Іле ойысында өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісінің қарқынды өсуіне байланысты табиғи ортаға антропогендік әсердің дәрежесіде өсуде.
Қоршаған ортаны ластаушы көптеген көздердің ішінен негізгілері болып өнеркәсіп кәсіпорындары, транспорты мен ірі ауыл шаруашылық объектілері (мал шаруашылық кешендері, тауық фабрикалары, суармалы жерлер) жатады. Ластаушы заттар қоршаған ортаға әртүрлі жолдармен келіп түседі, атап айтсақ; кәсіпорындардың газ шандары, мотор түтіндері, өнеркәсіптік, коммуналдық және ауыл шаруашылық ағын сулары, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың төгілуі, игерілген жер массивтеріне тыңайтқыштармен ұлы заттардың себілуі. Осындай жолдармен қоршаған ортаға ластаушы заттар кеңінен таралады, олардың арасында жоғарытоксикологиялық компоненттерде кездеседі. Ортаның ластануына әсер етуші осы факторлармен қатар жер жыртуда топырақ қабатына әсер етуін ескермеу, сонымен қатар суды мезгілсіз, себепсіз қолдануларда қоршаған ортаға үлкен әсерін тигізуде.
Кәсіпорындар мен қалдықтар қоймаларының учаскелерінде топырақ пен беттік сулардың сол жерді ғана ластаса, атмосфера жер бетінің кэптеген жерін ластайды, бірақ ластау дәрежесі томенірек болады.
Геологиялық ортаның ластану процесі топырак пен беттік суларға ластаушы заттардың келіп түсуінен басталады. Содан кейін ластаушы заттар аэрация зонасындағы тяу жыныстарына таралып, одан горизоттардағы суларға түседі.
Іле ойысьшда ауыл шаруашылығы (егін шаруашылығы және мал
шаруашылығы), балық аулау дамыған, жеке өндіріс объектілері
орналасқан, сонымен қатар гидротехникалық құрылыс комплексімен ірі суландыру массивтері (Шеңгелді, Жаркент жөне т.б.) шоғырланған. Бұл территорияда көптеген қалалар, қала типтес поселкелер,поселкелер орналасқан. Алматы,Қапшағай,Жаркент, Шелек, Шарын, Шеңгелді және т.б. ірі қалалар мен қала типтес поселкелердегі
құрылыстар мен қатар ауылдарда ірі фундамент үстіндегі саздан және бетоннан соғылған қүрылыстар көп. Қоғамдық ғимараттар
(мектептер,мөдениет үйлері, конторлар) екіқабатты жаңада ұйымдасқан ұйымдар компактты құрылыстармен берілген.
Елді мекендердің көпшілігі қатты жабумен жабылған автомобиль жолдарымен қосылған. Жолдардың өзендермен немесе уақытша су ағыны арнасымен қиылысқан жерінде жақсартылып көпірлер соғылған. Осы аудандағы экзогендік рельефтүзуші процестік басымдау болып келетіні жағалау эрозиясы, аэрация зонасындағы топырақтың тұздануы, сонымен қатар суландыру массивтерінде топырақ пен грунтардың қайта тұздануы, су басу, батпақтану және эолдық процестері.