Жоңғар бәрпісі A conitum songorikum S
Сарғалдақтар тұқымдасы Ranunculaceae
Қазақша атауы: Бәрпі
Басқаша атауы: қасқыр тамыр, темір қалпақ
Көп жылдық өте улы өсімдік. «Аконит — Бәрпі» атауын Дмасприд берген, ол сөз Аконе қаласымен байланысты болған. Гераклдің 11 ерлігін жасаған жері осы. Геракл Аид құдайының құлы Кербер мен жекпе-жекпе шыққан. Ең соңында Кербердің үсті аппақ көбікке кенелді. Жерге төгілген көбік орнына кейін анотит аталған шөп өсіп шықты.
Әйгілі «Күресші» деп атаған жапырағының бір шағының Рим сарбазының дұлығасына ұқсастығы үшін алған.
Ежелгі аңыздарда Геката құдайының меншігі болып сналатын акониттің улылығы «анасы – у патшайымы», — дейтін оны ежелгілер. Оның уын кезінде жебелердің ұшына жағатын.
Непал қаласында жаудан қорғану үшін суды уландыратын.
Ежелгі Римде әдемі гүлі үшін үй өсімдігі үй бақшаларда өсіретін.
Атақты Ақсақ Темірдің аталы да осы шөптен болған дейді – бас киімін осы шөптің уымен жуып, кептіріп кигізген. (7 бет 26)
Бұл қатарға 300-ге жуық көпжылдық шөп түрлері кіреді. (35-28 бет)
Ботаникалық сипаттама. Ұзындығы 2 м. жететін алып өсімдік. Жапырақтары үлкен, бөлінген. Тамыры шынжыр сияқты жаңа және ескі тамыршалардан тұрады. Гүлдер үлкен, бір жерге топталған, көкшіл сия түсті. Жоғарғы жағы көк түсті тепкі тектес. Күлтесі қисық, үстінгі жағы мұрын жапқышы бар дұлығаға ұқсайды. (38, 28 бет)
Жемісі – үш жапырақты (кейде бір жапырақты). Гүлдейтін кезі – шілде -тамыз, тұқымы пісетін кезі – қыркүйек.
Өсімдік түгел улы, әсіресе тамыры. («жоңғар, есіккөл» тамыры) немесе «улы бал».
Химиялық құрамы: тамырында 1,5 % алколоид бар: аконитин, зонгорин, моноацетилзонгорин. Суда ерімейді, эфирде еруі қиын. Хлороформда ериді. Тамырында крахмал, органикалық қышқылдары бар.
Бәрпі. Aconitum, натрий енулікті көтеретін және мембраналарды тез тоқтатып токсин, сонымен қатар жүрек соғуын тоқтатып, дене жылулығын төмендетеді.
Уланудың белгілері: дене қышиды, әрбір жері шаншып, ауыз, асқазан ауырып, күйеді; дене біресе ысып, біресе суып тұрады, көз қарашығы үлкейіп, аяқ-қол дірілдейді. өкпеге ауа жетпей, адам өледі. (10, 192-194 бет) 0,003-004 г аконит адамды өлтіреді.
Қытайда оны ауыруды азайтуға қолданған. Тибет дәрігерлері оның улылығын біліп, қолдан бастап бұрын күрделі өңдейден өткізген.
Европада Бәрпінің 18 гр. Бастап қолданды.
Қазіргі кезде тамырын жүйке ауруын емдеуге, ревматизм т.б. ауруларға қолданады, антразитмикалық т.б. ауруларға қолданады. антрапазитмикалық Алланелин (37, 26-28 бет) препаратын дайындайды.
Улану кезіндегі алғашқы көмек. Ең алдымен асқазанды және іш құрылысын танинмен жуады. Құрамында белок көп сусын, қара шай береді, сонымен қатар көміртектес су, кастор майын, тері астына – кооренк, камфора атрогин жібереді.
Үлкен сүйелшөп – Chelidonvin majus 2
Көкнәр тұқымдас – Papaverace he
Қазақша атауы –
Басқаша атаулары – қарлығаш шөп, итсабын, сүйелдік, тазартқыш, сары сүттік.
Қазіргі кезде усарғалдақтың бір ғана түрі бар – үлкен, (ірі) усарғалдақ.
«Қарлығаш шөбі» атағы жайында Плиний бұлай деді: «Бұл шөп қарлығаш келгенде гүлдеп, кеткенде қурайды, оның атын хелидония дейді, хелидон – гректердегі қарлығаш аты». Осы атаумен 2000 жыл бойы белгілі болған. Тағы бір пайымдау бойынша (латын тілінен аударғанда) «аспан сыйлығы».
Орысша атаулары көбінесе шырынының түсіне байланысты ерекше түсті шырынға алхимиктер қызықты. Сары түс-алтын түстес деп пайымдады. Қазіргі ғалымдар бұл түстің шығу себебін құрамындағы қызғылт-сары түсті пигмент-каротин болғандығын дәлелдейді. Ал «ақшыл шөп» атауы Авиценкадан бастап грек дәрігерлері ХVIII ғ. дейін көз ауруларына көмектесетін қасиеттері үшін алды. Аңыз бойынша қарлығаш балапандарының көзін уларғалдақтың шырынымен емдейді екен. (22, 28 бет)
Ботаникалық суреттеу.
