Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны

Іс-әрекет категориясы адамдар өмірінің спецификасын ажыратады, олар әлеуметтік және табиғи болмысты мақсатты түрде қайта өзгертеді. Сондай өзгертудің алғашқы түрі тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттық құрал-саймандардың өндірісі болып келеді, солардың арқасында адамдар заттарды жасайды. Заттық өндіріс (еңбек) әмбебап болады, өйткені соның негізінде кез келген құрал-саймандар мен заттарды жасай алады. Мұндай өндіріс тек өзара байланыстағы және катынастағы адамдар арқылы ғана жүзеге асады. Солардың жиынтығы адамдардың өндірістік немесе қоғамдық қатынастарын құрастырады. Заттық өндірістің және қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы барысында рухани өндіріс пайда болды және салыстырмалы дербестікке ие болды. Бірақ осы еңбектің түрінде заттық өндірістің негізгі сапалары: оның әмбебап — қайта құру және қоғамдық сипаты сақталады.

Еңбек процесі оның өнімін күні бұрын көріп білуді мүмкін ететін адамның идеалды (немесе образдарымен) елестерімен тығыз байланысты болады. Нақты заттың өндірісін болжайтыи адам іс-әрекетінің сол бір жағын құрал ретінде бекітетін елестер, ішкі бейне, қажеттілік және мақсат сияқты, өзінің сыртқы ерекшелігінде идеалды ұғыммен біріккен бола алады.

Адамның іс-әрекеті саналы. «Сана» ұгымының мазмұнын ашу үшін адам іс-әрекетінің қоғамдық сипатын және оның идеалды түрінде өмір сүруін ескеруі қажет. К.Маркстің айтуы бойынша, адам өзін қоғамдық, тайпалық жаратылыс түрінде сезінгенде, іс-әрекет тікелей ұжымдық түрінде де, жеке-дара түрінде де бола алады. Бірақ іс-әрекеттің қоғамдық, рулық жалпыға бірдейлігі жеке даралықта, оның үлгілі тіршілігінің арқасында мүмкін болады. «…Егер адам, — деп жазады Маркс, — бір ерекше дара болса және оның ерекшелігі одан нағыз даралықты және нағыз қоғамдық дара жаратылысты жасаса, онда ол қоғамның сонымен қатар сол өлшемде ойланарлық және сезілетін тоталдылық, идеалды тотальдық та, субъективті өзі үшін — болмыс …»‘. Даралыққа оның нақты қоғамдық болмысының идеалды, субъективті елестетуі (оның рулық іс-әрекеті және сонымен байланысты қоғамдық қатынастар) оның санасы болып келеді.

Сонымен, марксистік-лениндік философияда іс-әрекет адамдардың қоғамдық болмысының ерекшелігін анықтайтын бастапқы категория болып келеді. Сонымен қатар іс-әрекеттің орындалуы ішіне идеалды мен сапаның енгенін болжайды. Соның арқасында іс-әрекетті, идеалды және сананы зерттеу олардың бір тұтастығында, бір-бірінен ажырамастығында — іс-әрекеттің маңызын объективті процесс ретінде қоғамдық адамның табиғи және әлеуметтік ақиқатты әмбебап өзгерту жагдайында қарастыру керек.

Іс-әрекетті философиялық түсіну барлық кеңестік психология ғылымының негізін қалаган іс-әрекеттің психологиялық теорияларында айқындалган. Қазіргі кезде әр түрлі іс-әрекеттің психологиялық теориялары батыс елдерінде де пайда бола бастады (мысалы, батыс берлиндік психолог К.Хольцкамп).

Сонымен, бірге біздің психологиямызда іс-әрекет категориясына байланысты марксистік-ленипдік идеялардыц бай қоймасы, сондай-ақ іс-әрекет проблемасына арналған қазіргі заманғы философиялық жұмыстар нәтижелері осы уақытқа дейіп жеткіліксіз қолданылады. Бұл адам іс-әрекеті мен санасының тәжірибелік психологиялық зерттеулерініц нығаюына, сонымен қатар лайықты психологиялық теорияның онан әрі дамуына бөгет жасайды. Мұның өзі, біздің пікіріміз бойынша, қазіргі теориялық психологияда іс-әрекет ұғымының рөлі мен орнын дұрыс бағалаудан алыс тұрған кейбір бұл көзқарастардың пайда болуына ықпал етеді.

Іс-әрекет категориясы диалектикалық-материалистік психологияның берік ұғымдарының біреуі ғана болған жоқ, оның басты және негізгі ұғымы, оның жалпылама «жасушасы» болды. Егер бұл бастапқы ұғымды айқындаса, онда іс-әрекеттің, сананың және адам тұлғасының даму психологиялық теориясын кеңінен құруға болады. Бұл ғылыми теорияларды құру монистік талапқа сай болады, сол бойынша жалғыз негізде — жалпыға бірдей бір ұғым негізінде өрістеуі тиіс.

