Денеге-бағытталған терапия (ДБТ) – адам тәнімен бірге өткізілетін, психиканы өзгерту арқылы емдейтін, түрлі теоретикалық және методологиялық амалдарға, тәсілдерге ие психотерапия бағыттарының бірі. Негізгі бағыттары және техникалары: қозғалыс, жақындасу, тыныс алу. Бұл тәсіл адам тәнінде әсерін қалдырған бастан кешірулер мен мәселелерді «жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде болып жатқан жағдайлар оның тәнінде де өз іздерін қалдырып отырады.
Біздің тәніміз — өзіміз өмір сүретін әлемді қабылдайтын құрал. Тәніміз біздің көзқарасымыздың, ойлау жүйеміздің сыртқы көрінісі немесе ішкі жан дүниеміздің айнадағы сияқты шағылысы, бейнесі. Өмірдің кез келген сәтіндегі адам тәнінің жағдайы – олардың басынан өткерген жеке өзіндік тарихын құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің өміріміз жайлы барлық ақпараттар бар. Өсе келе, тәжірибе жинақтаймыз, Бірақ, біздің өміріміз өткен өміріміз бен тәжірибелеріміз арқылы құралатынын біле бермейміз. Ол өміріміздің бастауындағы және өткеніміздегі қалыптасқан көзқарасымызды ұстанады.
Біздің «Меніміз» психикамызда қалай көрінсе тәнімізде де солай көрінеді, жанды тән процестеріне әсер ету арқылы жандандыруға болады. Тәнге-бағытталған терапия оның сезімдерін, ақылы мен дене түйсіктерін байланыстыруға, олардың арасындағы бұзылған өзарабайланысты қалпына келтіруге, адамға оның тәнімен сенімді және толық байланыс құруына көмектесетін сирек кездесетін және тиімді әдіс.