Көпжылдық шөптәріздес өсімдік, биіктігі 3090 см. Сабағы түзу, іші қуыс, бұтақты, сырты түк. Сарғалдақтың жапырақтары өте әдемі оюланған, жоғарғы жағы үлкендеу. (35,218 бет)
Жапырақтарын лиратәрізді – қауырсын тектес деп атайды (25, 150 бет).
Жапырақтарының ерекшелігі – екі түстілігі. Үстіңгі жағы – ашық жасыл түсті, төменгі — өкшіл балауызға ұқсайды.
Гүлдері алтын түстес диаметрі 1 см. Жетеді, 4 жапырақты ұзын гүлсабақта орналасады. (37, 171 бет). 3 – 8-ден жай шатыршада жинақталып, кішкентай гүлтекшелерде орналасасып, гүл тастағанда қалатын.
Гүлшедамынан ақырын ұрып жіберсең гүлжапырағы жоғары көтеріліп-өсімдіктің сезімталдығын білдіреді. Ылғалды ауа райы жағдайында гүлдері ашылмайды, өзін-өзі тозаңдандырады.
Гүлдерінің өмірі қысқа небәрі 2-ақ күн көктемгі күн сәулесіне шомылып сонан соң бұршаққынды қорапшаларға орынын береді. (ұзындығы 6 см, ені – 2-3 мм). Қорапшаның ішінде жылтыр қара алтынға ұқсас тұқым болады. Астынан үстіне екіге бөлініп ашылады. (6, 218 бет). әр тұқымында ақ түсті тараққа ұқсас қосымша болады. Құмырсқалар жақсы көретін дән: тек қана жеп қоймай, илеуіне тасып, жол-жөнекей жоғалтады да келесі жылы сол жерде осы өсімдік шығады. Тамыры көпбөлшектес, қысқа сырлы-қызғылт, біткен жері-сары. (37,172 бет). Гүлдейтін кезі – маусым-қыркүйек. Өсетін жері – Қазақстан, Іле Алатауы.
Дымқыл, нәрлі жерді жақсы көреді, сондықтан адамдар тұрақтайтын жерді мекендейді. Өсетін жері – көлеңкелі, баурай, алқап, шөгінді (43, 150 бет). Таулы жерде орманға көтеріледі. Көбіне топтасуы аз, тоғай болып жинақталу кездесуі. (22,392 бет)
Химиялық құрамы. Өсімдіктің бүкіл бойында алколоидтар бар: хелидопин, хелеритрин, берберин, коктизин, стилотин, сангвинарин т.б. Алколоидтан басқа сапонин, флавонид, аскорбин қышқылы, А және С витаминдері, органикалық қышқылдары – алма, лимон, янтарь. Сүттіген шырынының құрамында шайырлы заттар, майлар кездеседі. Тұқымында 68 % май бар. (13,173 бет)
Бәрпінің өзінің бактерицидтік, ауыруды азайтатын, тыныштандыратын, бұлығуға, қарсы қасиеттерімен танымал. Жаңадан алынған шырыны, сонымен қатар шөптің нәрі кейбір патогендік грибок уақ саңырауқұлақтарға қарсы қолданады. Халық медицинасында сүйел, терідегі дақтарға, қышымаға қарсы пайдаланады. (37, 172 бет)
Кейбір жерлерде усарғалдақты қатерлі ісікті емдеуге қолданған. 1869 ж. орыс дәрігері Денигенко усарғалдақтың сығындысымен қатерлі ісіктің емделгені туралы хабарлады.
А.П.Чехов, А.С.Суворовқа жазған хатында бұлай деген: «Қатерлі ісікке қарсы дәрі табылды. Денигенко міне бір жыл бойы усарғалдақтың шырынын сынап жатыр. Енді тек жақсы нәтижені оқысақ болды».
Өкінішке орай, усарғалдақтың препараттары ұзақ мерзімге шыдамады да, дәрігерлердің ықыласы болмай қалды. Қазіргі кезде усарғалдақ препараттары ісікті тоқтатады. Әсіресе терідегі және шырышты жердегі. 39, 252 бет)
Болгарияда усарғалдақ шырынының сүйелді кетіруге, Германия (Алманияда) – ауруды азайтатын, қабынуға қарсы, Польшада – тік ішек ауруына, Францияда – кіші дәрет айдатқыш, ішжұмсартқыш ретінде қолданады. Гомеонатияда да кең тараған: үгіндісі және сығындысы – инсектицид.
Дұрыс қолданбаса немесе мөлшерінен артық қолданса уланып қалу да мүмкін. Усарғалдақтың құрамында апиынды алкалоидтер бар: ОНЖ, жүректі, тегіс бұлшық еттерді ең адымен тоқтатады. Гомохалидотен – күшті анастетик, тырыстыратын у.
Өсімдік өте улы. Жинаған кезде қолмен көзді бетті ұстауға болмайды.
Усарғалдақтан бау-бақшадағы зиянкестерге қарсы ерітінділер дайындайды. Бұл ерітінді құрттардан, көбелектерден, кесіртке (медицина), қалқанша (шитовки)лардан қорғайды.
Қорғасын метал өңдеуге қолданады. оның шырынын металды қарайтуға, өңдейге қолданады.
Апиын көкнәрі. Papaversomniferuml көкнәр тұқымдасы Papaveraceal.
Латын «papaver» атауы грек тіліндегі «pavas» сүт дегеннен шыққан, себебі өсімдік түгел сүттегінді.
