Улы өсімдіктер деп, аз мөлшерде тамаққа пайдаланған кездің өзінде-ақ денсаулыққа зиян келтіре алатын өсімдіктерді айтамыз. Барлық улы өсімдіктерде улылықтың пайда болуы және удың жиналуы олардың географиялық орналасуына да байланысты болады. Мәселен алколоидты өсімдіктердің улылық мөлшері және улы қасиеттері солтүстіктен оңтүстікке қарай артатыны белгілі. Ал, улы өсімдіктердің өте көп кездесетін жерлері ол таулы аймақтар. (10, б 18) Алколоидтардың жиналу динамикасы таулы аймақтардың теңіз деңгейінен орналасуының жағдайына тығыз байланысты.
Улы өсімдіктерде улы заттардың жиналуы
- Күнсәулесінің түсу ұзақтығы және қарқындығы.
- Ауа райының тез өзгеруі.
- Ауа – райының қолайсыздығы.
Даму кезінде, өсмдіктердегі улы заттары олардың улылық қасиетттері тұрақты болмайды. Улы заттары олардың улылық қасиеттері және мөлшері өсімдіктерде белгілі бір өмір кезеңдерінде ғана көп болады. Көкнарда ең көп алколоидтар мөлшері пісіп жетілген басында емес сүтенген кезінде болады. Сол сияқты жас меңдуанадағы алколоидтар мөлшері пісіп жетілгеннен көп. Улы заттардың өсімдіктер мүшелерінде орналасуы мен таралуы әр түрлі. У – у қорғасынның тамырында меңдуананың жапырағында, меңдуананың жапырағында, ал, кәдімгі кенедәнде тұқымында улы заттар көп жиналады.
Кейде бір түрге жататын улы өсімдіктердің өзінде улы заттардың мөлшері әр түрлі және улылығының болмауы олардың табиғи өскен ортасына және өсу кезіндегі жағдайларына да байланысты болады. Өсімдік өсіп-даму кезінде денесінде (мүшелерінде), улардың (токсиндердің) жиналуы болады. Олар әр түрлі химиялық қосылыстар классына жатқызылады. Бұл заттарды – токсикология ғылымы зерттейді. Олар улы өсімдіктердің морфологиялық қасиетін, таралу ареалын, улыну жағдайын және клиникалық көрсеткішін, терапиясын (Гусынин, б 19). Өсімдіктер токсикологиясы, ветеринария және медицина ғылымдарымен тығыз байланысты улы өсімдіктердің улылығы (токсичность) олардағы химиялық улы қосылыстарына байланысты. Оларға жататындар алколоидтар, глюкозиттер, эфир майлары, органикалық қышқылдар және басқа да қосылыстар.