Тауарлы-материалдық қорларды бағалау

Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-қа сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендегі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілер) және іссапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердеғі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелеп есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауыткулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі жэне ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотьша, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шотгарында жекелеп ескеріледі) үйлесімді (прогюрционалды) жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.

Материалдар есебіне. басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.

БЕС — 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндіқ құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».

Өндіріске босатылған материалдар құнын аныктаған кезде «Тауарлық-материапдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:

  • Орташа өлшемді қрі бойынша — есепті кезенде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделғен.
  • ФИФО — есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойьгаша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік кұн анықталады.
  • ЛИФО — кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестіліғін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді.
  • Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру — әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлық-материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған материалдарды бағалау мақсатымен әрбір партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан, материалдарды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар болса, қолданылады),
  • НИФО — «кейін түсті — бірінші кетті» бағалары бойынша материалдарды есептен шығаруды шамалайды. Бұл тәсілде материалды босату бағасын түскен бағасымен теңестіру үшін түзетулер қажет. Бұл тәсіл орнын толтыру бағасы тәсіліне ұқсас.
  • Стандарттық баға — нормативті өзіндік құн. Өндіріске босатылған материалдар стандартты (нормативті) бағалары бойынша бағаланады. Нақты баға мен нормативтінің арасыңдағы айырмашылық жеке шотта жиналады.

Материалдарды әр түрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырайық:

Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеңнен соң екіншісінде қолданылуы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатынын есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдауды субъектінің есеп саясаты белгілейді. Егер түйінді негіз болған жағдайда тәсілді өзгертуге болады, мұндайда ауыстырудың себеп-салдарлары қаржылық есеп беруге түсініктеме хат-жазбада түсіндірілуі тиіс.