Іле ойысының физикалық-географиялық орыны. Іле ойысы – Жетісу Алатауы, Іле Алатауы,Ұзынқара және Шу-Іле тауларының аралығында ендік бағытта созылып жатқан кең көлемді тау аралық тектоникалық ойыс. Ойыс батысында биік емес Қапшағай горстына (776 м) келіп тіреледі. Бұл горст ойысты Балқаш ойысынан бөліп тұрады және Жоңғар Алатауын Шу — Іле тауларымен қосады. Ал, шығысында Қытай террриториясына кіріп Талкин және Чапчаль жоталарына дейін созылған.
Барлық жоталар, сонымен қатар Қапшағай горсты беткейлерімен Іле ойысына қарайды, олар жер бедерінде тік беткейлермен кемерлер түрінде көрінетін жарылу сызықтармен шектелген.
Ойыстың таумен көмкерілген жағалаулары полеозойдың күрдслі дислокацияланған массивті кристаллды жыныстарынан тұрады.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Қалқан және Ақтау тауларында көрінеді. Іле ойысының басқа аумақтары ұзақ тектоникалық майысуды дәлелдейтін мезозой —
кайнозойдың шөгінді жыныстарымен борпылдақ шөгінділерінен тұрады.
Іле ойысын Солтүстік-шығысын мен шығысында герцин қатпарлы белдеуіне жататын Жетісу Алатауы, Ұзынқара таулары, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында каледон қатпарлығында түзілген Іле Алатауы Шу-Іле тауларымен шектеседі. Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Іле ойысының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
- Материктің ішкі бөлігіндегі 43-450 с.е. аралығындағы орынының;
- дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
- оңтүстігі мен солтүстігінен биік таулы белдеулердің қоршап жатуына байланысты ауа массаларының трансфориациялануына сәйкес климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
- Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
- транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
- Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Іле ойысының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Іле ойысының ортасында Қапшағай су қоймасыі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жа- жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (150- 200 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
Іле ойысының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Іле ойысы туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың еңбектерінде кездеседі.
XlX ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Іле ойысының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады. Осы кезеңде Іле ойысын П.П. Семенов – Тяншаньский, Ш.Ш. Уалиханов басқада ғалымдар зерттеді.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедицияға Мушкетов басшылық жасады.Зерттеу нәтижесінде аумақтың геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары жөнінде маңызды деректер жиналды.1925 жылы Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Іле ойысының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді.
Қазіргі кезенде Іле ойысының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген