Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді (1.1 а. сызба).
Казақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004 .ж. 19 наурыздағы №128
бұйрығымен бекітілген
Типтік форма № ТМЗ-6
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған щш бухгалтериядан материалды-жауапкершілікті адамға қолхат арқылы берілді. Карточкаға жазуды қоймашьшар кіріс және шығыстык кұжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады.
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады (есептеледі) (8.1-сызба).
Есептің журналдық-ордерлік (8.3, 8.4-сызба нысанында) материалдар козғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті қезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапқершіліқті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетиқалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетиқалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша қелтіріледі. Сонымен қатар тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынпіа құннан ауытқулары есебі жүргізіледі, Материалдардын қозғалысын есептеу тізімдемесі сондай-ақ шыгындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді. Ол еқі бөліктен тұрады.
«Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі аи ішінде түскен материалдардын есептіқ құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді қөрсетуғе арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдық өткізу бағасынан тыс жүрғізілғен төлемдер де кіретін, материалдық қорларды алу мен дайындауға жұмсалған шығындар ескерілғен әр түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) қөшіріледі. Осы бөлікке тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары сомасы мен проценті анықталады.
Ауытқулар сомасы дегеніміз — осы қөрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ал ауытқулар проценті — ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу «+» немесе «-» белгісімен болуы мүмкін.
Ауытқулардың орташа процентін анықтау үшін мынандай формаула бойынша есеп жасалады:
мұндағы П — материалдардың нақты өзіндік құныньщ есептік баға бойынша құнынан ауытқу проценті;
ООМ — аи басындағы материалдар қалдығы бойынша ауытқулар;
ОПМ — ай ішінде түсқен материалдар бойынша ауытқулар;
ПМУ — есептік бағалар бойынша (ішкі ауыстыру сомасын есепетемеғенде);
ОМУ — есептік бағалар бойынша ішкі ауыстыру сомасындағы (есепсіз) ай ішінде түскен материалдар.