Балау реферат

Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалык деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды. Ондай зерттеу үшін зертханаға қарынды 100-200 мл ішіндегісімен, үлпершек ағзалардың бөліктерін және 100 г кем емес күдікті мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мұз салынған термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді.

Диагноз қойғанда топалаңнан, құтырықтан, стахиоботриотоксикоздан, өсімдіктермен, қорғасын тұздарымен уланудан, бұзаулағаннан кейінгі салданудан, ми мен жұлынның қабынуынан, афосфороздан және В1 авитоминозынан, құста Ньюкасл ауруынан және Марек ауруынан ажырату керек.

Емі. Негізінен симптоматикалық. Қарынды қоскөмірқышқыл содасымен жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глюкоза мен кофеин жіберіп, аузын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде көктамырға көп мөлшерде ботулизмге қарсы антитоксиндік қан сарысуын жіберу (жылқыға 600-900 мың халықаралық бірлік) жақсы нәтиже береді.

Иммунитет. Ботулизмге қарсы иммунитет антитоксиндік сипатта болады. Белсенді иммундеу тек күзенде ғана қолданылады. Ол үшін формол ашудасты анатоксин вакцина және ассоцияланған ботулизм мен настереллезге қарсы вакцина пайдаланылады. Иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, 12 айдан астам уақыт сақталады. Антитоксиндік қан сарысуы жібергеннен кейін 6-7 күн аурудан сақтайды.

Даулау және күресу шаралары. Жемшөпті даярлаған және сақтаған кезде оған топырақтың, ұсақ жануарлар мен жәндіктердін өлекселерінің, құс саңғырығының араласуына жол бермеу керек. Малға көгерген, бұзылған жемшөпті беруге болмайды, ал суланған кезде (құрама жем, туралған шөп, кебек) даярланған соң бірден жегізілуі керек. Жануар тектес мал азығы тек қана 2 сағ. қайнатылып берілуі керек. Әсіресе аң фермаларында азықты таңдау мен даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Азықтың температурасы 10° С-тан аспауы керек, кешке берілген азық түнімен түгелдей желініп, ертеңге қалмауға тиіс. Жайылымдар мен суаттарда тазалық сақтап, жануарлардың өлексесін уақтылы жинайды. Ботулизм шыға қалғанда ауру жануарларды оқшаулап, емдейді. Өлексені терісін алмастан өртейді.