«Sommfcpum» — ұйқы келтіргіш деп аударылады. Орысшасы славяндық «magh» — ұсату, ұнтақтау деген сөзден шыққан (тұқымдарының ұсақтығына қарай).
Аңыздарда апиын ұйқы өлімді бейнелейді. Ежелгі гректер Аид патшалығында 2 ағайынды тұратынына сенетін. Гипнос – ұйқы және түс құдайы, Танат өлім құдайы. Гипностың басында атын тәжімен бейнелейтін. Христиан аңыздарында апиынды бейкүнә қайтыс болған адамның қаны деп айтылған. Ең алғашқы апиын керілген христостың қаны тамған жерден шығып, содан бері адам қаны төгілген жерге өседі-мыс. (36, 149 бет)
Ботаникалық сипаттама.
Өңделетін бір жылдық мықты өсімдік (10-15см) ақ түсті сүттігенімен, жапырақтары үлкен, найзатістес немесе кесілгендей. Үлкен төртқалақты гүлдері әртүрлі болады: ақ, қызыл, күлгін, Тәттінің ауыз жағында – үлкен қара дақ, күңгірт түстілерінікі – ашыл. Жемісі – аналық аузы қатты қорабша. Гүлдейтін кезі – маусым. Тұқымы пісетін кезі – шілденің аяғы, қыркүйектің басы.
өсімдік түгел улы – ең улы піспеген қорабша (10,80 бет)
20-дан астам алколоид құрамына кіреді: морфин, кодеин, папаверин, тебани, пропарин, лауденин т.б.
Морфин – есірткілік анальгетик ауыруды тез тоқтатқыш ерекшелігі бар. Ұдайы қолданған жағдайда нашақорлыққа душар болады. Мөлшерінен артық қолданса дем алу жолдарын қабып, тоқтатуға дейін барады.
Папаверин – тырысуды тоқтатады және тамырларды кеңейтеді.
Тебани, лауденин және кратогин – тырысқақ улар. Негізгі белгілері – жүрек көтеріліп, құсды бас айналады, қан қысымы төмендейді, елестер пайда болып, адам есінен танады. Қауіпті – дем алу қиындайды. (35, 228 бет)
Орта ғасырларда апиынды көзбояушылыққа пайдаланған. Апиын алу Гиппократ заманынан белгілі. Орта ғасырда апиын дәрі болған, тұқымын тамаққа қосқан, себебі құрамында қант, май, белок көп.
Халық медицинасында апиынды жиі қолданбаған. Көбінесе – апиын суын немесе сүтін адамды тынықтыру немесе ұйықтату үшін.
Қазіргі медицина апиын препаратын ұйықтату, жөтелге қарсы қолданады. Апиын қорапшалары морфин алколоидтерін алуға пайдаланады.: кофеин, папаверин т.б.
Қазақстанда апиын өсіруіне тыйым салынған. Күзетілетін аймақта медициналық қажеттілікке ғана өсіріледі.
Қараалқа. Solanum Nigruml
Қараалқа тұқымдасы. Solanaceal.
Бір жылдық шөп. Сабағы 15-70см. Биіктік, тік, бұтақтай тармақталған, астыңғы жағы – цилиндр – тектес, жалаң немесе азқап түбіттенген. Жапырақтары кесінді тіліктері жұмыртқа тәріздес немесе томпақ-қалқанша сияқты топтасқан. Жемісі – тар тәріздес жидек, түсі қара, жасыл.
Қара түсті қараалқаның жемісінен басқа жерінің бәрі улы, барлық жерде өседі: арықтың жиегі, жол жағасында, қоршаудың жанында, қоқыстарда. (43, 142 бет)
Жемісінің құрамында аздаған салонин бар, пістегендерінде көбірек. Соланин – улы гликоалколоид. Тармақтарында саногин бар.
Жас жапырақтарында алколоид аз болғандықтан кавказдың кейбір жерлерінде салат жасайды.
Жемісін көп жесе уланып қалуға болады. Тармақшаларында гликоалколоид, илеуіш қышқыл (6%) болады. Қараалқа ғылыми медицинада қолданбайды. Халық медицинасында – жүйке ауруын да, талма, бас ауруы, тырысқақта қолданады. (31,18 бет)
Диоскрид асқазан және өңеш күйген жағдайларда пайдаланған. Ежелгі басқа дәрігерлер тыныштандыратын дәрі деп санайтын.
өсімдіктің ауыруды азайтатын әсерлі болғандықтан ежелгі заманда операция алдында анестезия ретінде қолданған. (49, 101 бет) Өзбекстанда жас жапырағын жарақатты тез жаздыратын әсері үшін бағалайды.
Біскен жемістерін тамақ ауруында және дифтерияда қолданады. (37, 40 бет)
Қара меңдуана. Hyoschyamus nigerl
Алқа тұқымдасы Solanaceal
Ежелгі заманнан бері қара меңдуана улы өсімдіктердің бірі болып саналады. 1000 жыл бұрын Ибн Сина (Авиценна): «Меңдуана –у, оны ішкен адам есінен адасып, тынысы тарылып жанданады», — деп жазған. Елестер шақыртатын, әсері үшін оны диуана майымен бірге красавка сығындысымен қосып қолданған. Адамның терісіне жағылған майы түрлі елестерді көз алдыға әкелетін. Ежелгі батыс елдерінде ерекше сарбаз – құлдарды соғыс алдында меңдуана шырынын ішкізіп ештеңеден қорықпайтын қасқыр сарбаздар дейтін, себебі қару қолданбай-ақ жауларын қалқандарымен қырып тастайтын.