Кейбір психологтар біздің ғылымымызда бір ұғымның (категорияның) абсолюттенуі байқалады, психология бір ұғым негізінде жемісті дами алмайды (іс-әрекет ғғымы туралы айтады), ол бір-біріне жақын емес ұғымдардың жүйесі негізінде құрылуы тиіс дегенді айтады. Сонда қазіргі психологияға философиялық және пәнаралық, сонымен қатар психологияда негізгі болып келетін бейнелеу, сана, қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас, тұлға ұғымдары ерекше мағына береді.

Аталған категориялар кеңестік психологияда, әрине, негізгі болып саналады (бұл онда әлдеқашан анықталған). Бірақ олардың қарапайым, тіпті өзара байланысты атап шығуы теориялық жүйе түрінде бола алмайды. Кез келген жүйенің теориясы — оны монистік түсіндіруде — бірыңгай негізде, жалғыз ұғым негізінде (сол жиынның ішінен негізгі және бірінші орынға қандай ұғымды таңдау теория авторының жалпы көзқарасына тәуелді болады) құрылады. Тек сол жағдайда ол ойдың абстрактіден нақтыға шығу диалектикалық тәсілімен салынады. Кері жағдайда ғылыми теория мүмкін емес — теориялардың сыртқы түрімен «бір-біріне келмейтін» елестер эклектикалық қосылатын эмпиризмдік суреттеулер болады. Жоғарыда көрсетілген психологияның негізгі ұғымдарын атап шығу оны дәл эклектикаға итермелейді.

Соңғы кездерде біздің психологиямызда іс-әрекет және қарым-қатынас категорияларының арақатынасы туралы мәселе талқылануда. Б.Ф.Ломов мына жайларды тұжырымдайды: «Қарым-қатынас — ол, маңызды іс-әрекеттен еш кем емес, адам өмірінің сол бір жағы» және одан әрі:

«…бүлардың ешбірі (осы категориялар — ВД.) психология үшін ерекше маңызды, пәннің негізіп айқындаушы болып келмейді». Бұл екі жайтпен келісуге болмайды. Біріншіден, іс-әрекет оның диалектикалық-материалистік түсінуінде адамдардың бүкіл қоғамдық өмірінің негізі болып келеді. Ал қарым-қатынас олардың қоғамдық қатынастарының процестік көрінісі ретінде іс-әрекеттің мазмұнын тек белгілі шектерде безендіреді. Абстрактіні нақтыға шығару прииципі бойынша іс-әрекет сол арқылы қарым-қатынас категориясынан анағұрлым маңызды болып келеді. Екіншіден, осы көзқарас бойынша, іс-әрекет категориясы психологияда ерекше болып келеді, себебі кейбір «жасуша» сияқты оның зерттеу пәнін нақ сол ғана (әрине, іс-әрекетке келгенде психологиялық әдіс-амалды есепке ала отырып) анықтайды.

Бұл жағдайда, біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі психологияның негізгі теориялық базасын «кеңейту» әрекеті ретінде іс-әрекет ұғымына бағыт-бағдар, қатынастар, қарым-қатынас ұгымдарын қосу (бұл ұғымдарды бастапқы іс-әрекет ұғымынан шыгарудың орнына) шамасыз болады.

Сонымен қатар, іс-әрекеттік әдіс-амал (басқаша айтқанда, іс-әрекет принципі) біздің психологиямыздың дамуын елеулі түрде тоқтатып түр деген пікір айтылады. Себебі ол әрекеттің мақсат пен нәтижесінің сәйкестігін бекітеді және сол уақытта шығармашылық барысында олардың сәйкес келмеуі байқалады. Шығармашылық жүзеге асатын қарым-қатынасты зерттеу кезінде іс-әрекеттік әдіс-амал өзінің сәйкестілігін толық жоғалтадымыс.

Іс-әрекет ұғымының адам психологиясының барлық ұғымдарына негіз болатын ұғымға айналуы оның абсолюттенуін білдірмейді. Біріншіден, ол тек басқа психологиялық ұғымдарды шығару кезінде (ең алдымен, идеалды, сана, қарым-қатынас ұғымдары) оны айқындау процесінің барысында теориялық аспап ретінде бола алады. Екіншіден, оның өзін жануарлар әлемінде бар болатын, белгілі алғы шарттар негізінде ашу қажет (олар жануарлардың мінез-құлқы және психикасы болып келеді).

