Іле ойысының топырақ қабаты түрлі жастағы әртүрлі механикалық және нетрографикалық құрамды түзілістерден тұрады, олар су тұтқыш аймақтардың орналасу жақындығына және беткейлік сулардың ағысына тәуелді түрде беткейлік және жер асты суларымен ылғалданудың түрлі жағдайларына қарай орналасқан.
Іле ойысының төменгі бөлігі кәдімгі шөлді аймақтарға жақындаса, ал жоғарғы бөлігінің кей аудандары далалық аймаққа кіреді.
Қаратопырақты жерлер төменгі терраса тәрізді тау етектерінде немесе тау баурайларында кездеседі. Таубаурайларын көмкерген өсімдіктер әлемі беткейлі, алуан түрлі шөпті болып келеді, сондай — ақ бұталар да кездеседі. Сары жапырақ қара топырақты жерлерден төменгі тау етектерінде кездеседі және тау етегіндегі ауданда қоңыр -сары топырақ, бетегелі аз елеулі өсімдіктер әлемінің астында орналасқан.
Сұртопырақ. Абсолютті биіктердің төмендеуіне байланысты сары топырақтар тау етегінің сұр топырағымен алмасады, бірақ олардың арасындағы шекараны нақты бөліп қарау мүмкін емес. Егерде сұр топырақты жерлерге бетегелі өсімдіктер әлемі тән болса, сондай — ақ ср топырақты жерлерде аз мөлшерде талшыбық пен ебелек аралас өскен жусанды өсімдіктер әлемін көруге болады. Өсімдіктер арасынан эфимеолер: плезмалы қоңырбас, арпабас, ұсақ көкнәрлар біршама маңызды орын алады.
Шөл даланың аймақта шалғынды — сұртопырақты және шалғындық топырақтар кең тараған, олар әсіресе бақшалық жерлерде, сондай — ақ өзендердің жайылмалық террасаларында яғни жер бетіне жер асты сулары жақын жерлер де кездеседі.
Өсімдіктерден тұратын жабынды мұндай жерлерде, ылғалды жерлерге тән; ши, мия, бидайық, жырық, топтамалары көп кездеседі. Сұр қоңыр топырақтар Жоңғар Алатауының оңтүстік баурайларындағы бөктершік жазықтар мен Бұғыты тауларының жайпақ шлейфтерінің өте ұсақ тасты, пролювиалдық шөгінділерінде яғни нағыз тасты шөлдер, мысалы: боларлық жерлерде сұрқай — қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктеріндегі ұсақ тасты шөлдердің өсімдік жамылғысы әдетте тасбұйырғыннан, кейде сирек жусан бұталары және ұсақ бір жылдық түйеқарын тұрады, кейде болмыш кездеседі /13/.
Тақыр тәріздес топырақтар және тақырлар. Іле өзенінің бұрынғы аллювиалдық жазығында, сондай — ақ аллювиалдық — атыраулық өзен жазықтарында тақыр тәріздес топырақтар таралған.
Өсімдіктер ішінен ұсақ бұталы соменкалардан, негізінен бирюктал немесе қара сексеуіл өсінділерінен тұрады.
Cop жерлер. Қазіргі кезде алқаптағы өзендермен Балқаш жағалауының көп жерлерін, өте күшті минералданған жер асты суларының жақын жерде тұздану жағдайлары есебінен қалыптасатын, тұзды топырақтар алып жатыр. Сор жерлер былай бөлінеді:
- Кәдімгі сортандар — сорсазан және де басқа сортаңдық өсімдіктер, кей кезде түйе табан өсетін жерлер.
- Шалғындық сортаңдарда тамаршек, сирек құрайлар, ажырақтар және майлы түйеқарын өседі.
- Сорланған сортандар біршама ерекше болады және де олар өсімдік еспейтін, жаз мезгілінде уақытша құрғап қалған суқоймаларының тұзды орындары.
Аллювиалдық — шалғындық топырақтар. Іле немесе басқа өзендердің жас жайылмалық террасаларында жас аллювиалды салындылар есебінен аллювиалдық — шалғындық топырақтар дамыған. Бұл жердегі өсімдік жамылғысы шалғындық өсімдіктер түрлерінен тұрады: құрай, кендір, ажырық, бидайық, сарыгүл, кершек, қияқ және тағы басқалар. Кейбір жерлердегі жайылымдарда тоғайлық ормандар кездеседі.