Ботаникалық сипаттама. Ұзындығы (1 м) жұмсақ жүктелген 2 жылдық ойылған құс қауырсынды жапырақты өсімдік. Бірінші жылы тек түбіндегі жұмыртқа тәріздес немесе сопақша бір жерге жиналған жапырақтары болады. Екінші жылы жуан бұтақты сабақ өседі. Сабақтағы жапырағы ақшыл, қою-жасыл, төмендей келе ақшыл, сопақ, қою-жасыл, төмендей келе ақшыл, сопақ, ойылған, бір қатарлас, жартылай сабаққа оралған. Төменгі жапырақтары қалемшеде (37, 192 бет). Жапырағы, сабағы жабысқақ қатты шаш тәріздеспен қапталған.
Гүлдері аздап зигоморфты, отырыңқы, оюланған, сары, қою сия түсті болып келеді. Гүлдері оралыңқы келеді. Жемісі – қорапта, үстінен қақпашасы жауып тұрады, іші толған қара тұқым, піскен де қақпағы ашылып, тұқымы жерге шашылады.
Жануарларды қорқытатын ерекше иісі бар. (47, 36-37 бет) Гүлдейтін кезі – маусым-шілде, тұқымы шілде-тамыз айында піседі, арамшөп, кез-келген жерде өсе береді.
өсімдік түгел улы. Кептірген, пісірген, қайнатқан жағдайда улылығын жоғалтпайды.
Есі ауысқан адамды «меңдуана жеген» деп айтады. (25, 40 бет)
Өсімдіктің құрамында уытты алколоидтар бар: атронин, скотоломин. Атрогиннің тырыстыру қасиеті бар: ішқұрылыстың әрекетін баяулатады. Көкбауырдың, кеңірдек таралымының, өт жолдарының функциясын тоқтатуға дейін барады. Ерекшеліктері – жүректің қатты соғуы, сілекей, тері, жас шығатын бездердің функциясының төмендету. Скотоламин мөлшерлі өлшемде адамды ұйықтатады. (35, 187 бет).
Албания (Германияда) орта ғасырларда ішімдікті күшейту үшін меңдуананың тұқымын салған, бірақ уланған жағдай көп болғандықтан, қосуға тыйым салынды.
Ежелгі Египет, Грекияда «Компресс (қыздырғыш) ауруды тоқтатады.», — деген Диоскрид. Қазіргі кезде меңдуана майын қолданады. Меңдуана жапырағын демікпеге (астыма) қарсы пайдаланатын препараттардың құрамына қосады. Меңдуана препараттарын асқазан, бас, ащы ішек, жүйке, буын, бұлшық ет, ауырғанда пайдаланады.
Қазіргі формоналогия меңдуана сығындысын шығарады – құрғақ ақшыл-сұр немесе сұр түсті үгінді. Меңдуана майы – жасыл, сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар сұйықтық. (37, 194 бет)
Уланғандағы алғашқы көмек. Асқазанды марганец немесе активтенген көмір мен жуады. Тері астына 1 мл. пилокарпин ерітіндісі, физостинмин (1:1000) ерітіндісі, 0,5-1 мг. морфин басқа – суық су, мұз. Кофеин, камфора. Хлор альгидраттан клизма қояды.
Сасық меңдуана — Datura stramanional.
Алқа тұқымдасы — Solanaceal.
Тұқымдық «Datura» деген атауы араб тілінен аударғанда «таторах» — шаншу, түйреу деген мағынаны білдіреді, меңдуананың жемісіндегі тікенекке байланысты. «Сасық» деп өсіп келе жатқан өсімдіктің жағымсыз иісіне байланысты шығар. Орысша «дурман» — ақымақ деп атау себебі меңдуана адамды масайтып, ғажайып, қияли елестер көрсетеді.
Сасық меңдуананың құрамындағы уытты заттардың ықпалына көп көңіл бөлген. Ежелгі Индия (Үндістанда) «қанішерлерді уландыру» деген мамандық болған, бірақ көбінесе естен тандыру үшін пайдаланған, ХVI ғ. Вена қаласында есірткі ретінде пайда болды. Тұқымын шоққа тастап жіберіп иісіне уланып, естерінен айырылатын Араб елдерінде меңдуананы темекіге, ішімдікке қосып адамдардың есін ауыстыруға тәтті қиялға беріледі.
Кәдімгі меңдуана – бір жылдық, иісі жағымсыз, тік сабақты 40-100 см. биіктігі, жұмыртқа тәріздес жоғарғы жағында үшкірленген, қалақшасы 7-20 см., төменгі жағы солғын, үстіңгі жағы жасыл. Гүлдері үлкен 7-12 см., бөлек әр бұтаққа түзу, тік жоғары қараған үлпілдеген гүлсағақта орналасады. (19,113 бет)
Тостағаншасы қуыс, бес бұрышты 4-6 см. Тәтті ақ, воронка тәріздес, өте ұзын түтікше қысқа қайырылған бес тістен тұрады. Жемісі – үлкен тік тұратын жұмыртқа тәріздес диаметрі 4 см. қорапша, сырты қатты тікенекпен қапталған. Гүлдейді – мамыр-қыркүйек, жемісі шілде-қыркүйекте піседі.
