Автор романдар оқиғасын негізінен тарих дөңгелегімен бірге жылжытып отыраы. Романдағы сюжеттік желілер де негізінен тарихи шежірелік деректер аясында өріс алып, халық тарихының темірқазығына байлана өрнектеледі. Бұл әсіресе, «Алмас қылыштың» табиғатынан айқын көрінеді. Мұндағы әбілқайыр, Керей, Жәнібек хан, Бұрындық, Қасым, Хақназар болып, ауысып келіп отыратын хандардың ешқайсысының да бас қаһарман ретінде бөлектеуге келмейді. Романдағы сюжеттік желілер бұлардың біреуінің айналасында топтастырылмайды. Әрқайсының тұсындағы оқиғалар уақыт тізбегімен өрлей, халық тарихының желісіне ратыла өрілгін. Автор әр хан тұсындағы күрес-тартысты шежірелік жылнамалармен жылжыта баяндап, қосалқы жанама сюжеттік желілірмен байыта әрлеп отырады. Мәселен, «Алмас қылыштағы» Әбілқайыр мен Керей, Жәнібек араларындағы тартыс қазақ халқының құрылуына келетін негізгі сюжеттік желі. Бұл тарихта дәл осы қалпында болған автормен шығарманың басты арқауы еткен романдағы қосалқы сюжеттер мұнымен ғана шектелмейді. Негізгі желіні авторлық шегіністер (ретроспекция) арқылы тарихты суреттей отырып, одан да бұрынғы оқиғаарды еске салу, алуда байытып отырады. «Алмас қылыштың» өзі осындай шегіністен басталады: Шыңғыс ханның төрт ұлы болған: Жошы, Шағатай, Үдегей, Төле. Тқртеуі әлем қожасы. Шыңғыс хан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсы бір-бір ұлысты басқарған. Шыңғыс хан өлісімен әлем қожасының төрт ұлының арасында жанжал басталған. Жанжал Шыңғыс Ордасы Қарақорым ұлы тағын кім иелендіден шығады да, аяғы Ұлыс арасындағы жер атақ, бақ тартысына айналады. Бұл Әбілқайырдың ойы. Автор өз кейіпкрінің ой-дүниесі, ішкі толғанысы арқылы кейіннен Алтын Орда сияқты іргелі туындыға жүк болған шытырманды тарихтың біраз парағын оқырман алдына тастайды. Сюжеттік желілерге жүк болған мұндай авторлық шегіністер шығармада әртүрлі формада көрінеді. Сюжеттік желінің өрбуі тұрғысынан келгендн «»Алмас қылыш» романы екі романнан өзгешерек. Оның басты себебі романдағы қым-қуат тарихи оқиғалардың тарихи қаһарман төңірегінде жиналмағандығынан болса керек.
-«Жанталас» пен «Қаһарда» сюжеттік желілер негізінен бір кейіпкердің (Абылай, Кенесары) төңірегінде жинақталған.
«Қазақ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді еді. Жан-жағынан анталаған қай жауының тақымында кетеді? Әлде өз-ара қырылысқан хан-сұлтандар қанын сорғалатып, біреуі аяғын, біреуі қолын қанжығаларына байлап әкете ме кім білсін?». Бұл «Жанталас» романының алғашқы беті.
Ал, «Қаһардың» сюжеттік желісі бұл екеуінен өзгеше. Оның басты себебі – романда суреттелетін уақыттың тым ықшамдылығы және бүкіл оқиғалардың Кенесары төңірегінде, ол бастаға ұлт-азаттық күрес айналасында тығыз шоғырланған. Мұнда автор көтерілістің басталып, өріс алып, трагедиялық жолмен басыоуын хронологиялық жолмен баян етеді. Романда көтеріліс оқиғасынан тыс өрістеп отыратын қсалқы сюжеттік желілер аз. Тіпті өзінше өрбіп отыратын сюжеттердің өзі Кенесары алдынан келіп шешімін тауып отырады.
«Көшпенділер» тәрізді көлемді шығармалардың композициялық құрылымы да аса күрделі. Оны белгілі жүйеге салу да қиын. Ең алдымен трилогияда баяндау, сипаттау сияқты элементтер өте басым.
Трилогия композициясының босаңсытып жіберген тағы бір жәйі оқиғалардың тым қоюлығы, кейіпкерлердің әдеттен тыс молдығы.
Түйіндей айтқанда романдағы композициялық элементтердің қай-қайсысы болмасын автордың негізгі идеялық ұстамына бағынады. Ал, автор болатын болса, белгілі дәрежеде кезеңдік тарихи шындыққа, сол кезең жайында жинақталған мағлұматтарға тәуелді.
Көркемдік әлем адамзат ғұмыры тәрізді белгілі уақыт пен кеңістікке өтпек. Әсіресе, көркем шығарманың кеңістік пен уақыт категорияларын сипаттаудағы өзіндік заңдылықтарын ашу аса зерделілікті, қырағылықты қажет етеді. Аса күрделі құрылымға ие роман тәрізді шығармаларда авторлық оймен үндестік тауып отыратын уақыт – туындының тұтас, күрделі сюжеттік композициялық құрылымымен, баяндау формасымен тікелей байланысты болады.
