, олардың ыдырауы нәтижесінде, олардың өздері үшін жат байланысқа айналған бірлестігінің сөзсіз қажет болуы салдарынан жеке индивидтерге дербес нәрсе ретінде қарсы тұрды. Бұрынғы бірлестік тек қана (мәселен, «Қоғамдық шартта» көрсетілгеніндей, әсте кездейсоқ емес, қажетті) келісім еді (мәселен, Солтүстік Америка мемлекеті мен Оңтүстік Америка республикаларының құрылуын салыстырыңыз), ал осы келісім жасалған шарттар шеңберінде индивидтер кейін кездейсоқтықты өз мүдделері ушін пайдалануға мүмкіндік алды. Қездейсоқтықты, белгілі жағдайлар шеңберінде, бөгетсіз пайдалану жөніндегі бұл право осы күнге дейін бас бостандығы деп аталып келеді. Қолда бар нақты өндіргіш күштер мен қарым-қатынас форма-лары ғана, әрине, осындай тіршілік жағдайлары болмақ.
Коммунизмнің барлық бұрынғы қозғалыстардан айырмашылығы, ол барлық бұрынғы өндірістік қатынастар мен қарым-қатынастың түп негізінде төңкеріс жасайды, стихиялы түрде пайда болған алғы шарттардын, бәрін тұңғыш рет саналы түрде бүрынғы ұрпақтардың жасаған игілігі деп карайды, бүл алғы шарттарды стихиялылықтан айырып, бірлескен индивидтердің билігіне бағындырады. Сондықтан коммунизм орнатудың шындығында экономикалық сипаты бар: мұның өзі — осы бірлестіктің материалдық жағдайларынын, туындысы; нақты бар жағдайларды ол бірлестік жағдайларына айналдырады. Коммунизм орнататын құрылыс — индивидтерге байланыссыз өмір сүретін нәрсе біткенді мүмкін етпейтін шынайы базис, өйткені мұнық бәрі қайткенменде нақ сол индивидтер арасында осы күнге дейін болып келген карым қатынастың нәтижесінен басқа түк те емес.
Сөйтіп, бұрынғы өндіріс пен қарым-қатынас туғызған жағдайларды коммунистер практика жүзінде табиғи нәрселер емес деп біледі, бірак бұл ретте олар өткен ұрпақтардың ниеті немесе парызы бұларға материал калдыру болды деп әсте ойламайды және бүл жағдайлар бұларды жасаған индивидтер үшін табиғи емес нәрселер болды деп санамайды.