Сасық меңдуана таулы аймақтардан басқа жерде өседі. (43, 188 бет)
Бұл арамшөп адам тұратын қоқыс, бақша, жол шетінде, алқаптардың шетінде де өсе береді. Ылғалды, борпылдақ, жұмсақ жерді жақтайды. Кейде тоғайланып кетеді. Бұл өсімдіктің мәдени түрі де кездеседі. Тұқымы, өсімдіктің өзі де уытты.
Өсімдіктің барлық жерінде, жапырағында 0,2-0,6 % алколоид бар. Құрамында тосциомин (50-80%), скополамин, жанамы алколоидтар: куксгегрин, атропамин, метолайдин, никоти; сонымен қатар, жапырағында 7,7 флавонид (кверцетин, рутин), 1,5% илеуіш заттар, 0,1% каротин бар. тұқымында да алколоид құрамы осындай. Тамырындағы, сабағындағы, қорапшасындағы токнацилин мен скополамин құрамы жапырағындағыға қарағанда аздау. (40, 62 бет)
Шикізат ретінде жапырағын қолданады. Жинау кезінде өте абай болған жөн, себебі өте уытты. Меңдуана ежелгі заманнан белгілі. Кейбір бөліктерін дұрыс қолданбағаны үшін (тамаққа қоспа) уланған жағдайлар көп болған. 1676 ж. Джон Смитт басқарған ағылшын теңізшілері меңдуанадан қоспа жасап жеп уланған. Бірақ уақыт өткеннен кейін ағылшын сарбаздары алабота екен деп жеп, уланған. (19, 15 бет) Көбінесе улану өзін-өзі емдеуде сусын тұнбасын ішкенде болады.
Уланған жағдайда тері қызарып, көз қарышығы ұлғаяды, ОЖЖ (ЦНС) бүлінуі: емдеу, сөз бұзылу, естен тану (44,101 бет).
Уыттылығына қарамай өсімдік медициналарда қолданады. Дәрілік қасиеті ежелден белгілі. Ежелгі үнді Сумрут жинағында да емдік қасиеті туралы айтылған (б.з. 11 ғ.) Ибн Сина: «Бұл у тілді байлайды, жемісі жаңғаққа ұқсайды. Сырты жуан қысқа тікеншекпен қапталған. Жемісі «масаттайды», миды зақымдайды. Бұл жемістер – жүрек жауы» (37, 77-78 бет).
Қазіргі медицинада ауыруды азайтуға қолданады. Өкпе ауруы, жөтелге қарсы, тырысқақ ықылық тигенде, жүйке жүйесі ауырғанда. (7, 20 бет).
Препараттарын тек дәрігермен кеңесіп қолдану керек, артық ішсе улану мүмкін.
Ақшаған.Dіctamnus angustifalius
Руталар тұқымдасы. Rutaceal
Ұзын бойлы (50-80 см.) безді бұтақты, өткір тісті көпжылдық өсімдік. Сабағы аздап түбіттелген, жапырақтары үлкен, жалқы қауырсынды, жапырақшалары сопақ немесе ұзын эллипс тәрізді. 5-10 см. ұзындық. 2-3 см ені, соңында созылған, үшкір, шеті ұсаққара тамырлы жапырақтары, сіпсебас білезікке жинақталған, жапырақшасы ұзындау, ланцет тәріздес (3,5-4,5 см.) үшкір немесе тұйықталған. Жемісі – жұлдызша тәріздес қорапша. Гүлдейді. Сәуір-маусым жемістері тамыз-қыркүйек (35,255 бет) айларында піседі.
Ақтаған дала, бұтақшалардың ішінде, шөпті-жерде өседі. Шашыраңқы кездеседі.
өсімдік түгел уытты құрамында алколоид (диктамин және скиманин) ұшта май бар. Эфир майы жергілікті – қозғыштық. әсерлі. Табиғатта жануарлар тиіспейді. Гүлдерін жұлғанда теріні күйдіреді. Алматыға келген қонақтар білмей кейде ақтағаннан «таяқ жегей» әдемі гүлшоғын жинаймын деп ұзақ уақыт жазылмайтын жараға ие болады. Қолды күйдіретін диктамкотоксин, оны өсімдіктің ткандері бөледі. Безор талшық өсімдікті түгел жауып тұр. Лупамен қараса кішкентай шеті қайырылған шыны сауытты еске түсіреді. Қолың тиіп кетсе нәзік шынылар сынып, ретортаның ішінде төгіліп, қолға тиеді. (7, 48 бет)
Дене сол кезде күймесе де келесі күні қол-аяқ бетте күйген дақ пайда болады. Ең алдымен жай дақ, кейін үлкейіп жазылмайтын жараға айналады.
Эфир майлары ақшағанның жасушасында пайда болады. Күн ыстықта көп балағанды сонша аза дірілдей. Осы кезде жанып тұрған сіріңкені жақындатсаң бүкіл өсімдік жанады. От өшкенде түк болмағандай ақшаған гүлдеп тұра береді. (33,26 бет)
Убалдырған- Conium makulatum L
Шатырша гүлділер тұқымдасы- Umbelliferae (Apiaceae)
Ұзын сабақты (60-180 см)тышқан иісті екі жылдық өсімдік. Сабағы қуыс, жіңішке бороздалы, жалаң, жоғарғы жағы қалқанша сыпыртқыға ұқсап, төменгі жағы және ортасында қою-қызыл дақты, жапырақтары үлкен, екі-үш құсқауырсынды, тамырға жақын жапырақтары ұзын бұтақтарда, сабақтағы жапырақтары қысқа қынапты. Гүлдері ұсақ, ақ, 10-20 тал жалқы жайылған қисық сәулелі шатырға жинақталған.(38,184 бет)
Убалдырған- арамшөп, жол жиегінде, бақшада, алқаптарда, тау етегінде ылғалды жерлерде өседі.