Біз сөз етіп отырған «Көшпенділер трилогиясындағы» уақыт шегін XV пен XІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихы деп шектеуге болатын сияқты. Шығармадағы көркем уақыт типтерінің ішіндегі дәстүрлі формасының бірі – тарихи уақыт. Күрделі романдық формаларда негізінен терең реалистік көрікке ие болады. Әсіресе, тарихи романдарда ол ең басты принцип болып табылады. Бір қарағанда «Көшпенділерде» тарихи оқиғалар уақыт жағынан тым нақты суреттелетін тәрізді. Тіпті оқиғаның жылы, айы, күніне дейін нақты көрсетіледі. Мәселен, «бір мың екі жүз отыз бесінші жылы, яғни мешін жылы, Қарақұрымға бағынышты елге жар салып, Үгедей бүкіл Шыңғыс ұрпағын жиды». Дәл осы кезде, яғни хаджри есебі бойынша сегіз жүз жетпіс төртінші, тышқан жылы елу жеті жасар Әбілқайыр ханның өзі жүз мың әскерімен Моғолстанды шаппақ болып, Үргеніш тұсынан шығыпты. Мұндай нақты даталар әсіресе, «Қаһар» романында мол. Тіпті онда Кенесарының хаттарының жазылған уақытына дейін анық айтылады. Өйткені бұл қазғалыс жөнінде деректер өте мол еді.
«Алмас қылышта» уақыт тым тез жүреді. Роман басындағы уақыт қалыпты, байсалды қалыппен басталғандай болып, Әбілқайыр ұлысында тартыс баяндала келеді де, кейін қазақ хандығы өзінше отау тіккеннен кейінгі кезең тым жедел үрдіспен баяндалады.
Демек, тарихи уақыт категориясының да көркем шығармада көрініс табуы авторлық көзқараспен, мақсат-мұратпен тығыз байланысты. Тарихи уақытты жеделдету іріктеп, басты кезеңдерін қамту немесе белгілі оқиға төңірегінде уақыт ағымын барынша кең қамту автордың еркіндегі нәрсе. Оның әртүрлі көріністерін біз көшпенділердің үш кітабынан аңғарамыз.
Әрине, «Көшпенділердегі» тарихи уақыт шегі кітаптағы негізгі оқиғалар өтетеін шекпен өлшенеді десек, қателеапеген болар едік. Автор белгілі кезеңдік жағдайды суреттей отырып, бірде өткен тарихқа, кейде алдағы кезеңге де ой жүгіртіп отырады. «Көшпенділерде» әсіресе өткенге көз салу өте мол. «Көшпенділер» романында реторспекциялы уақыт алуан түрлі формада көрінеді. Автор кейде бірнеше ғасыр өтіп кеткен кезеңге бүгінгі күннің тұрғысынан қарап, оны екшеуге тырысады, немесе кейіпкердің ой-дүниесі арқылы кеше ғана өткен ата-бабасының істеріне талдау жасайды. Кейде қаһарман өз басынан өткен тарихи жағдайлар арқылы да өткенге оралады. Романдағы тарихи оқиға әрқашан өткен уақытпен бірге өріліп отырады. Жазушы ұғымында уақыт шексіз.
«Көшпенділер» трилогиясындағы уақыт мәселесі сөз жоқ күрделі мәселе.
Көркем шығармадағы уақыт мәселесін зерттеудің қиындығы сонда, оны өмірдегідей сағатпен өлшеп, күнмен белгілеп, ғасырмен мөлшерлеуге келмейді.
Трилогиядағы негізгі кеңістік бірлігі де бірден-бір нақтылана түседі. Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кеңістік өлшемі сол ел мекен еткен төңіректе, былайша айтқанда, қазақ халқының жер үшін жүргізген шайқастарымен бірге өрітсеп отырады. «Тағы үш жылдан кейін Керей қайтыс болуы, Жәнібекті хан етіп ақ киізге көтергенде қазақ рулары бастары бірігіп, Шу, Талас, Сарысу, бүкіл Көкше теңіз бойын Дешті Қыпшақтың солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл өзендеріне дейін тегіс алып болған еді». Міне, қазақ жері осылайша өз іргесін кеңейте берді де, «Алмас қылыштың» соңында тұрақтанды. Ал, «Жанталас» пен «Қаһардағы» негізгі желі осы жер үшін болған шайқастар төңірегінде өрлейді.
Ойымызды қорыта келгенде, «Көшпенділер» трилогиясының көркемдік құралдары жазушының өзіндік қол таңбасын танытатын ерекше жүйе құрайды. Жоғарыда талдау жасаған сюжет пен композиция, типтік характерлер мен жағдайлар, уақыт пен кеңістік тәрізді көркемдік жүйенің құрамдас бөліктері өзара іштей тұтас құрылым түзеп, бір мақсатқа бағындырылған. Ол халық тарихын елдің ерлік шежіресін бүгінгі ұрпаққа мүмкіндігінше кеңірек таныту, оқырман көз алдында өткен заманның толымды картинасын жасауды мұрат тұтқан авторлық мақсат.