Сондықтан қазіргі психологияда іс-әрекет ұғымының алатын орны туралы мәселе оның нағыз монистік теория болуы немесе эмпиризмдік және нақты материалдарды эклектикалық түрде жүйелендіру болу туралы мәселе болып келеді.

Қазіргі кезде психологияда адам іс-әрекетінің мазмұны және құрылымы туралы көптеген нәрселер белгілі: мысалы, бұл А.Н.Леонтьевке өрістеген теорияны жасауға мүмкіншілік берді. Сөйтіп, ол заттылық принцип психологиялық іс-әрекет теориясының түйіні болып болып келеді деген ережені негіздеді. Сонда зат, сол түсінік бойынша, өзімен-өзі бар болатын және тек субъектіге әсер етуші бір объекті сияқты емес, ол субъектінің әрекеті бағытталған, қайсына оның белгілі қатысы болатын және объектіден сыртқы немесе ішкі әрекетті жүзеге асыруы кезінде оны өзгертудің барысында белініп шығады.

Іс-әрекеттің заттық детермипациясы оның ерекше сапасы арқылы — қайта езгертілген объективті әлемнің қасиеттері мен қатынастарына сәйкестелуі арқасында мүмкін болады. Ұқсату қызметін орындайтын лайықты объектілердің бейнелерін салатын іздеу-сынау субъектінің әрекеті. Алғашқыда іс-әрекет затпенен детермипацияланады, ал содан соң ол оның образымен өз өнімі сияқты жанамаланады және реттеледі.

Өзінің көп қырлы өміріндс адам бір-бірінен өзіндік пәндік мазмұныменен ерекшеленетін көптеген нақты іс-әрекеттерді орындайды. Тек бүл міндеттің шешімін аньқ тапқаннан кейін, адамның бақылауындағы қандай да бір психологиялық құрылымды онып іс-әрекетінің нақты түрі ретінде анықтауға болады.

Теориялық, психологиялық іс-әрекетті зерттеудің бірінші кезеңі оның ұжымдық түрінің пәндік мазмұнын және құрылымын, бөлек тұратып құрастырушыларьіның өзара байланысы және оларды айырбастасу тәсілдерін олардың трансформацияларын, дара іс-әрекеттің пайда болу шарттары мен заңдылықтарын, солардың негізгі мінездемелерін (мысалы, бөлшектерінің өзара байланысы және трансформациясы және т. б.) анықтаудан тұрады. Адам іс әрекетінің екі түрі де саналы болып келгеннен, іс-әрекетте сананын және оның қызметтерінің пайда болу процесін арнайы мына кезеңдс зерттеу қиын, себебі алдын ала іс-әрекеттің екі түрінің суретін» және олардың генетикалық өзара байланысын анықтау қажет.

Іс-әрекетті зерттеудің екінші кезен оның идеалды жоспарының шығу тегін және қызметін зерттеуге байланысты деуге негіз бар. Психологияда бүл мәселе өте аз зерттелгенін атап кету керек, ал философияда осы мәселе бойынша кейбір салмақты жұмыстар шықты. Маркетің пікірлеріне негізделген идеалды мәселесіне, біздің көзқарасымыз бойынша, Э.В.Ильенковтың жұмыстарында ең болашағы мол дұрыс ыңғай беріледі. Оның ішінде идеалды дегеніміз — ол сыртқы әлемнің қоғамдық адам іс-әрекетінің белгілі түрлерінде бейнеленуі (мысалы, тіл түрлерінде және логикалық категорияларында). «Тек сол түрлерінде көрсетілген сыртқы, заттық қоғамның фактісіне, қоғамдық адам дәулетіне, яғни идеалдыққа айналады»». Материалдық заттың идеалды түрі оған деген  қажеттілікке, мысалы, сөзде бекітілген оның образына сүйене отырып, адамның оны белсенді өндіру немесе жаңадан жасау қабілеттілігінен білінеді. «Идеалды дегеніміз заттың түрі, бірақ осы заттың сыртында, атап айтқанда адамда,

жүйелі белгіленіп қойылған үш іс-әрскеттіц теориялық зерттеу кезеңдері оның мазмұнын және құрылымын олардың маңызды да ажырамас идеалдық және саналылық сияқты сапаларымен айқындауға мүмкіншілік туғызады. Монистік психологиялық теория жасау жолында негізгі іс-әрекет ұғымы бойынша шешілмеген көптеген мәселелер пайда болады, егер адам зсрттеуіиде әр қадам мен іс-әрекеттік әдіс-амалдың мүмкіндіктерін және талаптарыи басшылыққа алса, онда олар прииципіпде шешілген бола алады.