Ботаникалық атауы-кониум;-грек тілінен аударғанда «коне»- өлтіру деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грекияда өлім жазасына кесілгендерді осы убалдырғанның және апиынның қосындысымен уландырған. өсімдік улы (уытты)(мах- піспеген жемісінде, сабағымен жапырағында аздау) ког—
Конгидрин, псевдоконгидрин бар.кон—— никотин тәріздес, аз мөлшерде бұлшықеттердің қызметін төмендетеді, көп болса- тірек жансыздану. Артық мөлшерде: қан қысымын көтереді, жүрек соғысы ұлғаяды, кей кезде дем аламай қалады.(32,192бет). Ірі қара аш болса улануы мүмкін. Ең қызығы ұбалдырғанның шөбі қараторғайға зиян келтірмейді.
Убалдырғанды халық медицинасында қатерлі ісік, әйелдер ауруын, гомеопатияны емдеуге қолданады.
Алғашқы көмек. 5-10% тұз қышқылын қабылдау қажет. Жүрек ауыру дәрілерін береді. Убалдырғанның алколоидтары тамен қоспасымен қиын еритін қоспалар тудыратын қанға сіңбейді.5% тамен ерітіндісін ішіп жіберге ко— қанға жетпейді.
Активтелген көмір, іш жүргізетін дәрі ішкізеді. Кофели, сприхнин, таза ауа, жылы.
Утамыр, улысасыққурай- Cicuta vizobal
Шатырша гүлділер тұқымдасы- Apiaseae
Цикутат грек сөзі «сусin»-бос деген сөзден шыққан. Көпжылдық түйнекті (70-130см)( іші қуыс, көпкамералы, көлденең қалқалы) тамыршалы өсімдік. Жапырақтары үлкен,2-3 құсқауырсынды, екі жағы жалаң, бозғылт, тамырға жақындары-ұзын, қуыс сабақта, сабақтағы жапырақтары жатыңқы. Гүлдері ұсақ, ақ. Бұтақтың басында күрделі шатыршаға жинақталған.
Жемісі- егіз домалақ тұқымды.Өсімдік (әсіресе тамыры) петрушка иісті. Іле Алатауында ылғалды сай, тау етегінде кездеседі.(43,186 бет) Утамыр хош иісті, тамыры тәтті, тарка немесе шайырға ұқсайды.
өсімдік түгел уытты, әсірісе тамыры. 2-3% құрайтын сары сағызша цикутотоксин негізі улы зат. Цикутотоксин қанға тез тарайды да,ОЖЖ бұзады, жүру қиындайды,қан қысымы төмендейді.
Утамырдың тамырынан жаңадан алынған препараттар аз мөлшерде гомеопатияда, қояншық ауруында, туғаннан кейінгі тырысқақтыққа қолданады.(14,45бет)
Меруетгүл – Convallarin maialis L
Лалагүлділер тұқымдасы- Liliaceae
Меруертгүл латын тілінен аударғанда мамырда гүлдейтін « дала лаласы» деп аударылады. Орысша аты түсініксіз. Бірнеше баламасы бар. «Тегіс»- жапырағының тегістігі үшін, ладан( хош иісті қара май)- гүлінің хош иісі үшін, поляктар «ланнің құлағы» (бұғының бір түрі)
әдемі көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі туралы аңыздар көп. Баяғыда германдықтар меруерт гүлін күн құдайы Остараға бағыштаған,көктемде мейрамдайтын Остери мерекесі. Францияда «Меруерт мейрамын» мамыр айының бірінші демалысында тойлайды.
П.И.Чайковский: «Мен гүлдің патшасы деп меруерт гүлін айтар едім, мен бұл гүлді ерекше жақсы көремін, осы гүлге арналған өлеңдер көп.»(26,122-125 бет)
Мамырлық меруерт- шөптәріздес көпжылдық өсімдік.(15-20 см) Жер астындағы бөлігі жанама тамыры көп тамырша системасын құрайды. Тамырлары көлденеңінен- ұзыншақ, тігінен- қысқартылған түйіншек. Бас жағындағы бүршігі бір жылдық мұртша жібереді-қысқартылған 3-7 төмендік қабыршақталған 1-3 жасыл жапырақты, қынаптары оратылып жалған сабақты құрайды. Жапырақтарының пластикалары(табақшалары) эллипс тәріздес, үшкірленген. Гүлтекшесі жоғарғы қабыршақта орналасқан, гүлдері біржақты, қарапайым: 3-13 ақ гүлдер, шеңберлі-сақиналы 6 қысқа тісті, тәжілі.
Жемісі- шар сияқты алқызыл жидек. Меруерттің өскіні сәуір-мамыр аралығында.меруертгүл жапырағының бір-ақ генерациясы 3-4 айға барады. Гүл бүршігі келесі жылы өсуге дайындығын осы жылғы шілде айынан бастайды. Күзде гүлшоғы толық дайын. Мамырдың аяғында, маусымның басында гүлдейді. Мерзімі-15-20 күн. Әр мұртшасы бөлек гүлдейді,арасы- бірнеше жыл.(22,183 бет) Май меруертгүлін насекомдар тозандырады,желмен де тозаңданады. Жемісі тамыз- қыркүйекте піседі. Көбінесе вегетативтік (мұртша) әдісімен көбейеді. Бір жылда 83 см дейін жайылады, тамырының өмір сүру мерзімі-43 жыл.
Іле Алатауында таулы аймақтардан басқа жерде өсе береді. Көбінесе мәдени түрде кездеседі. Өсімдіктің өзі де, жемісі де улы. Құрамында 8-ден астам жүрек ауыртатын глюкозид негізі: валлотоксеин, конваллозид. Тамырында конвалломарин бар. меруертгүлдің денесінде сапонин,эфир майы, крахмал, қант, аспарагин, алма, лимон қышқылдары бар. меруертгүл глюкозидтарының әсері төмен. Сапонин конвалламарин іш құрылыстың қырындысын бұзады, бүйректі ауыртып, тышқақ жасайды. Жидегін жеп, препараттарын мөлшерден артық қолданса адам уланады. Меруертгүл тұрған суды ішсе де уланады.(44,221 бет)
Ежелгі кезден қазіргі уақытқа дейін медицинада қолданылып келе жатыр. Коперник ғалым емес, емші де болған. Тірі кезінде салынған суретінде меруертгүл ұстап тұрған ғалым бейнеленген. Бұл гүлдің емшілік белгісі еді. XVIII ғ. басынан бастап меруерт суын дайындау рецепті сақталған. Ұлыбританияда «алтын су» атты сығындыны жүйке жүйесін, бас ауруын емдеуге арналған.
Қазіргі кезде меруертгүлдің препараттарын қан айналымының бұзылуында, жүректің жұмысы нашарлауында, жүйке жүйесін емдеуде қолданады.
Кенеқұнжұт –(кастор,чакча, канакунджут) Ricinus communis L
Сүттігендер тұқымдасы- Euphorbiaceae
Бір жылдық, жалаң, көгілдір түсті түгі бар бұтақты өсімдік.(15,190 бет). Сабағы қуыс, биіктігі 2м-ден көп. Жапырақтары үлкен, ине-қалаңма тәріздес, ұзын сыбызғыдай сабақты, шеті тістелген ұзыншақты бөліктен тұрады. Гүлдері аталық-аналық, бірүйшікті, жоғарғы тік тұратын шоқтықта, астында- тозаңдаттырғыш, одан жоғарырақ- аналық гүлдері. Жемістері шар тәріздес сырты ұсақ тікенекпен қапталған қорапша. Тұқымдары үлкен,аздап қысыңқы, үлкендігі түрі бұршаққа ұқсайды. Кенеге ұқсас болғандықтан кенеқұнжұт деп аталады.
Кенеқұнжұт Қазақстанда майлық және сәндік өсімдік ретінде суармалы жерлерде кездеседі. Алматының төңірегінде күнгей Алатауында кездеседі. Гүлдеу мерзімі өскеннен кейінгі 40-45 күндер, бір ай гүлдейді.(43,215 бет) Тұқымдары улы. Глюкопротеин – рицин алколоиды — рицинин улық қасиетін көбейтеді. Рицин-жасушаларды ыдырататын у. Жас балаға бір тал дән, ал үлкен кісіге- 8 тал улануғу жеткілікті.
Бұл өсімдіктің тұқымынан өте қажеттікастор майын дайындайды. Медицинада оны іш жүргізуге қолданады. кастор майын зауыттарда тұқымдарды пірестеу (қатты басып, мыжу) арқылы алынады.Сыққан кезде улы рицин қалдықта қалып қалады, ал майда азырақ қалады. Медицинада қолданатын май арконты өңдеуден өтіп, рицин жайылып кетеді. Кастор майы- техникада қолданатын май.
Еркек усасыр – Druopteris filix-mas Schat
Кәдімгі папорниктер тұқымдасы-Polupodiaceae
Латын атауы грек сөздері:prepis – емен,drus – «папоратник», «қырыққұлақ». Рrepis – pte ron-қанат, қауырсын деген мағынаны білдіреді. Нақты аты- емен орманындағы «қырыққұлақ» деуге болады.
Христиан дінін қабылдағанға дейін Ресйде қырыққұлақ найзағай құдайы Берунға бағышталған. Бұл өсімдіктің ерекшелігі: гүлін ешкімге көрсетпейтін. Демек, өсімдік гүлін көрсетпесе, мұнда бір құпия сыр бар. сонымен аңыздар көбейе бастады. Кенедән Иван Купала (7 шілдеде) гүлдеп, тығып қойған қазынаға жол көрсетеді. Иван Купала түніне қарсы ауылдағы жастар орманға барып гүл патшасын іздейтін. Бір қызығы мұндай сенім тек славиандарда ғана болған жоқ.
Кенедән- көпжылдық спора өсімдік, биіктігі 40-100 см тамырлары үлкен, қисық, сұр түсті. Жыл сайын жоғарғы жас бұтақтан екі қауырсынды жапырақтар шоғы шығады.(26,261-263 бет) Бұтағы және негізгі тамырлары қалақша тәріздес ақшыл сұр қабықпен жабылып тұрады. әр жапырақ ұзыншақ, 40-100 см, қою-жасыл, эллипс тәріздес, 2 қауырсынды. Бірінші қатардағы- түзу, қалақшаланған, ұзыншақ, қысқа сабақты, екінші қатардағы- созыңқы, бас жағы домалақтанған, шеті өткір тісті. Жас жапырақтары ұлу тәріздес, сырты ақшыл- сұр қабықты. Жаздың ортасында төменгі жағында (жыныссыз көбею) спорашілер дамып, топтасып жуан планцетада үйіліп екі қатарға тізбектеліп қабықты, бүршікті бүркеншекпен жабылған. Спора шығару маусымның соңынан қыркүйекке дейін созылады. Пісетін кезі- тамыз- қыркүйек.
Іле Алатауында шырша, арша ормандарында кездеседі.
Бірінші ғылыми зерттеу Диоскридтен басталады. Ибн Сина ішек құртына қарсы және жараны емдеуге ұсынған. Бірақ орта ғасырда ұмытылып кетті. Дайындау тәсілдерін құпияда ұстаған. Рецептін 1775 Француз королі Людовик XVI.ғ. 18000 ливрге сатып алған. Осы уақыттан бастап өсімдік европалық фармокопияға енді. Қазіргі кезде ішқұрт (жұмыр, жылан құртқа) қарсы қолданады. Ревматизмге- шомылуға, түрлі жарақаттарға, бұлшықеттер тартылғанда. Ғылыми медицинада тамырларынан жасалған қою эфирдің сығындысы гельментке қарсы қолданылады. Тамыр уытты, флороглюциннің (филицин) филикс қышқылын, флавосиндин қышқылын, аспидинол, альбаспидин, сонымен қатар май, крахмал, илеуіш заттары бар.(35,173-175 бет)
Егер препаратты мөлшерінен артық қолданса, уланып қалуға болады. Егер адамның қан айналымы дұрыс болмаса, бүйрегі мен бауыры ауырса, асқазан жарасы, қаны төмен болса, өкпе ауруына шалдықса, жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды.
Іш дәрі- Қаражеміс- Rhammus cathamca L
Қаражемістер тұқымдасы- Rhammaceae
Көпбұтақты тікенекті 1,5-5 м бұта немесе орта бойлы ағаш. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, түсі сұр немесе қызыл-қоңыр.( жас бұтақтарда — жылтыр) басында үлкен тікенектер орналасқан. Бүршіктері тек жапырақ нышанынан тұрады да, сырты қорғансыз болады. Жапырақ нышандары өте кішкентай, жай көзге әзер көрінеді, сұрлау. Қыста да ашық тұрады, көктемде үлкейіп, жасылданып нағыз жапыраққа айналады.(36,41 бет). Жапырақтары жұмыртқа тәріздес немесе сопақ, үстіңгі жағы қою жасыл түсті, асты- солғындау, тығыз, ұзын сабақты, шеті ұсақ аралы, үшжұпты доғалы тамырлы, төменгі жағынан жақсы көрінеді. Қаражеміс басқа ағаш пен бұталарға қарағанда кеш жапырақтанады. Жаз бойы гүлдейді. Гүлдері ұсқынсыз, ұсақ, жасыл- сары түсті, төрт жапырақты, жағымды бал иісті, жапырақтардың қолтығында орналасқан. өсімдік екі бөлшекті. Бір ағашта тек аналық, келесісінде- аталық гүлдер өседі.(36,83 бет)
Жеміс-орташа жидек (6-8 мм) 3-4 қоңырқай сүйегі бар. Әр жеміс түсін өзгертіп тұрады. Басында – жасыл, қызыл, піскенде- жылтыр қара. Гүлдеуі ұзақ болғандықтан пісу кезеңі де созыңқы. Жеуге келмейді. Дәмі жағымсыз.(14,41 бет)
Ашық жерлерде, құрғақ жерде, орманның шетінде, өзен жағасында өсіп кейде тоғай (қопа) болады. Қаланы көгалдандыруға қолданады. Ең улы жері – жемісі.
Химиялық құрамы. Піскен жемістерінде актра туынды: глюкофрангумен, франгумен, франгула эмдли, флавоколдар:кварцетин, кемпферол, цианоглюкозид.
Актраглюкозидтердің іш жұмсарту (айдату) және бактерияға қарсы қасиеті бар. Көп қолданса, ағза сусыздануы мүмкін. Әдемі жеміске қызыққан балалар көп уланады. Негізгі белгілері: жүрек айну, іш бүріп ауырады, құсу, бас қатты ауырады, іш өтеді. Ағзаны сусыздандыратын сүйектен бөлінетін көгертетін қышқыл.(35,214 бет)
Емдеуге көбіне қаражемістің піскен жемісін алады. Қыркүйек – қазан айында әбден қарайып, дайын болады. Алдын-ала далада дегдітіп алады, сонан соң 50-60% арнайы кептіргіште кептіреді. Жақсы кепкен жеміс қолға жабыспайды, жағымсыздау иісті, керемет дәмді болады.
Тік ішек ауыруында (гемаррой) және дағдыланған іш жатқанда пайдаланады. Жемісінің ықпалы 8-10 сағат кейін болады және ұзаққа созылады.(16,49 бет)
Халық медицинасында жемісімен қоса бұтақтарының тұнбасын асқазан ауруында және көп уақыт жазылмайтын жараларға жағады. Сонымен қатар тұнбасын төменгі қышқылды гастритте ішеді.